Қиын балалармен әлеуметтік-психологиялық жұмыс



МАЗМҰНЫ

Кіріспе ……….. 3

Бөлім І «Қиын» балалар әлеуметтік және педагогикалық-психологиялық іс-әрекеттің объектісі ретінде …………. 5
1.1 «Қиын» балалар ұғымының мәні және олардың пайда болуына әсер етеін жағымсыз факторлар ………. 5

1.2 Мінез-құлықтың бұзылу себептері және жағымсыз әдеттердің пайда болуы ………….. 12

Бөлім ІІ. Мектеп жасындағы «қиын» балалармен кәсіби іс-әрекеттегі қайта тәрбиелеу әдістері және технологиясы ……. 17
2.1. Мектептегі «қиын» балалардың алдын-алу жұмысының  негізгі бағыттары ….. 17
2.2. Қазақстан Республикасындағы жасөспірімдер ортасында құқық бұзу жағдайының өсу динамикасы ….. 26
2.3. Қиын балалармен педагогикалық-психологиялық жұмыстың қайта тәрбиелеу әдістері ……………. 33

Қорытынды ……….. 38

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі …… 40
КІРІСПЕ
Жалпы білім беретін орта мектептерде тәрбие жұмыстарын одан әрі жетілдіру, оқушылардың тәртіп бұзушылығын болдырмауды алдын алудың формалары мен әдістері белгіленген. Әрине, жекелеген оқушылардың қоғамға жат мінез-құлықтар көрсетуі және заң тәртібін бұзуы, мектеп және жұртшылықтың тәрбие жұмыстарынан кеткен кемшіліктерден демекпіз.
Қиын балаларды қайта тәрбиелеу, қоғамдық орындарда тәртіп сақтау және заң нормаларын ұстау, оқушылардың күнделікті әдет-дағдыларына сіңіру мемлекеттік міндет ретінде қарастырылып отыр. Бұл істі шаруашылық, әкімшілік ұйымдар, қоғамдық ұйымдар, мектептер мен отбасылардың бірлесе отырып атқаруы қажет.
«Қиын» оқушыларды тәрбиелеу мәселесі мұғалімдердің, ғалымдардың, педагогтардың, психологтардың әрдайым назарында. Ал елімізде оларды тәрбиелеу мен бірнеше ондаған арнаулы мектеп-интернаттар айналысады. Өйткені, мектептердің оқушылар ұжымында балалардың осындай арнаулы категориялары әлі де кездесіп қалып отырады.
«Қиын» балалар қатарына психикалық дамуы уақытша баяулаған тез ашуланшақ, уайымшыл, өзін төмен санайтын, мінез-құлқында психопатиялық формалар кездесетін, кейде ашулары «қайнағанда» дәрі-дәрмек беру арқылы қозу күйін тежейтін балалар жатады. Осындай оқушыларға педагог тарапынан гуманистік қасиеттер мен этикалық талап тілектер қоя білетін педагогтік шеберліктер қажет.
«Қиын» балаларды қайта тәрбиелеу мәселелері жаңадан ғана қаралып отырған проблема емес, революциядан бұрынғы орыс және шетелдік педагогикалық ойлардың қайраткерлерінің бірі П.Г.Бельский, А.Богдановский, А.Я.Герд, Д.А.Дриль, Д.Р.Тальберг, А.А.Фидлер және т.б.
20-30 жылдары құқық бұзушы және баспанасыз қалған балалардың проблемасын қолға алып, зерттеу жұмыстарын жүргізе бастады. Бұл мәселелермен еліміздің аса көрнекті педагогтері мен психологтары Н.К.Крупская, С.А.Макаренко, С.Т.Шацский, А.С.Выготский және т.б. шұғылданды.
30-50 жылдар аралықтарында объективтік жағдайларға байланысты тоқтап қалып, тек 50-60 жылдардан кейін ғана қиын балалар мәселелерімен шұғылданушылардың ғылыми еңбектерінде В.А.Сухомлинский, Л.С.Славина, Г.П.Медведев, Л.М.Зюбин, Э.Г.Костяшкин, Г.А.Уманов, М.А.Невский, З.И. Шыныбеков, В.В.Трифонов, Р.К.Мәмбетова, Л.К.Керімов т.б. жарық көре бастады. Бұл ғалымдардың зерттеу жұмыстарының дәлелдеуінше, «қиын» балалардың пайда болуына үш фактор себеп болады:
1) отбасы тәрбиесінің дұрыс ұйымдастырылмауы, яғни тұрмыстағы ұрыс-талас, дау-жанжал баланың психологиялық ерекшеліктерін ескермеу, маскүнемдік, ата-ананың біреуінің болмауы т.б. жағдайлар себепші болған;
2) мектептегі оқу – тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда кеткен кемшіліктер, яғни жекелеген оқушылардың мінез-құлық ерекшеліктерін, ынта-ықыласын, қызығушылығы мен талап-тілегін ескермеу мүмкіндік берген;
3) жұртшылықтың тәрбие процесіне толық көңіл аудармауынан, яғни балалардың тұратын ықшамаудандарында әр түрлі үйірме жұмыстары мен спорт секцияларына тиянақты тартылмауы, бос уақыттарын дұрыс ұйымдастырылмау салдары да негіз болған.
«Қиын» балалардың жекедаралық ерекшеліктерін өмір жағдайымен, тәрбие мен өзара әрекеттігін есепке алып, кешенді құрама түрінде зерттеп, іске асырған П.П.Блонский (1936 ж) болды. Оның зерттеуінің негізгі мақсаты балалардың өмірін анықтау. Ол «қиын» балалардың мінез-құлық тарихын мектеп, отбасы арқылы ашып көрсетеді. Бұл балаға былайша мінездеме береді: объективті көзқараспен қарағанда қиын оқушы мынандай, ол мұғалімнің жұмысының жемісті еместігіне байланысты, ал субъективті көзқараспен қарағанда «қиын» оқушы мынандай, онымен мұғалімдерге жұмыс істеуге қиын, мұғалімнен көп жұмысты істеуді талап ететін оқушы «істі бүлдіруші» оқушыларға толыққанды мінездеме бере отырып, П.П.Блонский өз жұмыстарында мектепті, сыныпты ұйымдастыруға баса көңіл бөледі. Оның пікірі бойынша қайта тәрбиелеудің нағыз тура жолы тәртіп бұзушыларды мәдениетсіз ортадан мәдениетті балалар ұжымына біртіндеп әкелу болып табылады.
Көп жылдық оқу мен бақылау негізінде И.А.Невский қиындықпен тәрбиеленетін баланың пайда болуын, балалар мен отбасында, мектепте жүргізілетін оқу-тәрбие жұмыстарының жеткіліксіздігінен, кемеліне жетпеген педагогикалық практика нәтижесінен деп түсіндірді. Әрі қарай ойын былай көрсетеді: «бұл қыңыр құбылыспен күресу бағытының шешімі мұғалімнің тиімді әдістерді меңгеру қабілетіне қарай емес, сол әдістерді дұрыс пайдаланып, дұрыс игеруіне негізделеді.
Зерттеу жұмысының объектісі: мектеп жасындағы қиын балалар.
Зерттеу жұмысының пәні: қиын бала ұғымының мәні, негізгі әсер етуші факторлары, жағымсыз әдеттерінің пайда болу ерекшеліктері және олармен әлеуметтік, психологиялық-педагогикалық жұмыс әдістері.
Курстық жұмыстың мақсаты: қиын балалармен әлеуметтік-психологиялық жұмыстың негіздерін зерттеу.
Курстық жұмыстың осы мақсатына сәйкес келесі зерттеу міндеттері анықталды:
— қиын бала ұғымын, факторларын, бұзылу себептерін және жағымсыз әдеттерінің пайда болуы жөніндегі ғылыми әдебиеттерді талдау;
— жалпы білім беретін мектептерде кедесетін «қиын» балалармен қайта тәрбиелеу жұмысын жүргізудің әлеуметтік-психологиялық әдістерін және механизмдерін зерттеу.
— жалпы білім беретін мектептердегі педагогтың тәжірибелік іс-әрекетінде қолданбалы модель жобасын өңдеу және оған әдістемелік нұсқауларды беру.
— мектептегі «қиын» жасөспірім оқушылармен педагогикалық-психологиялық жұмыс істеу технологиясының негіздерін дәлелдеу, талдау.


Бөлім: Психология

Добавить комментарий