Мейрамхана қызметін ұйымдастыру



МАЗМҰНЫ

Кіріспе …………………………………………………………………………………………………………..3
1 Мейрамхана қызметін ұйымдастырудың теориялық негіздері ………………………5
1.1 Мейрамханалық бизнес: даму тарихы және классификациясы …………………..5
1.2 Қызмет көрсету технологиясының ерекшеліктері ……………………………………13
1.3 Мейрамхана қызметтерін басқаруда шетелдік тәжірибе …………………………..22

2 «Егоркино» мейрамханасының қызмет көрсету технологиясын талдау ………27
2.1 «Егоркино» мейрамханасының жалпы сипаттамасы ………………………………..27
2.2 «Егоркино» мейрамханасының қаржы-шаруашылық қызметін талдау ……..31
2.3 «Егоркино» мейрамханасының қызмет көрсету технологиясын талдау ……39

3. Мейрамхана қызметін дамыту жолдары ……………………………………………………46
3.1 Өндірістік және мәдени-әлеуметтік сервисті дамыту жолдары …………………………………………………………………………………………………………………….46
3.2 Персоналдың қызмет көрсету сапасын жетілдіру …………………………………….51
3.3 Материалдық-техникалық базаны жақсарту ……………………………………………56
Қорытынды …………………………………………………………………………………………………62
Қолданылған әдебиеттер тізімі …………………………………………………………………….65
Қосымшалар

КІРІСПЕ

Бүгінгі таңда мейрамханалық кәсіптің дамуы өзекті мәселеге айналды. Себебі Астана қаласында қызмет көрсету саласы, оның ішінде қоғамдық тамақтандыру саласы өте жоғары қарқынмен дамып келеді. Үш-төрт жылдың ішінде көптеген мейрамханалар мен дәмханалар ашылып, сәтті жұмыс істеуде. Ал бұл өз кезегінде қоғамдық тамақтану саласына сұраныстың барлығын дәлелдейді. Сұранысқа әсер ететін факторлар – ол халықтың табыс деңгейінің жоғарылауы, халықаралық интеграцияның дамуына байланысты елімізге шетел азаматтарының сапар шегіп келуі және де үй атмосферасы сыртында дем алуға деген қажеттіліктің болуы.
Мейрамханалық бизнес тартымды әрі перспективті: мейрамхананың орны мен әзірлейтін тағамдарын дұрыс таңдау, атмосфера және білікті ұйымдастырылған қызмет көрсетунарықты тартуға мүмкіндік береді және жоғары пайда мен инвестицияларды қамтамасыз етеді.
Мейрамханалық бизнестің даму тенденциясы дипломдық жұмыс тақырыбын таңдап, зерттеуге негіз болды.
Бұл жұмыстың жаңашылдығы – бұрын зерттеле қоймаған жаңа саланың, яғни мейрамханалық бизнестің даму, қалыптасу, ұйымдастырылу қағидаларының зерттелуі және мейрамхана қызметіне талдаудың жасалуы.
Дипломдық жұмыс мақсаты – «Егоркино» мейрамханасының қаржы-шаруашылық жағдайын талдау негізінде мейрамханалық бизнестің ары қарайғы даму жолдарын айқындап көрсету.
Жұмыстың міндеті – мейрамханалық бизнесті ұйымдастырудың теориялық аспектілерін ашып, тәжірибелік қызметіне талдау жасау.
Зерттеу объектісі – қызмет көрсету саласы.
Зерттеу пәні – мейрамханалық бизнес.
Зерттеудің ғылыми-методологиялық негізі – Дж.Уокердің, Кристофер Эгертон-Томастың, М.И. Белошапканың, Л.А.Радченконың және т.б. еңбектері.
Жұмыстың тәжірибелік маңызы – қызмет көрсету саласын тереңдете оқитын студенттерге, оқытушыларға мейрамханалық бизнесті жүргізу қағидаларын түсініп білуге көмек көрсету, сонымен қатар осы салада қызмет ететін кәсіакер-мамандарға өз кәсібін кеңейтуге, жаңашылдық енгізуге негіз болу.
Дипломдық жұмыс кріспе, 3 бөлімді қамтитын негізгі бөлім, қорытынды 9 кесте, 3 сурет және 2 қосымшадан құралады.


Бөлім: Туризм

Добавить комментарий