Әлеуметтік жұмыс тарихы мен теориясы



Жоспары:

Кіріспе

І-тарау. Қазақстандағы әлеуметтік жұмыстың тарихы мен теориясының негіздері.

1.1. Әлеуметтік жұмыстың сипаттамасы және оның методалогиялық негіздері.

1.2. Әлеуметтік жұмыстың теориясы мен тарихына шолу.

ІІ-тарау. Қазақстандағы әлеуметтік жұмысты дамыту және жетілдіру жолдары

2.1. Қазақстандағы әлеуметтік жұмысты шет елдік әлеуметтік жұмыс тәжірибелерімен дамыту

а. Ресей

ә. Германия

2.2. Қазіргі кездегі әлеуметтік жұмыстың ерекшеліктері мен маңызы

2.3. Даму және жетілдіру жолдары

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

КІРІСПЕ

Әлеуметтік – бағдарланған нарықтық экономика жағдайларында өндіріс тиімділігі мен халықты әлеуметтік қорғалуы мәселелері қызмет саласын шаруашылықтандыру механизмін жетілдіруін талап етеді. Сонымен экономикалық өсімнің субьективті факторы – адамның, адам капиталының рөлі мен мәні өседі

Жұмыстың көкейтестілігі: Кеңес одағынан кейінгі кезеңнің барлық мемлекеттерінің арасында Қазақстанда әлеуметтік қорғау жүйесіндегі ең түбегейлі реформалары жүзеге асырылады. Әлеуметтік – нарықтық экономиканы құруға бағыт алып, біздің мемлекеттегі реформалардың басты мақсаты етіп халықтың тұрмыстық жағдайын арттыруды белгіледі.

Осы жұмыс тақырыбының өзектілігі қазіргі заманғы әлеуметтік жұмыстың, халықты әлеуметтік қорғауға, әлеуметтік мәселеге байланысты кейбір мәселелері болып табылады.

Зерттеу жұмысының мақсаты: Қазіргі кезедегі кеңінен етек алып бара жатқан еліміздіегі қоғамдық үрдістердің бірі ғылымда депопуляция деп атау алған, яғни бұл дегеніміз дүние жүзіндегі халықтың өсуі, ұлтаралық және діни қатынастардың шиеленісуі, экономикалық ж»не әлеуметтік қатынастардың өз ара күрделенуі, жер асты қазба байлықтардың азайып бара жатқаны адамзаттың әлеуметтік жағадйына әсерін тигізбей қоймайды. Соңғы екі жыл ішінде еліміздің тәуелсіз алғаннан бергі уақытта республикамызда халықтың өсу саны күрт азайып кетті, табиғат ресурстарына бай емес аймақтағы халықтың басқа жаққа қоныс аударуы, кәсіпорындар мен өндіріс орындарының қысқартылуы, жабылуы, т.б. келеңсіз жақтар әлеуметтік үрдістердің кеңінен кезең алуына әкеп соқтырады. Әлеуметтік жұмыстың Қазақстанда жеке бір сала болып қалыптасуына көңіл аудара отырып, осы жұмыстың басты мақсаты етіп алдым.

Ұлттық экономикамыздағы үрдістер барлық қатынастарды күшейтуге байланысты оның нарық жағдайларында даму тенденцисы мен әрекет ету ерекшеліктерін тануында объективті қажеттілігі туындатып, бұл әлеуметтік салаға да ықпал етті.

Зерттеу жұмысының міндеттері: Қазақстан Республикасында әлеуметтік сала нарық кешенді талдауынан, оның спецификалық өзгешеліктерін, әлеуметтік қызметтерінің сапалық және сандық сипаттамаларын анықтаудан, халықты әлеуметтік қорғауының мәлелелерін айқындауынан тұрады.

Осы қойылған мақсаттарына сүйене отырып келесідей міндеттер қойылады:

— әлеуметтік жұмыстың тарихи-методолиялық мазмұнын ашу, оның барлық салалары мен даму дәрежесін анықтау;

— әлеуметтік жұмыстың, оның ішінде халықты әлеуметтік қорғау саласындағы қызметтерінің мәнін ашып, оның қоғамдағы рөлін анықтау;

— қалыптасқан қоғамдық жағдайын талдау негізінде әлеуметтік жұмыстың саласындағы қызметтерін мемлекеттік реттеу қажеттілігінде негіздеу.

Зерттеу обьектісі болып елдегі жұмыссыздық, өндіріс орындарының қысқартылуы, инфляция, нашақорлық, наркомания, тұрғын үймен халықты қамтамасыз етудің орнықты болмауы, экономикалық дағдарыстар табылады. Бұнымен қатар елімздің кейбір аймақтарындағы экологиялық ахуал, жергілікті халықтың оның әсері, әсіресе, Семей, Қызылорда, Балқаш төңірегіндегі әлеуметтік мәселелерге де тоқталып өтеміз.

Курстық жұмыс пәні болып әлеуметтік жұмыс нарығының, оның ішінде халықты әлеуметтік қорғауы, ондағы өзгешіліктерге байланысты қазіргі мәселелері және оны шешуінің мүмкін бағыттары табылады.

Курстық жұмыс теориялық — әдістемелік негізі болып әлеуметтік жұмыстың нарық деңгейінде әрекет ету мәселелерін шешу және оның ерекшеліктерін айқындауына бағытталған отандық және шетелдік әлеуметтік ғалымдардың еңбектері болып табылады.

Тақырыптың жаңашылдығы: әлеуметтік жұмыс саласының қоғамдағы орны, оның ерекшеліктері анықталады, халықты әлеуметтік қорғау саласы ерекшеліктері, әдістемелік амалдар жүйеленген.


Бөлім: Саясаттану

Добавить комментарий