Социология тарихы



Жоспар

Кіріспе

1-Тарау Социология ғылымының қалыптасуы мен дамуы
1.1 Социология ғылымы дамуындағы тұлғалардың үлесі
1.2 Мемлекеттегі қоғам мен қалыптасқан қайраткер идеялары

2- Тарау Социология негізін салушы Эмил Дюркгеймнің орны
2.1 Э. Дюркгеймнің ғылыми тұжырымдары
2.2 Әлеуметтану ғылымының жаңа белесі
2.3 Э.Дюркгейм әлеуметтанушы

Қорытынды

Пайдаланған әдебиет тізімі

Кіріспе
Социологияның ғылымилығының классикалық түріне қатысты принциптерін француз социологы эмиль Дюркгейм өзінің «Социологиялық тәсілдердің қағидасы» еңбегінде біршама айқын көрсеткен болатын.
Дюркгейм өз социологиясын әлеуметтік факт теориясына негіздейді. жоғарыда көрсетілген еңбегінде Дюркгейм әлеуметтік фактіге қойылатын негізгі талаптарды көрсетеді.
Дюркгейм өзінің бұл социологиялық қызметі жолында қоғамдағы реттілік пен ретсіздіктердің себептерін зерттеудің маңыздылығына үлкен мән берді. Адамдардың бір-бірімен ымырашылдықта өмір сүруіне қандай нәрсе негіз болады? Кейде неліктен қоғамның құрылымы бұзылады? деген сияқты мәселелер көтереді. Осы сұрақтарға жауап беруге үмтыла отырып, ол ұжымдық сана (коллективного сознания) немесе сенімдер мен пікірлер жиынтығы концепциясын ұсынды.
Э.Дюркгеймнің маңызды зерттеулерінің бірі – мораль. Оның табиғатын, тегі мен атқаратын қызметтерін баяндауда Э.Дюркгейм әлеуметтану тұжырымдамасын басшылыққа алады. Моральды өзінің ерекшелігіне қарай, ол әлеуметтік жағдайдан, әлеуметтік ортадан, әлеуметтік құрылыстан туындатады.
Адам оларды ескеріп отыруға, күнделкті өмірде іске асыруға тиіс. Осыған байланысты Э.Дюркгейм әлеуметтік фактылардың негізгі екі нышанын көрсетеді: әлеуметтік фактылар индивидтер жөнінде объективті өмір сүреді және олар адамдарға мәжбүрлеуші ықпал жасайды.


Бөлім: Саясаттану

Добавить комментарий