Еңбекті қорғау



Жоспар:

Кіріспе…………………………………………………………………………………………………………3

І. Еңбекті қорғаудың негіздері

1. Еңбек құқығы мен еңбектік тұлғааралық қатынастар түсінігі…………………..5

2. Қазақстан Республикасының еңбек қорғау туралы заңңамасы…………………..7

3. Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды ұйымдастыру…………………………..13

ІІ. Қызметкерлердің жекелеген түрлерінің еңбегінің қорғалуы

1. Әйелдер еңбегін қоргау………………………………………………………………………16

2. Жасы кәмелетке толмағандардың еңбегін қорғау…………………………………19

3. Қабілеттілігі шектеулі адамдардың еңбегінің қорғалуы……………………..21

ІІІ. Қазақстан Республикасындағы еңбек қорғау шараларының жүзеге асырылуы

1. Қазақстан Республикасындағы еңбекті қорғаудың қазіргі кездегі

көрінісі…………………………………………………………………………………………………….23

2. Еңбекті қорғаудың шетелдік тәжірибесі……………………………………………….27

Қорытынды………………………………………………………………………………………………..29

Пайдаланылған әдебиеттер………………………………………………………………………..31

Кіріспе

Еңбек құқығы құқықтың жетекші салаларының бірі ретінде еңбек сферасындағы өмірлік қатынастарды реттейді.

Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету проблемалары — Қазақстанда да көкейкесті мәселелердің бірі. Республиканың ұйымдарындағы еңбекті корғаудың жай-күйі Үкіметтің және уәкілетті мемлекеттік органдардың тұрақты қадағалау нысаны болып табылады.

Жұмыс орындарындағы жазатайым оқиғалардың өсуіне жұмыстардың қауіпсіз жүргізілуіне деген тиісті бақылаудың болмауы, жұмыскерлерді қауіпсіз жұмыс тәсілдеріне жеткілікті үйретпеу, қауіпсіздік талаптарының, еңбек және өндірістік тәртіптің орындалмауы да теріс ыкпалын тигізіп келеді. Өндірістегі жазатайым оқиғаларға қатысты құбылыстардың сақталуы көп жағдайларда еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы нормативтік-қүқықтық базаның жеткіліксіздігіне, оның экономикалық реформалар қарқынына үлгермей, артта қалып қоюына да байланысты. Сондықтан еңбек қатынастарын реттеу саласындағы негізгі міндеттердің бірі — еңбекті қорғаудың тиімді басқару жүйесін әзірлеу және жүзеге асыру болып табылады.

Жаңа технологиялар мен өндіріс жүйелерінің жасаудағы маңызды талаптардың бірі – бұл адмның еңбек етудегі салауатты және кауіпсіз шарттарды қамтамасыз етумен байланысты проблемаларды зерртеу және белгілі бір шешімдерді қабылдау. Өндірісте жазатайым оқиғалардың, кәсіби аурулардың, авариялардың, өрттің мүмкін болатын себептерін анықтау мен зерттеу, сонымен бірге оларды жоюға бағытталған іс-шараларды әзірлеу адамның еңбек етуге қалыпты және қауіпсіз шарттарды жасауға мүмкіндік береді.

Жасалған жұмыстың негізі мақсаты — еңбекті қорғауға қатысты барлық негізгі мәселерді мен сұрақтарды қарастыру. Бұл аталған мақсатқа жету үшін келесідей талаптарды орындау қажет:

 еңбекті қорғауға түсінік беру;

 еңбекті қорғау жөніндегі мәселелерді реттейтін нормалардың қайнар көздерін көрсету;

 еңбекті қорғауға қатысты еңбек құқығы субъектілерінің құқықтары және міндеттерін қарастыру;

 еңбек құқығының заңнамасы мен еңбекті қорғау ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілік жағдайларын анықтау;

 қызметкерлердің жекелеген түрлерінің еңбегінің қорғалуын бақылау (әйелдер, жасы кәмелеткет толмағандар, еңбек қабілеттілігі шектеулі тұлғалар).


Бөлім: Саясаттану

Добавить комментарий