О.Конттың әлеуметтану ғылымының мәні



Жоспар

Кіріспе
1- Тарау Әлемдік әлеуметтану антологиясы
1.1 Социология ғылымы дамуындағы тұлғалардың үлесі
1.2 Француз ғылымы Югост Конттың социологиядағы ғылымында алатын орны

2- Тарау О.Конттың әлеуметтану ғылымының мәні
2.1 Конттың ғылыми зерттеулері
2.2 О. Конттың позитивтік саясат жүйесі. Әлеуметтік өзгертулерге кірісу мүмкіндігі

Қорытынды

Пайдаланған әдебиет тізімі

Кіріспе

Біз тәуелсіздіктің көк туын көтеріп, дербес мемлекет негізін қалаған күннен бастап, дүниауи, осы заманғы мемлекет болу бағытын ұстадық. Ата заңымызды қабылдадық, барлық әлем халықтары ұстанған нарықтық экономика жолына түстік, бұған қоса жахандану процесімен де бетпе-бет келіп отырмыз. Бірақ осы түбірлі өзгерістерге біздің қазақ халқы алдын-ала даярлықсыз бет бұрды. Олай дейтініміз біз, қазақстандық азаматтар, Еуропа тарихы мен мәдениетін, оның халықтарының рухани қазынасын кең көлемде әлі меңгеріп үлгермеген болатынбыз. Бүгінде социология ғылымын оқып білу өте қажет, социология ғылымының дамуы мен тарихы өте қажетті, соның ішінде ірі социолог О. Конттың тарихын білу қажет.
Конт социологияны әлеуметтік статика, әлеуметтік динамика деп үлкен екі тарауға бөлді. Біріншісі қоғамдық жүйесінің өмір сүру шарттары мен заңдарын, ал екіншісі қоғамдық жүйенің даму және өзгеру заңдарын зерттейді.
Әлеуметтік статика – қоғамдық тәртіп, ұйым, үйлесім теориясы. Конт қоғамды барлық бөліктері өзара тығыз байланысты, бір-бірімен берік бірлікте ғана тануға болатын органикалық тұтас дүние ретінде қарастырады. Бұл тұжырымдама индивидтер теориясына, яғни қоғамды жеке адамдардың (индивидтердің) келісім – шарттарының жемісі ретінде түсіндірушілерге қарсы бағытталған. Қоғамның құрылымын айқындап, үйлесімділік пен тәртіпті қамтамасыз етіп отыратын принциптерді зерттеу кезінде Конт осы принциптерді оларды жүзеге асыратын әлеуметтік саясатпен тығыз байланыстырады. Ол алдымен негізгі қоғамдық институттарды (отбасы, мемлекет, дін) олардың әлеуметтік қызметі, әлеуметтік ықпалдастықтығы тұрғысынан қарастырады. Конт заңы бойынша, адамзат қоғамы дамудың теологиялық, метафизикалық және позитивтік үш сатысын басынан өткереді.
Конт Ағарту дәуірінің ғалымдары өз заманының әлеуметтік тәртіптеріне тым шүйліге қарап, қоғамдық институттар арасындағы байланыстарды лайық бағалай алмады деп санады.
Сондықтан ол осы мәселемен түбегейлі айналысып, жаңа пәнді «әлеуметтік физика», кейіннен біржола «әлеуметтану» деп атап, ғылыми айналымға енгізді. Ол экономикалық өмір, әр замандағы үстем идеялар, индивидуалдық пошымдары, отбасы құрылымы, тіл және әлеуметтану ғылымының ерекше объектілері деп белгіледі. Адамзат ақыл-ойының даму барысын үш белескен: теологиялық (үш мың жылдай уақыт), метафизикалық (XIV-XVIII ғасырлар), позитивтік немесе ғылыми белестерге бөледі. Конт сондай-ақ ғылымдар иерархиясын ұсынып, оны математика, астрономия, физика, химия, биология және әлеуметтану деп көрсетеді.
Әлеуметтану деп өзі бөліп көрсеткен ғылымда ол «қоғам», «әлеуметтік организм», «әлеуметтік жүйе», «әлеуметтік құбылыс» секілді терминдерді қолданып, біржола орнықтырды.
Бұл курстық жұмыс социология ғылымының негізгі салушы О. Контты қарастырады.


Бөлім: Саясаттану

Добавить комментарий