Жастар проблемалары



Жоспар

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім:
4. Жастар бағалауындағы қазіргі Қазақстанның өзекті саяси проблемалары.
4.1. Жастардың елдегі саяси жағдайды бағалауы.
5. Жастардың саяси белсенділік деңгейі.
5.1. Қазақстан жастарының саясатқа ықыласы.
6. Азаматтық қоғамдағы жастар мен саяси институттар.
6.1. Қазақстандық жастардың саяси партиялар қызметтеріне сенімділік деңгейі.
6.2. Жастар пікіріндегі жастар ұйымдарын бағалауы.
ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
V. Қосымшалар

КІРІСПЕ

Қазақстанның тәуелсіздік алған тұстан бастап қазіргі кезеңге дейінгі дамуы барысында еліміздің экономикалық және қоғамдық-саяси жүйесінде түбегейлі өзгерістер болып, нәтижесінде экономика саласымен қоса, саяси салада да айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілді. Аталмыш салалардағы қайта өзгертулер барлық тұрғын халықтың әлеуметтік қабаттарына, оның ішінде жастарға да ықпалын тигізді.
Қазіргі уақытта, Қазақстан жастары қоғамның келешегін анықтаушы негізгі факторлардың бірі болып табылатын тұрғын халықтың үлкен әлеуметтік тобына айналған. Қоғамның барлық салаларындағы кең көлемді қайта өзгертулерден туындаған ахуалдар жастардың даму ерекшеліктері мен олардың қоғамның әлеуметтік құрылымындағы мәнін тағы бір қырынан аша түседі. Осы айтылғандардың барлығы жас ұрпақтың саналы қалыпьасуына, олардың әлеуметтік-экономикалық қайта өзгеру факторларының жастардың қажеттіліктеріне, мүдделеріне, құндылық бағдарларына және әлеуметтік мінез-құлықтарына да айтарлықтай әсер ететіндігін көрсетті.
Жастар біздің қазіргі замандағы Қазақстан жағдайында жас азаматтардың алатын орны аса елеулі. Жастар қоғамның басым бөлігін құраушылар ғана емес, сонымен жас азаматтар қоғам өміріне, қоғамның саяси өмріне айтарлық ықпал ете алатын әлеуметтік-демографиялық топ. Әрбір жас азаматты елінің саяси хал-ахуалы, халықтың түрлі әлеуметтік қабаттарының заңдық қорғалуының құқықтық негіздері, елімізде жүргізіліп жатқан түрлі саяси реформалар мен заңдарға енгізілген өзгертулер мен толықтырулар, еліміздің сыртқы саяси жағдайы мен елдегі саяси жағдайы алаңдатуға міндетті. Сондықтан осы процестердің ішінде пайда болған қарым-қатынас пен өзара әрекеттестік жағдайы жастардың басты назарында болуға тиісті.
Жастардың саясатқа қатысуының ең өнімді үлгісіне жастардың қоғамдық ұйымдарына, саяси партияларға және өзін-өзі басқару органдарында қатысуды жатқызады.
Соңғы жылдары еліміздің саяси саласындағы оқиғалардың тез дамуына қарамастан, жастардың көпшілігі республикадағы саяси ахуалдар сәтті және бірқалыпты (75,5%) деп бағалайды.
Болашақта бүгінгі таңда өз ісін бастауға ниет білдірген жас адамдарды оқыту және оларға несие беру жөніндегі іске асырылып жатқан жобалар, шағын бизнес объектілерін қолдау, бағдарламалар шеңберіндегі өзіндік жұмысбастылық және аймақтық жастар бағдарламаларының жобалары республикада жұмыссыздық деңгейінің қықаруына оң ықпалын тигізеді.
Сонымен қатар, қазақстандық жастардың саяси белсенді топтарын олардың саясатқа қатысу үлгілері бойынша анықтауға болады. Мәліметтер көрсеткендей, республиканың жас азаматтары қоғамдық-саяси институттармен демократиялық қарым-қатынас жасауға ниет білдіреді.
Курстық жұмыстың негізгі зерттеу объектісі – «жастар» түсінігін топтастыратын Қазақстан Республикасындағы 14 пен 29 жас аралығындағы тұрғын халықтың әлеуметтік-демографиялық тобы.
Мәселенің негізгі өзектілігі – республикамызда соңғы уақытта болып жатқан ішкі және сыртқы саяси жағдайларға жастар тарапынан берілген бағалаулардың еліміздің саяси жүйесіне қаншалықты ықпалды екенін көрсету.
Курстық жұмыстың зерттеу пәні – тікелей зерттеу мен талдау жастардың қазіргі еліміздегі сыртқы саясат пен ішкі саяси ахуалды өздігінше бағалауы мен өзіндік қалыптасқан әртүрлі ой-пікірлері.
Курстық жұмыстың мақсаты – Қазақстан жастарының еліміздің саяси жүйесіне өздігінше баға беру мен өз көзқарастарын белгілі бір динамикалық ретпен білдірудің статистикалық мәліметтеріне талдау жасау. Мемлекет тарапынан жүргізіліп жатқан саясаттың тиімділігін арттыру жөніндегі ұсыныстар енгізу.
Курстық жұмыстың міндеттері төмендегідей:
– қазіргі қоғамдық өмірде жастардың алатын рөлі;
– саяси сараптама барысына жастардың ықпалы;
– қазіргі уақытта жастарға байланысты берілген статистикалық мәліметтер мен көрсеткіштерді айқындау;
– жастардың саяси партиялар қызметтеріне сенімділік пен танымдылық деңгейін көрсету;
– Қазақстан жастарының саясатқа деген ықылас деңгейін анықтау.
Негізгі ақпарат көзі Жастар саясаты департаменті мамандары жүргізген «Қазақстан жастары – 2004» атты республикалық социологиялық зерттеу қорытындыларына негізделген.


Бөлім: Саясаттану

Добавить комментарий