КЛУБТЫҚ ДЕМАЛЫС



Мазмұны

КІРІСПЕ…………………………………………………………………………………………………………3

1 КЛУБТЫҚ ДЕМАЛЫС САЛАСЫНДА ТУРИЗМДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ

1.1 Демалысты басқару жүйесінің элементтері ……………………………………………..6

1.2 Демалысты басқару жүйесіндегі туристік өнімнің бағасы және өзіндік ерекшеліктер ………………………………………………………………………………………..15

1.3 Демалыс клубы саласында туризмнің даму тенденциясы ……………………….32

2 ЖШС «МТК МОНТАНА-ВИСТАНЫҢ» МАРКЕТИНГТІК ҚЫЗМЕТ
ТЕХНОЛОГИЯСЫН ТАЛДАУ

2.1 Кәсіпорын қызметінің жалпы сипаттамасы ……………………………………………38

2.2 ЖШС «МТК Монтана — Вистаның» қаржы шаруашылық қызметін талдау…………………………………………………………………………………….43

2.3 ЖШС «МТК Монтана – Вистада» клубтық демалыс саласында туризмді ұйымдастыру технологиясы ………………………………………………………………….54

3 ҚАЗАҚСТАНДА ТАЙМШЕР НАРЫҒЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

3.1 Туристтік бизнестегі таймшер саласын дамыту жолдары ………………………62

3.2 Қазақстанда клубтық туризм бойынша қызмет көрсететін кәсіпорындардың жұмысын жетілдіру жолдары…………………………………….69

ҚОРЫТЫНДЫ …………………………………………………………………………………………….75

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ……………………………………………………..80

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі.Соңгы онжылдықта әлеуметтік туризмге қарама-қарсы ширегінде туризмнің соншалықты серпінді түрде дамып келе жатқан секторының бірі – таймшер түрінде белгілі болып табылатын клубтық демалысты басқару жүйесінің елеулі дамуы байқалады.
«Travel Industry Monitor» журналының 2006 жылдың қаңтар айының ақпараттары бойынша соңғы он жыл ішінде демалысты басқару индустриясының өсімі жалпы туризм индустриясының өсімімен салыстырғанда неғұрлым маңыздырақ болып табылады.
Демалысты басқару жүйесі дүниежүзілік туристік бизнестің тез дамушы секторы болып табылады: бұл жүйе 81 елде дамыған,берілген жүйе бойынша қызмет атқаратын 4500-ден артық курорттар бар,демалыс жүйесінің иелері әлемнің 174 елінде тұрады,дүниежүзінің 3,14 миллионнан артық отбасы демалыс жүйесінің иелері басқарады,сату көлемі шамамен 4,76 миллиард АҚШ долларын құрайды.
Клубтық демалыстың жүйесі 25 жыл бойы өмір сүріп келеді және осы уақытқа шейін туристтік бизнестің өзінің төтенше түрде тиімді екендігі дәлелдеген және озық түрде дамып келе жатқан секторының бірі болып табылады.Жыл сайын барлық жаңа клубтар қолданысқа енгізіледі,және отбасылар санының көбі басқа түріне қарағанда демалыстың осы түрін таңдайды.
Таймшер – демалыс үйінің бөлмесін сол жерде немесе басқа жерде бір немесе одан да көп аптаға ұзақ уақыт бойы қолдану құқығы.Сонымен қоса,демалыс орындарын айырбастауға арналған жағдайлар жасалады,бұл таймшер иелеріне үніме ауыстырып отыруларына мүмкіндік береді.
Өкінішке орай,Қазақстанда таймшер нарығының таралуы нашар дамыған.Қазіргі кезде ең өзекті мәселе – демалыстың осы түрін реттейтін құқықтық база мәселесі болып табылады. Бірақ осы сала бойынша ақпараттың шектеулігі бұл мәселеге аз назар аудартады.Таймшерді қолданудың басты құрамдық элементі артықшылықтарды, кемшіліктерді, сатып алу, иелік ету мен өкімдік ету кезінде болатын қауіп,мүмкіндіктері жайлы ақпаратты білу болып табылады.
Таймшер жүйесі бойынша қазақстандық және шетелдік азаматтарының демалысын ұйымдастырудың қосымша жұмыс орын санын көбейтуге үлкен мағынасы бар,өйткені оның жұмысына банктер,сақтандыру,трасттық және туристік компаниялары,әуе компаниялары,заң агенттіктері, қонақ үйлер, құрылыс компаниялары және тағы басқалары қатысады.
Дәл осы жоғарыда көрсетілген факторлар біздің қөзқарасымыз бойынша тақырыптың өзектілігін айқындайды.
Дипломдық жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасында таймшер дамуы үшін оңтайлы бағытын жасап шығару,клубтық туризм жүйесіндегі демалысты орналастыру заңдылықтары мен тетіктерін зерттеу болып табылады.
Алға қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді шешу қажет болды:
— Клубтық туризмнің даму тарихын талдау;
— Қазақстанда, сол сияқты бүкіл әлем бойынша таймшердің артықшылықтарын және кемшіліктерін қарастыру;
— Қазақстандағы таймшер қызметінің заңдық және экономикалық жақтарын қарастыру;
— Клубтық туризмнің дамуының оңтайлы бағыттарын анықтау.
Дипломдық жұмысты дайындаған кезде өндірістік және танысу тәжірибесінің базасы болған ЖШС «МТК Монтана — Виста» фирмасының құжаттары қолданылды. ЖШС «МТК Монтана — Виста» туристтік фирмасы таймшер жүйесінде қызмет атқарады.Тәжірибеден өту шеңберінде клубтық туризмді ұйымдастыру технологиясына зерттеудің эмпиритті тәсілдері, тәжірибе кезінде жиналған деректерді талдау, жеке уақыт тәртібінде, демалысты басқару саласындағы теориялық әдебиеттерді және заңдылықтарды зерттеу дипломдық жұмысты орындауға мүмкіндік берді.
Клубтық туризм арнайы туристік әдебиеттерде жеткіліксіз түрде қарастырылған.Берілген мәліметтерде қысқаша түрдегі ақпараттық және анықтамалық-энциклопедиялық сипатта берілген.Тұтынушы үшін сатудың қаржы-ұйымдастыру механизмі түсініксіз. Ең бастысы,қызметтің құқықтық базасының жоқтығы клубтық туризм жүйесіндегі ұйымдардың статистикалық,сол сияқты ұйымдастыру,қаржылық және экономикалық сипаттағы нақты деректерді жасыруын себеп болды.Кеңес кезіндегі туристік әдебиеттерде таймшерді ең бірінші рет ашып,жеткізгендердің ішінен М.Б. Бираков болды.Профессор Чудновский А.Д. қайта жасалған және қосымша баспаларында өзінің алдыңғы оқулықтарында клубтық демалысты ұйымдастыруға байланысты мәселелерді қарастыра бастады. Бірақ, жалпы түрде,клубтық туризмге зерттеушілер жағынан аз назар аударылады деп айтуға болады.Егер Ресей оқымыстылары осы кезде таймшердің әртүрлі жақтарын аша бастаса,Қазақстанда туризм индустриясы секторы жайлы жүйелендірілген жан-жақты ақпараттың өткір тапшылығы байқалады.
Қазақстанда ол енді ғана жарыққа шыға бастады. Біз барлық жетістіктерді ептілікпен қолданғанда және келеңсіз зардаптарды азайтқан жағдайда,таймшер қазақстандық туризмнің дамуын сапалы жаңа дәрежеге көтеретіндігіне сенімдімін.


Бөлім: Туризм

Добавить комментарий