Неке және отбасы



Жоспар

Кіріспе

1- Тарау Қазақстан Республикасы отбасы саясатының теориялық мәселелері

1.1 Отбасы зерттеудің теориялық тәсілдерінің типологиясы

1.2 Неке және отбасы социологиясы

2- Тарау Отбасы және оның материалдық – экономикалық, шаруашылық- тұрмыстық қызметтері

2.2 Отбасының тәрбиелік қызметі

Қорытынды

Пайдаланған әдебиет тізімі

Кіріспе

Қазақстандағы отбасы және мемлекеттің отбасы саясаты мәселелері дамыған елдерде тәң жалпы әлемдік даму бағыты ретінде бүгінде республикамыз бастан өткеріп отырған даму кезеңінің де басты ерекшелігі ретінде айқындалады. Осыған байланысты, көптеген отбасы проблемалары бүгін ғана туындап отырған жоқ, толымсыз отбасы, ажырасу, ерлі-зайыптылар жанжалы, сондай-ақ, жалғызбастылар проблемасы бұрын да болған, бірақ, оған жете мән берілмеген. Оған қоса, адамның өзінің жеке өміріне, некеге, сүйіспеншілікті мүдделерінің қанағаттандырылуына, рухани жақындыққа деген талабы да арта түскен.

Некелік-отбасылық қатынас бүгінгі таңдағы аса маңызды қоғамдық-саяси мәселенің бірі. Отбасы – халықтың өсіп-өркендеуінде, өсіп келе жатқан ұрпақтар тәрбиесінде, ата-бабаларымыз мұра еткен саяси-әлеуметтік тәрбие мен мәдени иқұндылықтарды жеткізуде өте маңызды роль атқратын қоғамның құрамдас бір бөлігі. Отбасының тіршілік әрекеті экономикада, саясатта және мәдениетте жүретін процестермен байланысып, саяси-әлеуметтік шынайлықпен астарласып жатыр. Сол себепті, отбасы жағдайы және мемлекеттің отбасы саясатын жүзеге асыру дәл біздің қоғамымыздың дағдарыс кезеңінде өте қиындап, күрделене түсті.

Отбасы саясаты – бір-бірімен өзара әрекеттестіктегі көптеген институттардың бірі ретіндегі отбасының өзіндік мүдделерін және өзге де әлеуметтік рольдермен қатар отбасылық рольді де атқарушы ретіндегі адамның өзіндік мүдделерін қорғайтын қоғамның жалпы саясатының бір бөлігі


Бөлім: Саясаттану

Добавить комментарий