Әлеуметтік жұмыскер



Мазмұны

Кіріспе………………………………………………………………….. 3

І бөлім Әлеуметтік жұмыскердің кәсіби ерекшеліктері…………….. 5

1.1 Әлеуметтік жұмыстың этикалық аспектілері…………………………… 5

1.2 Әлеуметтік жұмыскерге қойылатын кәсіби талаптар…………………. 8

1.3 Әлеуметтік жұмыстың профессиограммасы…………………………… 10

ІІ бөлім. Әлеуметтік жұмыс маманның әлеуметтік жұмыстағы қызметі………………………………………………………………………………….. 12

2.1 Еңбек қызметіндегі әлеуметтік жұмыскердің кәсіби бейнесі………….. 13

2.2 Әлеуметтік жұмыскердің атқаратын қызметі ……………………………….. 17

2.3 Құқықтық қатынастар жүйесіндегі әлеуметтік қызметкер маманы…… 19

ІІІ бөлім. Әлеуметтік жұмыстың этикалық кодексі және стандарты……………………………………………………………. 23

Қорытынды……………………………………………………………. 26

Пайдаланылған әдебиеттер……………………………………………. 28

Кіріспе

Қазақстанда болып жатқан әлеуметтік экономикалық, саяси, демографиялық жағдайлар қоғамның әлеуметтік өмірін түбегейлі өзгертті. Тез қарқынмен өсіп келе жатқан халықтың әлеуметтік және материалдық дифференциациясы, жұмыссыздық, босқындардың,мигранттардың, маргиналды топтардың пайда болуы, қолайсыз экологиялық жағдай және күрделі демографиялық жағдай бүгінгі күннің шындығы.

Осындай қиын жағдайда әлеуметтік көмекпен, қолдаумен, жеке тұлғаның, әр түрлі топтардың және бірлестіктердің реабилитациялануымен байланысты өзекті мәселелер туындайды. Бүгінгі күні адамдар кәсіби кадрлардағы әлеуметтік жұмыс маманын қажетсінетін әлеуметтік көмек пен қолдауды қажет етеді..

Осыған байланысты адамдардың,топтардың және бірлестіктердің әлеуметтік қорғалуы, ең алдымен, әлеуметтік саясат пен мемлекеттік әлеуметтік қорғау мен қолдаудың дамуына байланысты. Мұның барлығы әлеуметтік қызметтің, мекемелердің қызметіне кіреді, сонымен қатар әлеуметтік жұмыс мамандарын кәсіби даярлауды талап етеді.

Тақырып өзектілігі әлеуметтік жұмыскерлердің кәсіби моделін қалыптастыруда әлеуметтік жұмыскердің бойында болуы қажет рухани, этикалық құндылықтарды анықтау.

Жұмыстың мақсаты – әр саладағы әлеуметтік жұмыскердің моделін зерттеу.

Жұмыстың зерттеу болжамы – әлеуметтік жұмыскердің кәсіби моделі оның рухани, тұлғалық этикалық құндылықтары арқылы көрсетіледі. Сонымен қатар оның қызмет барысындағы кәсібилігіне байланысты.

Көрсетілген мақсатқа және болжамға жету жолында бірнеше міндеттер анықталған:

1. Зерттелінетін тақырып бойынша әдебиеттерді оқып білу;

2. Әдебиеттерден әлеуметтік жұмыстың кәсіби қызмет ретіндегі мәнді және кұрылымдық маңызды сипаттамаларын айқындау;

3. Әлеуметтік жұмыскердің тұлғалық ерекшеліктерін анықтау;

4. Әлеуметтік жұмыскердің кәсіби ерекшеліктерін талдау;

Жұмыстың объектісі әлеуметтік жұмыскердің кәсіби дамуы.

Жұмыстың зерттеу пәні – әлеуметтік жұмыскердің кәсіби моделін қалыптастырушы деңгейлер.

Жұмыстың құрылымы кіріспеден үш бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады.


Бөлім: Саясаттану

Добавить комментарий