Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі



Жоспар

Кіріспе…………………………………………………………6

І-тарау. Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің қазіргі жағдайын

теориялыќ талдау.

1.1. Әлеуметтік басқарудың мазмұны……………………………………………….8-11

1.2. Қоғамды басқарудың заңдары мен принциптері………………………..11-21

1.3. Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің қарқынды дамуы мен

осы саладағы сілкіністер…………………………………………………………..21-23

ІІ-тарау. Индер аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар

бөлімінің қызметіне жалпы шолу

2.1. Бөлімінің құрылу тарихы……………………………………………24-27

2.2. Бөлімнің атқаратын міндеттері, қызметі мен құқықтары……………27-32

2.3. Аудандық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басқарушылық

және ұйымдастырушылық құрылымы…………………………………………32-44

ІІІ-тарау. Бағдарламаны жүзеге асырудың негізгі бағыттары мен

механизімі.

3.1 Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің мақсаты мен

тапсырмалары…………………………………………………………………………. 45-50

3.2. Халықты әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін жетілдіру……………50-53

3.3 Халықтың жұмыс бастылық өнімімен еңбек қатынастарын

жетілдіру………………………………………………………………………………….53-58

Қорытынды мен ұсыныстар …………………………………………………………….. 59

Қолданылған әдебиеттер……………………………………………………………………..61

Кіріспе.

Мен осы дипломдық жұмысымда Қазақстан Республикасының халқын әлеуметтік қамтамасыз ету жағдайымен осы саладағы атқарылған және алдағы уақытта болжанып отырған мәселелерді, жаңа бағдарламаларды, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың стратегиялық жолдауын пайдалана отырып жұмысымды кең ауқымда мағынасын ашуға тырыстым.

Жұмыспен қамту саясаты мемлекеттегі жүргізілетін әлеуметтік-экономикалық саясаттың айнымас бір бөлігі болып табылады. Мемлекеттегі макроэкономикалық саясаттың бір бөлігі бола отырып, елдегі еңбек потенциялын оптималды қолдану шараларын қажет етеді, ол экономикалық және еңбек нарығының бөлек субъектілерінің сәйкесінше қажеттілігіне оң қырын көрсететін, еңбек нарығының сипаттамасының, саны мен сапасының ұйымдастырылу мақсаты алға қойылған.

Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар аясында халықты жұмыспен қамту, жұмыссыздықтың күрт өсуінің алдын алу, өнеркәсіптік өндірістің иновациялық дамуының, аграрлық сектордың жоғары білікті мамандарға қажеттілігін қамтамасыз ету, сондай-ақ заңды сектордағы халықтың жұмыссыздық деңгейін азайту, жұмыс күші сапасының артуы, жұмыс күші ұсынысы мен жұмыс орындары санының теңгерімділігі, аймақтық еңбек нарығын қорғау жолымен жәрдемдесу жұмыстары жүргізіледі.

Елімізде еңбек нарығында жаңа өзара байланыс жасайтын жаңа жүйе құруға, жұмыспен қамтуда жұмыс берушілердің рөлін арттыруға, экономиканың қажеттілігіне сәйкес мамандарды даярлау жүйесін қалыптастыруға жәрдемдеседі.

Сонымен қатар, бүгінде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының автоматтандырылған жүйесін құру жөніндегі жұмыстардың да аяқталғанын атап көрсету керек. Мұндай жүйені құрудағы мақсат әлеуметтік аударымдар мен төлемдерге дербес тұлғалық тұрғыда есеп жүргізу процесін автоматтандыру болып табылады. Жүйе зейнетақы төлеудің қазіргі бар жүйесімен ықпалдасып, Қазақстанның банк аралық есеп айырысу орталығымен арадағы қарым- қатынасты қамтамасыз етуге тиіс.

Әлеуметтік-экономикалық жағдайлар өзгерген кезде міндетті әлеуметтік сақтандырудың негізгі параметрлеріне әлеуметтік тәуекелдер туа қалғанд әлеуметтік төлемдерді ұлғайтуға байланысты өзгерістердің енгізілетіні, болашақта міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне жек институттарың да қатысу мүмкіндігінің туындауы табиғи жағдай.

Қазақстан халқын жұмыспен қамтудың 2005-2007 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасын күнделікті жұмыста басшылыққа алуы, оның орындалысы жөнінде хабарламалар тиісті орындардың талап етуімен орындалуы қарастырылды. Бұл бағдарлама негізінен 2005-2007 ж.ж. арналған мол қаржылық жағынан тұрақты, экономикалық тиімді, әлеуметтік әділетті, уш сатылы әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесін құрылуы қарастырылды.Осы орайда әлемдік тәжірибелерге сүйене отырып бағдарламаны жасақтау барысында біраз шаралар атқарылғандығын көрсететін мәліметтерді зерттедім.

Халықаралық еңбек ұйымы, валюталық банк, дүние жүзілік даму банкі, әлеуметтік қамтамасыз ету халықаралық қауымдастығы мәселесі енгізілген.

Сонымен Қатар қазііргі таңдағы зейнеткерлерге, Ұлы Отан соғысы мен Ауған соғысының ардагерлеріне, мүгедектерге, жетім балаларға, асыраушы-сынан айырылғандарға мемлекет тарапынан көрсетілетін арнаулы көмектер мен түрлі төлемдер мен жеңілдіктерді қарастыра отырып олардың орындалу процестеріне тоқтала кеттім.


Бөлім: Саясаттану

Добавить комментарий