Қазақстандағы жасөспірімдердің әлеуметтік негіздері



Жоспар

Кіріспе — — — — — — — — — — — — — — — — — — — — — — — — — — — — — — — — — — — 3

І бөлім

Қазақстандағы жасөспірімдердің әлеуметтік негіздеріне шолу

1.1 Жасөспірімдер мінезіндегі ауытқушылықтардың психологиялық-педагогикалық мінездемесі — — — — — — — — — — — — — — — — — — — — — — — — — 5

1.2 Жасөспірімдер арасындағы ауытқушылықтың зардаптары — — — — — — 10

ІІ бөлім

Жасөспірімдер арасындағы әлеуметтік ауытқушылық, оның факторлары

2.1 Жасөспірімдер қылмысының себептері — — — — — — — — — — — — — — — — 14

2.2 Жасөспірімдердің қылмыстық әрекеттерімен күрес жолдары — — — — — 18

Қорытынды — — — — — — — — — — — — — — — — — — — — — — — — — — — — — — — — 24

Пайдаланылған әдебиеттер — — — — — — — — — — — — — — — — — — — — — — — — 25

Кіріспе

Ислам — әлемдік діндердің ішіндегі ең негізгілерінің бірі. Ислами тәрбие деген кезде әуелі жанұя тәрбиесі ойға келу керек. Өйткені, ислам діні қоғамдық дін. Жанұя қаншалықты салих, мықты болса, қоғам да соншалықты дұрыс болады. Ал егер жанұя нашар болса, қоғам да сол секілді нашар болады. Баланың көзімен ең бірінші көргені, алғашқы білім үйретушісі, тәрбиелеушісі, әрі ұстазы оның шешесі болып табылады. Осылайша, бала шешесінің тәрбиесімен мейірім қанаттары астында ұлғаяды. Шешенің бала тәрбиесінде ең үлкен қызметі оған халалдан сүт беруі. Ана сүтінің бала тәрбиесіне әсері мол. Осыған байланысты пайғамбарымыз бір хадисінде: «Баланың мінезі ана сүтімен қалыптасады» дейді. Сондықтан да сүт емізген кезде, таза, салих әйелдің ізденіп табылуы мұсылмандарға жүктелген міндеттерден болып табылады. Салих әйел табылмаған кезде науқас болмаған сиыр сүтін ішірген абзал. Егер де әйел екіқабат кезінде шариғат тыйым салынған нәрсеге құмартып назар салса, баланың руханиятына кері әсерін тигізеді. Осылайша, әрбір ата-ана нафсани және шахуани сезімдерден аулақ болып өзін қорғауы тиіс. Пайғамбарымыз бір хадисінде «Балаларға ана сүтінен қайырлысы жоқ», деп айтқан. Шеше салих, намысты әйел болса, балалар үшін ең үлкен бақыт. Өйткені бала тотықұс сияқты әке-шешеден не нәрсе көрсе соған еліктейді.

Бала тәрбиесін де оның жасына қараай кезеңдерге бөлуге болады. Бала әр жеті жаста бір кезеңді бастан өткізеді. Алғашқы жеті жасқа дейінгі кезең арабшада «субйан» кезеңі деп аталады. Бұл кезеңде бала жақсымен жаманды ажырата алмайтын, барлық нәрсені ұға бермейтін кезең. Жеті жастан он төрт жасқа дейінгі кезең балалық кезең. Бұл кезеңде баланың ақыл-ойы түсінігі күрделі даму үстінде болады. Он төрт жастан жиырма бір жасқа дейінгі кезең жастық кезең. Бұл кезеңде баланың ақылы жетіліп, өмірге көзқарасы өзгереді. Баланың ең бірінші мұғалімі оның шешесі болса, әке екінші кезекте орын алады. Баланың жеті жасына дейін оның денсаулығына, тамағына мән беріледі. Баланың негізгі тәрбиесі екінші, яғни балалық кезеңінен басталады. Оның келешегі дайындалады. Бұл кезеңде әке-шеше баласына нені көрсетсе, өскенде соны істейді, соған ереді. Баланың миы фотоаппарат сияқты нені көрсе соны сақтайды. Сенім негіздері осы кезеңде қалыптасады. Үшінші кезең – балиғат жасы болғандықтан, парыздарды орындауға дайындықтар жасалады. Аллаһтың әмірлері бұл кезеңде ашық түрде айтылып, жамандықтан құтылу жолдары үйретіледі [1,42-46б.].

Адамның тағдыры – қоғам мен экономикалық жағдаймен шарттас болып келеді. Сондықтан оның моральдық-психологиялық өзгешеліктерінің түрліше болып қалыптасуына әрқалай әсер етеді. Адамгершілік ар-намыс, ұят ұжданнан жұрдай болып, қаталдық, мейірімсіздік т.б. осы іспеттес жағымсыз қасиеттердің көріністері ретінде құқық бұзушылыққа әкеп соғады. «Адам мінезінің, ақыл-қайратының әртүрлі болуы тәрбиенің түрлі-түрлі болуынан. Адам баласының ұрлық істеуі, өтірік айтуы, кісі тонауы, өлтіріуі сықылды бұзақылықтарды жасауы, тәрбиенің жетіспегендігінен.

Әр жастағы адамдардың көңіл-күйі, сезімдері, мінез ерекшеліктері, түсінік талғамдары, сенімдері, қызығушылықтары, әдет-тағдырлары бірдей болып келмейтіндігі жөнінде пікірлер баяғыдан бар ұғым. Адамның моральдық бейнесі, психикасы оның іс-әрекеті үстінде дамиды, ал іс-қимылдың алғашқы іргетасы балалық кезде қалыптасады. Халқымыз өз ұрпағын жақсы қасиетке – адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, тілалғыштыққа, имандылыққа және т.б. тәрбиелеуді негізгі мәселе деп білген. «Адам баласының жаман құлқы жаратылысынан емес, өскен орта, алған үлгі, өнеге білетіндігінен және түзелу, бұзылу жас уақытта болады» М.Әуезов [2,64-65б.].


Бөлім: Саясаттану

Добавить комментарий