Жастардың әлеуметтік жағдайы



Мазмұны

Кіріспе ———————————————————————————3

I тарау

1.1. Жастардың әлеуметтік жағдайының басты қағидалары мен әдістері———————————————————————————5

1.2. Жастардың әлеуметтік жағдайының қалыптасуының тарихы ——-7

1.3. 40-60 жылдардағы жастардың әлеуметтік жағдайы және оның жастар қоғамына тигізетін әсері ————————————————-8

II тарау

2.1. Жастардың әлеуметтік жағдайының модернизация кезіндегі орнығуы (XX ғ. 60-80 жж )———————————————————9

2.2. Өтпелі кезеңдегі жастардың әлеуметтік жағдайы ———————17

2.3. Қазіргі кездегі жастардың әлеуметтік жағдайының жетістіктері мен кемшіліктері ————————————————————————26

Қорытынды ————————————————————————-33

Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

“… Біз өзіміз жүргізіліп отырған қайта құруларда, қазақстандық қоғамдағы әлеуметтік серіктестіктерінің белсенділігін дамыту жолында, біздің бозбалалар мен бойжеткендеріміздің мүмкіндіктері мен энергиясын жүзеге асыру үшін жағдай жасай отырып, жас ұрпақтың рөлін бекітуді қажет етеміз.

Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясында көрсетілгендей біздің елміздің алдына қойған мақстатарына жетуді қамтамасыз ету міндеті мен жауапкершілігі тек сіздерге жүктеледі. Барлық келешек ұрпақтың күшін біріктіру біздің өмірімізді демократияландырудың негізгі факторы, азаматтары, әсіресе жастар өзін, өз отбасын, өзінің ата-аналарын игілікті өмірмен қамтамасыз етуді жүзеге асыруға болатын гүлденген мемлекетті құрудың басты шарты болып табылады”.

Бұл Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 1998 жылы ақпан айында өткен студенттер мен жастар ұйымдарының өкілдерінің республикалық съезінің қатысушыларына арналған Жолдауынан үзінді еді. Ол сөз жоқ қазіргі және болашақ еліміздің дамуының кезеңдеріндегі жастардың рөліне берілген әлеуметтік және адамгаршілік жағынан берілген баға болуымен құнды. Қазақстандық қоғам үшін жас ұрпақтың маңыздылығын статистика да дәлелдеп отыр. Қазіргі уақытта Қазақстанда жасы 16-дан 29 жасқа дейінгі 3788,1 мың азамат өмір сүреді, ол халықтың 40% құрайды екен. Республиканың экономикалық салаларында 1205,8 мыңдай жастар еңбек етеді, яғни ол жалпы еңбекке тартылғандардың 28,9%.

Міне, Қазақстан жастары туралы осындай нақты мәліметтердің өзі жас ұрпаққа арналған және осы жас ұрпақтың өзі жүзеге асыратын, жалпы қоғамның мүддесін қорғайтын мақсатты, ғылыми негізделген әлеуметтік саясаттың аса қажеттігін көрсетіп отыр.

Курстық жұмысымның тақырыбын таңдау себебім, біріншіден, бұл тақырып зерттеуге өте қызық, екіншіден, жастардың қазіргі кездегі әлеуметтік жағдайының қандай екені мені қатты толғандырды. Ал жастардың әлеуметтік жағдайы әлеуметтік проблемаларға байланысты. Жастардың әлеуметтік проблемаларына деген қызығушылықтың өзектілігі әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өзгеру кезеңін басынан кешіп отырған қоғамдарда күшейіп отыр. Қазақстан үшін жас ұрпақ жоғарыда аталып өткендей, халықтың төрттен бір бөлігін құрайтындықтан жастардың әлеуметтік проблемаларын зерттеу, әлеуметтік жұмыстың механизмін, технологияларын зерттеу қазіргі қазақстандық жастар үшін – жас ұрпақтың нарық заңдарына кездесіп, бұрынғы ұрпақтарға қарағанда қатал бейімделу жолдарын таңдау алдында қалуымен де байланысты. Балалар және жасөспірімдер қараусыздығы, жастар қылмысы, нашақорлық, жұмыссыздық сияқты өтпелі кезеңде байқалған мұндай құбылыстардың ауқымы жастарды әлеуметтік жұмыстың әлеуетті объектілеріне айналдырып отыр.

Курстық жұмысым екі тараудан тараудан тұрады. Бірінші тарауда мен жастардың әлеуметтік жағдайының қағидаларын, әдістерін, қалыптасу тарихы мен 40-60 жылдардағы жастардың әлеуметтік жағдайын қарастырдым. Ал екінші тарауда жастардың модернизация кезіндегі және өтпелі кезеңдегі әлеуметтік жағдайын, олардың жетістіктері мен кемшіліктерін қарастырдым.


Бөлім: Саясаттану

Добавить комментарий