Жапония туризмі



мазмұны

Кіріспе………………………………………………………………………………………………….3

Негізгі бөлім:
І. І. Жапонияның халықтық және экономикалық-географиялық жағдайы

1.1. Жапонияның жалпы халықтық жағдайы…………………………………………..5
1.2. Экономикалық-географиялық жағдайы…………………………………………….9

ІІ. Жапония туризмі және туризмді дамытудың негізгі бағыттары
2.1. Жапония туризмінің халықаралық аренадағы ерекшеліктері……………18
2.2. Жапониядағы туризмді дамытудың негізгі бағыттары……………………..28

Қорытынды…………………………………………………………………………………………32
Әдебиеттер…………………………………………………………………………………………..34

Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі: Көптеген елдерде туризм экономиканың маңызды сала ретінде — (көлік және қатынас, құрылыс, ауылшаруашылық, халық тұтынатын тауарлар өндірісі т.б.) қандай бір мемлекет болмасын ішкі және сыртқы экономикады зор ықпал етеді. Бұдан туризмнің өзіне бірнеше факторлар әсерін тигізеді: демографиялық, табиғи-географиялық, әлеуметтік-экономикалық, тарихи, діни және саяси-құқықтық.
Жалпы туризмнің шығу тегі еңбекшілердің жыл сайынғы ақылы демалысына шығуымен байланысты болды, мұның өзі адамның демалуына және бос уақытын өзкізуіне негізгі құқығын тану болып табылады. Ол жеке адамды, адамдар және халықтар арасындағы өзара түсіністікті дамытудың факторларына айналды.
Бұл мәселеге Жапонияда туризмнің дамуына мемлекет экономикасы мен қоғамында дәрежесін көтеруге жақсы көңіл бөлген.
ХХ ғасырдағы әлемдік нарықта Жапонияның тур өнімдерінің қозғалысына әсер ететін туризм индустриясының дамуына және бұл мәселелерді қалыптастыру жөніндегі зерттеулер, сонымен қатар 1976 жылдан бері көптеген заңдар енгізілді. Жапонияның ХХ ғасырдың аяғындағы экономикасындағы туризмімен салыстырғанда қазіргі экономикасында туризм рөлі артып, үздіксіз өсуде.
Міне осы мақсатта курстық жұмысымның негізгі арқауы және бұл бағытты зерттеу өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Жұмыстың мақсаты: Курстық жұмысымның негізгі мақсаты қазіргі Жапонияның туризмі және туризм саласындағы жетістіктер мен алға қойылған мақсаттары зерттеулер жүргізіп өз тұжырымдамамды жеткізу. Сонымен қоса курстық жұмыстың мазмұнын ашу.
Жұмыстың нысаны: Жапонияның туризм саласының даму қарқынын және мемлекет деңгейіндегі туризмді дамытуға қойылған мақсаттары мен міндеттері болып отар.
Жұмыстың құрылымы: Негізгі бөлім: Дүниежүзілік туризм ұғымы және экономикадағы ролі: Туризм ұғымы және түсінігі, Туризмнің әлемдік экономикадағы орны; Жапония туризмі және туризмді дамытудың негізгі бағыттары: Жапония туризмінің халықаралық аренадағы ерекшеліктері, Жапониядағы туризмді дамытудың негізгі бағыттары курстық жұмыс кіріспеден, қорытынды және қолданылған әдебиеттерден тұрады.


Бөлім: Туризм

Добавить комментарий