Халықты жұмыспен қамту саясаты



М А З М Ұ Н Ы

КІРІСПЕ ————————————————————- 5

І ТАРАУ. ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ҚЫЗМЕТІНІҢ МәНІ ЖәНЕ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ.

1.1. Нарықтық экономикада халықты жұмыспен қамту түсінігі,

оның маңызы және түрлері —————————————————- 10

1.2. Халықты әлеуметтік қорғау жүйесі және мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі бағыттары ———————————————— 25

1.3. Халықты жұмыспен қамту саясаты —————————————— 31

ІІ ТАРАУ. НАРЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖАҒДАЙЫНДА ХАЛЫҚТЫ әЛЕУМЕТТІК КОРҒАУДЫ ЖәНЕ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ МәСЕЛЕСІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ (БҚО ЖҚ ЖәНЕ әБҮ ДЕПАРТАМЕНТІ МЫСАЛЫНДА)

2.1. Департаменттің даму тарихы және ұйымдық-басқарушылық құрылымы————————————————————————— 45

2.2. Батыс Қазақстан облысы тұрғындарын әлеуметтік қорғау жағдайлары——————————————————————————— 64

2.3. Батыс Қазақстан облысында жұмыссыздық деңгейі және тұрғындарды жұмыспен қамту жұмыстарының негізгі бағыттары —————————- 77

ІІІ ТАРАУ. БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫ ЖОЮ ЖәНЕ әЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ШАРАЛАРЫ.

3.1. 2005-2007 жылдарға БҚО-да жұмыссыздықты жою жолдары (БҚО халықты жұмыспен қамту 2006-2007 жылдарға арналған бағдарламасы негізінде) —————————————————————————- 86

3.2. Халықты әлеуметтік қорғау бағыттары оларды жетілдірудегі шаралар —————————————————————————— 102

ҚОРЫТЫНДЫ ЖәНЕ ҰСЫНЫСТАР ——————————————— 113

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН әДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ———————————— 118

ҚОСЫМША ————————————————————————— 121

КІРІСПЕ

Әлем жұртын бүгінгі таңда әлеуметтік қорғау жүйесі оның ішінде кедейшілік пен жұмыссыздықты азайту мәселесі басты проблемалардың бірі отыр. Дүниежүзілік Банктің 2000-2001 жылдары Ғалам дамуы туралы баяндамасына жүгінсек: “Асып тасыған молшылық заманда тақыр кедейлік орын алып отыр”. Жер шарындағы 6 млрд. тұрғынның 2,8 млрды, демек тең жарымына жуығының күндік табысы 2 АҚШ долларына жуық болса, 1,2 млрд адам, яғни ғалам тұрғындарының бестен бір бөлігінің күн көрісі тіпті 1 АҚШ долларына жетпейді. Алайда, кедейлер саны күннен күнге өсіп бара жатқанымен, жер жүзіндегі жалпы өмір сүру деңгейі жақсара түсуде. Дүниежүзілік байлық пен молшылықтың, сондай-ақ, халықаралық байланыстар мен техникалық мүмкіндіктер дамуының арқасында соңғы жылдары адамзаттың өмір сүру деңгейі күрт өсуі байқалуда.

Сонымен қазіргі уақытта әлеуметтік қорғау жүйесінің және болашақ жоспарларында күрделі әрі басты мәселелерінің бірі ретінде жұмыссыздық танылуда. Оның салдарынан қоғамымызда әртүрлі келеңсіз жағдайлар орын алуы экономика үшін үлкен зиянын тигізуде. Еліміз тәуелсіздігін алғаннан бері қоғамның барлық саласында аса ірі өзгерістер болды. Мемлекетімізде құрылыс, экономиканы реформалау және саяси жүйені либерализациялау бойынша орасан зор жұмыстар атқарылды.

Бірақ, елімізде бұл саладағы мәселелердің барлығы толығымен шешілді деп айтуға ертерек. Себебі жоғарыда аталып кеткен әлеуметтік қорғау жүйесіндегі назар аудартатын өзекті мәселе халық арасындағы табыстың азаюы, кедейшілік пен жұмыссыздықтың орын алуы болып отыр.

Дегенмен де, шынайы оңды өзгерістердің орын алып отырғанын көруімізге болатын нарықтық инфрақұрылымның негізі қаланып, жеке ынталылықты арттыру үшін барлық жағдай жасал, үлкен көлемдегі шетел инвестициялары тартылып, әлеуметтік қорғаудың қазіргі заманға лайық жүйесі қалануда. Инвестиция тарту арқылы жаңа жұмыс орындары ашылып, сол өңірдің тұрғылықты халқы жұмысқа тартылды.

Бүгінде біз тұрақты экономикалық өсімнің өрлеу жолындамыз. Отандық өндіріс жанданып, халықтың айтарлықтай бөлігінің тұрмыс деңгейі жақсарып келеді. Біздің экономикамыз әлемдік экономикалық жүйеге біртіндеп ену жолында.

Соңғы жылдары экономиканың тұрақтануы арқасында әлеуметтік мәселелерге тұтастай бет бұру мүмкіндігі туды. Адам потенциалын дамытуға керекті барлық жағдай жасалып, әлеуметтік жағынан қолдау көрсету сияқты міндеттер саясатымыздың басты бағытына айналуда. Сондықтан, Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен Қазақстандағы адам дамуы туралы алтыншы рет жарияланып отырған Есептің әлеуметтік қорғау жүйесіндегі қазіргі және алда күтілетін жағдайына бағытталып, кедейшілікке қарсы күрес жүргізу проблемасына арналып отырғандығы өте орынды.

Жұмыспен қамтудың жоғарғы деңгейіне жету мемлекеттің макроэкономикалық саясатының негізгі мақсаттарының бірі. Қосымша жұмыс орындарын құратын экономикалық жүйе қоғамдық өнімнің санын көбейту мәселесін алға қояды және тұрғындардың материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыруды маңызды деп біледі. Қолда бар жұмыс күші ресурстарын толық қолданбаған жағдайда жүйе өзінің бар өндірістік мүмкіндіктерін жүзеге асыра алмайды. Жоғарыда айтылғандардың жұмыссыздық көрсеткішінің экономикалық жалпы жағдайын анықтаудағы маңызды көрсеткіштерінің бірі болатынын көре аламыз.

Қазақстан Республикасының Ата Заңының 1 бабында атап көрсетілгендей Қазақстан өзін зайырлы, құқықтық әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады. Оның басты қазынасы — адам, адам өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Елбасымыз өз саясатында осы қағидаларды басты шарт ретінде ұстанып келеді.

Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті, Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың биылғы өзінің «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» деп аталатын кезекті Жолдауында айтқандай біздің өміріміз жақсара бастады. Алдағы уақытта Орта Азиядағы көшбасшылардың біріне айналып, әлемдік нарыққа еркін араласу.

Экономикамыздың қарқынды өсуі мемлекеттік шығыстардың әлеуметтік бағдарлануын едәуір кеңейтуге мүмкіндік берді, мұның өзі экономикамыздың айтарлықтай бекемдік деңгейіне жеткенін айғақтайды.

Енді өзіміздің облысымызға келсек, жалпы облысымызда жүзеге асырылып жатырған мемлекеттік және секторальдық бағдарламалар әлеуметтік қорғау жүйесінің қазіргі және болашақ бағытында тікелей және жанама түрде халықтың әл-ауқатын жақсартуға дәлірек айтқанда кедейлік деңгейін төмендетуге бағытталған. Оны іске асыру үшін нақты жағдайлар туғызу қажет. Бұл бағытта Елбасының, облыс басшыларының және барлық деңгейдегі депутаттарымыздың қолдауының арқасында халықпен тығыз жұмыс жасап отырған жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру жөніндегі аудандық, қалалық уәкілетті органдардың техникалық-материалдық базалары күшейтіліп, автокөліктер, компьютер құралдары т.б техникалық жабдықтар сатып алынуда. Әрбір ауылдық округте арнайы атаулы әлеуметтік көмек жөніндегі мәселелермен айналысатын әлеуметтік қызметкерлер штаттары ашылды. Бұл жағдай жергілікті жерде халықпен жұмыс жасауды күшейтіп, әлеуметтік көмекті қажет ететін осал топтарды анықтауға септігін тигізді.

Кедейшілікті жоюдың бірден-бір көзі – халықты жұмыспен қамту болып табылады. Өткен жылғы болжамдалған көрсеткіштерге сүйенетін болсақ, еліміздегі жұмыссыздыќ деңгейі жоғары деңгейде қалып отыр. Жалпы республика бойынша 8,7% болса, облысымызда 8-9% деңгейін көрсетуде. Ал, экономика тұрақты дамуы үшін жұмыссыздық деңгейінің 6% аспауы қажет. Жалпы жұмыссыздық дегеніміз — еңбек биржасына жұмыссыз деп тіркелгендерді ғана айтамыз. Яғни, жоғарыдағы мәліметтердің болжамдалынып алуына осы жағдай себеп болуда.

Ұлттық экономиканың нарыққа кіруінің шамалы жүзеге асырылуы, республикадағы барлық әлеуметтік-экономикалық процестерді баяулатуда, соның ішінде ең бастысы жұмыс күшін жүзеге асыратын процестерге теріс әсер етуде. Жұмыспен қамту саласын реформалаудағы жол болмаушылықтар мен қателіктер, ұлттық экономиканың салалары мен сфераларындағы жұмысшылардың бақылауға келмейтін жұмыстан босауына, жұмыссыздықтың барлық түрлерінің өсуіне әкеліп соқтырды.

Ең бастысы шет ел тәжірибесімен танысамыз, өйткені көптеген мемлекеттер нарықтық емес қатынастан нарықтық қатынастарға реформалау жолын өткен болатын және Қазақстанға пайдалы тәжірибеге ие. Біздің ел мен дамыған елдердің жұмыспен қамту саласына араласуының айырмашылығын ескере отырып, олардың қиыншылықтармен жеткен жетістіктерін жоққа шығару біздің тарапымыздан өте қате болар еді.

Кешенді жұмыс ретінде бұл тақырыпты таңдауымыздың себебі кедейшілікпен күресу көптеген елдер алдында тұрған мәселелердің бірі болып табылады. Егер халықтың әл – ауқатын көтерсек, еліміздің экономикалық жағдайы да жақсарады. Ал халықтың әл – ауқатын жақсартудың бірден – бір жолы оларды әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту арқылы жұмыссыздық деңгейін азайтып, ел экономикасын көтеру.

Тақырыптың маңыздылығы — нарықтық қатынастар жағдайында халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамтуды ұйымдастыру шаралары қазіргі халықтың, соның ішінде әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтардың әл-ауқатын көтеру мен республикамыздағы басты мәселелердің бірі болып табылатын жұмыссыздық деңгейін азайту бағытындағы шараларды іске асару.

Дипломдық жұмыстың мақсаты болып халықты әлеуметтік қорғау, жұмыспен қамту жұмыстарын теориялық-тәжірибелік тұрғыдан меңгеру және оңтайлы іске асыру табылады. Бұл мәселені қарастыруымыздың өзектілігі — аз қамтылған азаматтарды мемлекет тарапынан әлеуметтік қорғау, халықтың тұрмысын жақсарту, кедейшілікті төмендету мақсатында жұмыссыздықтың не себептен орын альп отырғанын анықтай отырып, оны жоюдың көздерін іздеу.

Дипломдық жұмыстың теориялық маңызы – халықты әлеуметтік қорғау мен жұмыспен қамтуды меңгеру, ал тәжірибелік маңызы – қазіргі жағдайларға баға беру және болашақтағы жағдайын болжау арқылы ұсыныстар енгізу. Осы мақсатта бұл еңбекте соңғы үш жылдағы көрсеткіштер салыстыру әдісін қолдану арқылы талданған. Тақырыпты ашу мақсатында сызбалар, кестелер, диаграммалар қолдандық.

Еңбек нарығы мен жұмыспен қамту саласына облысымыздың қазіргі экономикалық даму жағдайын ескере отырып талдау жасаймыз. Біз жұмыспен қамтылғандардың көп бөлігі нарықтық экономика талаптарына сай салаларында екенін байқаймыз. Қазақстан жұмыспен қамтудың салалық құрылымы бойынша экономикасы дамыған нарықтық шаруашылыққа бағыттылған елдерге (Венгрия, Польша, Оңтүстік Корея) ұқсап бара жатыр және жұмыссыздықтың барлық түрінің өсуін, салалық құрылымдағы ауытқуларын туғызуда, соның салдарынан жұмыспен қамту мәселелерін шешу қиындай түсуде.


Бөлім: Саясаттану

Добавить комментарий