Ұжымдық қарым-қатынастың психолингвистикалық аспектілері



МАЗМҰНЫ

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім.

1 – Тарау. Ұжымдық қарым- қатынастың зерттелу тарихы.

1.1. Ұжымдық қарым- қатынас туралы түсінік.

1.2. Ұжымдық қарым- қатынастың шетел тіл білімінде зерттелуі.

1.3. Орыс тіл білімінде ұжымдық қарым- қатынастың зерттелу деңгейі.

2- Тарау. Ұжымдық қарым- қатынастың псхолингвистикалық аспектілері.

2.1. Ұжымдық қарым- қатынас құралдары.

2.2.Ұжымдық қарым-қатынас құралдарының негізгі бөлшегі -мәтін

және оның табиғаты.

ІІІ. Қорытынды.

1.Жұмыстың өзектілігі.Тіл ғылымының қазіргі даму кезеңіндегі тілдік жүйені, тілдің коммуникативті қызметі, тіл мен адам факторы арасындағы, тіл мен қоғам арасындағы байланыс аспектісінде зерттеуге айрықша назар аударылып отыр.Тілдік жүйені тілдің коммуникативті қызметіне негіздей зерттеу психолингвистика, когнитивті лингвистика,функционалдық лингвистика,прагматикалық лингвистика саласында қарастыратыны белгілі.Қазақ тіл білімінде осы бағытта зерттеуді қажет ететін саланың бірі-ұжымдық қарым-қатынастың психолингвистикалық аспектісі.

Ұжымдық қарым-қатынастың психолингвистикалық аспектісін тілдің коммуникативті функциясымен байланыстыра зерттеу тиімді бағыттың бірі.Ұжымдық қарым-қатынастың мәтіндік қырын қарастыру психолингвистикаға қатысты негізгі мәселелер мен бағыттарды анықтауға жол ашады, өйткені,ұжымдық қарым-қатынас қоғамдық өзгерістерге қарай,адамдардың қабылдау еркшелігіне қарай жаңарып, өзгеріп отырады.

Психолингвистика тілдік қарым — қатынас құралы ретінде адмдардың сана-сезіміне, іс -әрекетіне әсер ету мақсаты тұрғысынан қарастырады.1946ж Америка ғалымы енгізген (Н.Пронко)термин (« Тіл және психолингвистика» деген мақаласында.).

Психолингвистиканың әр түрлі аспектісін Н.И.Жинкин,А.А.Леонтьев,Р.Мертон,Р.М.Фрумкина,К.Ховланд,А.Ламсдейн,Ф.Шеффильд,П.Лазарсфельд,Б.Берельсон,О.С.Ахманова,Д.Слобин,Д.Грин,А.А.Залевская т.б ғалымдар әр қырынан зерттеген.

Ал Ұ.Т.Қ-тың маңыздылығын зерттегендер А.И.Михайлов,Л.М.Землянова,М.С.Каган,В.М.Березин,Н.Г.Ланге, Э.П.Щубин,Г.П.Бакулев т.б ғалымдардың еңбектерінен көреміз.

Бүгінгі қоғамдық дамуда демократияға шындап бет бұру мен жариялаудың еліміздің саяси өміріне, экономикалық қарым-қатынасына түбегейлі өзгеріс әкелген жаңа кезең болып отыр.Осы демократиялық өзгерудің барлығы ұжымдық қарым-қатынастың тілінен көрініс табуда.Соған байланысты Ұ.Т.Қ –ты бұрыннан айқын тұжырымдалған ұжымдық насихаттың, үгітшіліктің және ұйымшылдықтың, рөлі де жаңа бағытта өзгеріп тың сатыға көтірілуде. Қазіргі ұжымдық қарым-қатынастың ауқымы кеңейіп, көптеген шектеулер алынып, ой-пікірге еркіндік берілген. Ұжымдық қарым-қатынастың осындай жаңа сипатына сәйкес психолингвистикалық ерекшеліктер айрықша көзге түсіп отыр. Соадықтан қазақ тіл білімінде бұрын жеке зерттелмеген ұжымдық қарым-қатынас психолингвистикалық аспектісіне байланысты мәселелерді мәтін көлемінде зерттеу адамның психологиялық қабылдауына нақты талдау жасауға оның өзіндік ерекшелігін жаңа қырынан тануға жетелейді және жұмыстың өзектілігін дәлелдейді.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеті. Ұжымдық қарым-қатынас мәтіннің психолингвистикалық ерекшелігін, оның белгілерін, атқаратын қызметін анықтау. Осы мақсатқа сай диплом жұмысында төмендегі міндеттерді анықтау көзделді.

— ұжымдық қарым-қатынас және оның зерттеу тарихына шолу жасау;

— ұжымдық қарым-қатынас теориясына , оның шетел және орыс тіл білімінде зерттелуін шолу жасай отырып, зерттеу барысында сүйенген теориялық принциптерді негіздеу;

— ұжымдық қарым-қатынас тілінің психолингвистикалық аспектісін айқындау;

— ұжымдық қарым-қатынас құралдарының тіліндегі мәтіннің адам психологиясындағы алатын орнын , лингвистикалық тұрғыдан бейнелеуін айқындау;

— газет-журнал беттеріндегі мәтіннің эмоциялық-экспрессивтік қырына байланысты талдау;

— радио және теледидар тіліндегі мәтіннің психолинвистикалық аспектілерін айқындау.

Зерттеудің теориялық және практикалық тілі. Ұжымдық қарым-қатынас мәтіні психолингвистикалық аспект тұрғысынан қарастырып, зерттеу жүйесі анықталады. Психолинвистикалық аспекті мәтін деңгейінде анықталып, ұжымдық қарым-қатынас тілінің ерекшеліктері тың, жаңа қырынан қарастырады. Мәтіннің эмоциялық-экспрессивтік мәні мен ерекшеліктерін ашуға ұмтылыс жасалды. Ұжыдық қарым-қатынас тілін одан әрі кешенді түрде зерттеуге кең жол ашып, болашақта ізденуге тбағыт береді, қазақ тіл білімінде ұжымдық қарым-қатынастың психолингвистикалық дамуына үлес қосады.

Ұжыдық қарым-қатынастың психолингвистикалық аспектілері деген тақырыпта жоғары оқу орындарында курс жүргізуге негіз бола алады. Жинақтардан мматериалдарды жоғары оқу орындарында коммуникативтік лингвистика, прагматикалық лингвистика, әлеуметтік лингвистика, психология салалары бойынша қазақ тілін оқытуда пайдалануға болады.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Қазақ тіл білімінде бұрын арнаулы зерттеу нысаны болмаған ұжымдық қарым-қатынастың психолингвистикалық аспектісі мерзімді баспасөз материалдары негізінде , радио мен теледидар мәнінің негізінде қарастырады. Ұжымдық қарым-қатынас мәтіні тілінің белгілі бір мақсат –мүддеге сай қолданылу ерекшелігі айқындалады. Коммуникативтік мақсат бар жерде психолингвистикалық аспекті асатындығы дәлелденді. Ұжымдық қарым-қатынастың мәтінінде психолингвистикалық аспекті атқаратын бағалаушы микроэлементтер (эмоциялық-экспресивтік мәні бар лексика, синтаксистік құрылымдар, графикалық құрылымдар ) теориялық тұрғысынан тұжырымдайды.

Зерттеу әдістері. Диплом жұмысын негіздеуде сипаттама әдісі, контекстік талдау, жүйелеу, салыстырма әдістері қолданылды.

Зерттеу нысаны (обьектісі). Ұжымдық қарым-қатынас тіліндегі материалдар бойынша психолингвистикалық аспектілері: ufptn6 : газет, журнал, радио, теледидар, тіліндегі эмоциялық-экспрессивтік мәні бар мәтіндер, психологиялық қызмет атқаратын тілдік құралдар; психолингвистикалық аспектілерге қатысты коммуникативтік стратегия мен коммуникативтік тактика.

Зерттеу жұмысының дерек көздеріндегі негізгі тілдік материалдар «Егемен Қазақстан», «Қазақ әдебиеті», «Ана тілі», «Жас Алаш», «Алматы ақшамы», «Қазақ елі», газеттерінен , «Қазақстан әйелдері», «Денсаулық».

Зерттеу жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, және пайдаланған әдебиеттерден тұрады.


Бөлім: Психология

Добавить комментарий