Әлеуметтік жұмыстың ғылыми саласында болжау



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ: …………………………… 3-4 б.

I. ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫҢ ҒЫЛЫМИ САЛАСЫНДА БОЛЖАУДЫҢ МЕТОДОЛОГИЯСЫ

1.1. Болжам жасаудың негізгі қағидалары …………………………………….. 7-19б.
1.2. Болжамның категориялары ………………………………………………….. 20-27б.

II. ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТА БОЛЖАУДЫҢ ТИПОЛОГИЯСЫ

2.1. Болжамды классификациялаудың көрсеткіштері……………………..28-34б.
2.2. Әлеуметтік жұмыста болжаудың ерешеліктері………………………..35-45б.

ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………………………..46-47б.

СІЛТЕМЕЛЕР……………………………………………………………………………….47-48б.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ………………………………..48-49б.


КІРІСПЕ
Жер бетінде адамзат пайда болғаннан бастап “әлеуметтік жұмыс” қоғамдық құбылысқа айналды. Қоғам өз даму кезеңдерінде сол қоғам мүшелеріне әлеуметтік қамсыздыру жолында түрлі көмек формаларын қолданған. Алғашқы рулық қоғамда көмек және өзара көмек түсініктері қолданысқа енді. Осыған сәйкес әрбір көмектің объектісі мен субъектісі дәстүрлік ұстанымдарға, түрлер формасына және қоғам мүшелерінің бір-біріне деген рулық көмек көрсетуімен анықталған.
Әлеуметтік жұмыс түсінігінің көптеген мағыналық түрлері бар. Осы түсініктердің ішінде базалық түсінік ол әлеуметтік жұмыстың болжау ерекшелігі.
Қазіргі менеджмент негізін қалаушылардың бірі Анри Файоль былай дедйді: “Басқару – бұл көріпкелдік, алдын ала көру, ал көру – бұл ендігі әрекет ету”. Яғни болжау болмай жоспар құрылмайды [1]. Болжаудың әлеуметтік салада жоспарлануы қазіргі таңда өге ауқымды мәселе.
Әлеуметтік жұмыстың ең бір маңызды міндеттерінің бірі ол қоғамдағы басты проблеманы анықтап, сол проблеманының шешілу технологиясы мен әдістерін дұрыс таңдай білу, соның ішінде болжау әдістерін дұрыс қолдана білу.
Әлеуметтік жұмыстың болжау әдістерін әртүрлі тұрғыдан қарастыру, оны ғылыми түрде дәлелдеу біздің осы жұмысымыздың алына қойған мақсаты болып табылады. Әлеуметтік жұмыстың болжау әдістерінің типологиясынын жасауда жұмыстың басты мақсатына енеді. Ауқымы кең, жан-жақты проблема болғандықтан оны оны әлеуметтанудың бір саласы деп қабылдауға болады.
Ғылым ретінде әлеуметтік жұмыстың дамуының ғасырлық тәжірибесі шетелдерде тек әлеуметтік ойлаудың классикалық парадигмаларын модернизациялау ғана ықпал етіп қана қоймай, сонымен бірге қоғамның әлеуметтік қайта құрылуындағы жаңа ағымдардың ғылыми негізін салды. Қазіргі уақытта әлеуметтік жұмыс теориясының дамуы дау туғызады. Оның ғылымдар жүйесіндегі орны туралы мәселе талқылануда. Әлеуметтік жұмыс теориясының ғылым ретінде қалыптасқандығы туралы болжам жасауға мүміндік беретін барлық құрылымдық белгілерге ие: оның өзіндік зеттеу объектісі, пәні, оған тән заңдылықтары, іс-әрекеттің арнайы түсініктері, категориялары, әдіс-тәсілдері бар. Осымен бірге оны қолданбалы ғылымдар тобына жатқызады және пәнаралық ретінде сипаттайды.
Бітіру жұмысының мақсаты — әлеуметтік жұмыс саласында қолданылатын болжау әдістерінің жіктелуін көрсету.
Бітіру жұмысының міндеттері – болжау ұғымына қатысты толық ақпараттар жинақтау, Қазақстан Республикасының заңдары, бағдарлама, болжау әдістері туралы мәселерді қарастырған ғалымдар еңбектерін қарастыру.
Жұмыстың зерттеу пәні — әлеуметтік жұмыстағы болжау әдістерінің жіктелу ерекшеліктерін көрсету.
Тақырыптың зертелу деңгейі – Қазіргі өтпелі экономикалық жағдайда дамуды келесі сатысына өту барысында еліміздегі ерекшеліктерді ескере отырып, шетелдік тәжірибелерді пайдалану керектігін мамандар көптеп айтып жүр. Ақпараттандыру ғасырында бұл жетістіктерге қол жеткізу қиындық тудырмайды. Осыған орай бітіру жұмысында шетелдік ғалымдардың да көзқарастары беріледі. Ресей ғалымы И.В.Романенко өз еңбегінде әлеуметтік және экономикалық болжаудың артықшылықтары мен ерекшеліктерін ашып көрсеткен. Сонымен қатар болжау әдістерінің жіктелуін ғылыми тұрғыда қарастырған. АҚШ ғалымдары Майкл Мескон, Майкл Альберт болжау әдістерін басқару стилінің тәсілі ретінде қарастырған.
Бітіру жұмысының екінші тарауында болжамның түрлері, жіктелуі көрсеткіштері қарастырылған.
Бітіру жұмысының құрылымы. Бітіру жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытынды бөлімнен, сілтемелер мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және жеті кестеден тұрады. Жұмыстың көлемі – 49 бет


Бөлім: Саясаттану

Добавить комментарий