ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3

1 ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 5

1.1 Әлеуметтік қорғаудың түсінігі, құрылымы, қағидалары мен атқаратын қызметі 5

1.2 Халықты әлеуметтік қорғаудың шетелдік модельдері 10

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ 17

2.1 Қазақстан Республикасындағы халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің қазіргі жағдайы 17

2.2 Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару органдарымен төленетін негізгі әлеуметтік төлемдер түрлері 20

2.3 Әлеуметтік қорғау жүйесіндегі әлеуметтік тәуекелдікті басқару ерекшеліктері 23

2.4 Нарықтық қатынастар жағдайындағы халықты әлеуметтік қорғауды басқару субъектілерінің өзара қарым-қатынас мәселелері 28

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТТАРЫ 33

3.1 Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтік қорғау жүйесін дамытудың негізгі бағыттары 33

3.2 Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің әлеуметтік-экономикалық тиімділігін жетілдіру бағыттары 35

ҚОРЫТЫНДЫ 45

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 47

КІРІСПЕ

Нарықтық экономика механизмдерін қалыптастыру мәселелерінің арасында халықтың белгілі бір топтарын әлеуметтік қорғаудың сенімді және тиімді жүйесін жасау шаралары аса маңызды орындардың бірінде тұр, өйткені әлеметтік “беріктік” резервінің шексіз болуы мүмкін емес. Әңгіме халықты әлеуметтік қорғаудың және халыққа кепілдік берудің қазіргі механизмдерімен салыстырғанда принципті жаңа механизмдері жайында болып отыр. Барлық деңгейлерде: республикалық, аймақтық, еңбек ұжымдары мен жеке адам деңгейінде әлеуметтік кепілдіктердің принципті жаңа жүйесін қалыптастыру қажет /1, 59б./. Бұл жағдайда әлеуметтік қорғау шараларының жүйелігі мен кешендігі ерекше маңызды.

Нарыққа өту жағдайларында халықтың әлеуметтік қорғалуын қолдау мен нығайтуға бағытталған мемлекеттік шаралар жүйесі қажет. Дұрыс қабылданған әлеуметтік саясат – тұрақтылықтың кепілі, ал саясат негізінде әлеуметтік қорғау жүйесі жатыр. Егер елімізде әлеуметтік тұрақтылық болмаса, халық өз тұрмысына риза болмай жиі-жиі ереуілденіп тұратын болса, сөйтіп әлеуметтік сілкіністердің еліне айналатын болсақ, басқа мәселелердің барлығы бос әңгіме болып қалмақ /2, 6б./. Сондықтан қазіргі кезде Елбасының соңғы жолдауында Қазақстан әлеуметтік экономикаға нысандауы тиіс деп белгіледі. Сөйтіп, әлеуметтік қорғау нысаналы сипат алып, халықтың әлеуметтік-демографиялық және басқа да сипаттамалары бойынша өздерін жарамды тұрмыс деңгейімен қамтамасыз етуге қамтамасыз етуге кабілетсіз топтарына ғана бағытталуға тиіс.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, таңдалған бітіру жұмыстың тақырыбы “Қазақстандағы халықты әлеуметтік қорғау жүйесі” бүгінгі күні өзекті болып табылатығына күмән жоқ.

Әлеуметтік қорғау нысаналы сипат алып, халықтың әлеуметтік-демографиялық және басқа да сипаттамалары бойынша өздерін жарамды тұрмыс деңгейімен қамтамасыз етуге қабілетсіз топтарына ғана бағытталуға тиіс.

Қоғамның әлеуметтік араласуын күшейту және ондағы қарама-қайшы процестерді дамыту әлеуметтік кепілдіктердің сенімді жүйесін жасауды қажет етеді, ол мына процестердің дамытылуына негізделетін болуға тиіс:

1) адамның өндірістегі, бөлу мен тұтынудағы құқықтарын қамтамасыз ететін әлеуметтік кепілдіктер түрлерін сақтау және оның меншікті, одан алынатын табысты иелену құқығы, меншік түрлеріне еңбек ақысының сараланған ең төменгі мөлшерін алу құқығы, жұмыссыздыққа байланысты жәрдемақы алу құқығы, ақшалай табысты индекстеу механизмі сияқты жаңа түрлерін қалыптастыру;

2) халықтың экономикалық тұрғыдан ең осал топтарына көп балалы және толық емес отбасыларына, зейнеткерлерге, уақытша жұмыс істемейтіндерге, студенттерге, қызметкерлердің төмен жалақы алатын топтарына әлеуметтік қолдау көрсету.

Басты кепілдіктердің бірі әрбір еңбеккердің белсенді және өнімді еңбек етуі үшін жағдайлар жасау кепілдігі болуға тиіс, оның өзі шаруашылық жүргізуші кез келген тұлғаға экономикалық қызметпен және кәсіпкерлікпен шұғылдану бостандығының берілуін көздейді.

Дипломдық жұмыстың мақсаты: Қазақстан үшін жаңа тиімді, әрі әділ әлеуметтік қорғау жүйесін құру.

Мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер белгіленді: Қазақстандағы әлеуметтік қорғау жүйесінің қазіргі жағдайын тереңірек зерттеп, жаңа даму бағыттарды белгілеу.

Зерттеу нысаны: Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік қорғау жүйесі.

Бітіру жұмысында Қазақстан Республикасының Президентінің жолдаулары мен Заңдар, нормативтік актілер, сонымен қатар, мемлекет үкімдері, қазақстандық және шетел авторларының еңбектері, Қаржы Министірлігінің статистикалық бюллетені қолданылды.


Бөлім: Саясаттану

Добавить комментарий