Әлеуметтік саясат және оны аймақтарда дамыту технологиялары



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ………………………………………………………………………………………….
3
1
ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТТЫҢ МЕМЛЕКЕТТЕГІ РОЛІ
1.1
Әлеуметтік саясат түсінігі, мәні, принциптері ………………………
5
1.2
Нарықтық экономика және әлеуметтік әділеттік …………………..
11
2
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК САЯ-САТ ЖӘНЕ ОНЫ АЙМАҚТАРДА ДАМЫТУ КӨРСЕТКІШТЕРІ
2.1
Әлеуметтік мемлекет және оның үрдістері ……………………………
15
2.2
Әлеуметтік жіктелу және оның өлшемдері ……………………………
21
2.3
Аймақтардың әлеуметтік дамуы және оның бағыттары …………
22
3
ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТТЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1
Аймақтарда әлеуметтік теңсіздікті жою жолдары …………………
33
ҚОРЫТЫНДЫ ………………………………………………………………………………..
38
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ …………………………………………
39

КІРІСПЕ

Әлеуметтік саясаттың тиімділігін қамтамасыз ету қай кезде де, қай елде де жұртшылық назарын ұдайы аударып келген мәселе. Тәуелсіздік алып, мемлекеттік егенмендігін халықаралық деңгейде паш еткен біздің елде бұл мәселе айырықша көкейкесті мәселе болып отыр. Қазақстанның көптеген саясатшылары мен ғалымдарының мемлекеттің әлеуметтік саясатының тиімділігін арттыру мәселесіне кейінгі кезде айрықша мән беріп, пікір алмасып талдау жасауды жиілеткені де содан болар.

Қазіргі әлемде мемлекет үрейлі машина емес, азаматтарға қызмет көрсететін ұйым деп саналады. Ол енді бұрыңғыдай қоғамға қарсы тұрған тап өкілдерінің наразылығын басып жаншытатын қару емес. Осыған орай әлемдік ғылым осы заманғы демократиялық қоғамда мемлекеттік егемендік пен халықтық егемендік қатар жүруге тиіс деп топшылайды. Атап айтқанда, елдің ішіндегі халықтық егемендіктің мемлекеттіктен басым роль атқаруы керектігі Қазақстан Республикасының Конституциясының 3-ші бабында өз көрінісін тапқан. Мемлекеттік биліктің бірден-бір қайнар көзі — халық деп атап көрсетілуі сондықтан.

Жұмысымның бірінші тарауы «Әлеуметтік саясаттың мемлекеттегі ролін» талдауына арналған. Осы кезекте мен әлеуметтік саясат түсінігімен, оны қалыптастырушы негізгі факторлармен және қағидалармен таныстырғым келді. Тарау жеке–жеке маңыздылығы бар екі сұрақтан тұрады. Жалпы әлеуметтік саясат түсінігінің пайда болуы әрдайым мемлекеттің пайда болуымен қатарлас жүреді.

Екінші тарауда толығымен «Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік саясат және оны аймақтарда дамыту көрсеткіштерімен» таныстырып өткім келді. Әрбір елде мемлекеттік әлеуметтік саясат өз бағыт–бағдары бойынша қалыптасып дамиды. Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік саясаттың аймақтардағы даму ерекшеліктері индустриалды-инновациялық саясаттың ерекшеліктерімен сәйкес келіп, халықтың әл-ауқатының жақсаруы таруда көрсетілген әлеуметтік статистикалық көрсеткіштерден көрініп тұрады.

Үшінші тарауым «Әлеуметтік саясатты жетілдру жолдары» деп аталады. Бұнда мен еліміздің әлеуметтік саясатыны енгізілуі мүмкін болатын жаңашылдықты да қарастырып, оның республикалық деңгейде маңыздылығы мен тиімділігін атап өткім келді. Сонымен қатар аймақтардың әлеуметтік дамуының теңсіздігін қарастырып, оны жоюының нақты жолы ретінде табыстарды теңестіру саясатын ұсынғым келді.

Барлық экономикалық процестер белгілі әлеуметтік ортада жүріп отырады, сондықтан өзара әсер ететін қоғамдық жүйелердің экономикалық және әлеуметтік жақтарын ажырату шартты және абстрактылы болып табылады. Экономиканы мемлекеттік реттеу қоғамдық өндірістің тиімділігін көтеруге, әлеуметтік әділеттікті қамтамасыз етуге және тұрақтандыруға бағытталады. Мемлекеттік реттеудің қандай формасы болмасын, ол материалдық, институтционалдық және концептуалдық құрамдардан тұрады. Айта кетейік, әлеуметтік реттеумен мемлекет қана айналыспайды, ол табысты қайта бөлумен қатар өмір дәрежесінің басқа да көрсеткіштерін қамтиды. Сол себептен халқымыздың әл-ауқатын жақсарту, ең алдымен, өз қолымызда.


Бөлім: Саясаттану

Добавить комментарий