ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕ СТУДЕНТ ТҰЛҒАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ТИПОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



М А З М Ұ Н Ы

Кіріспе……………………………………………………………………………………………………. 4

І БӨЛІМ Студент тұлғасын зерттеудің психологиялық

теориялық негіздері ……………………………………………………………………………….6

1.1 Студент тұлғасының дамуының психологиялық ерекшеліктері…………..6

1.2 Студенттерді оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық

ерекшеліктері……………………………………………………………………………………………27

ІІ БӨЛІМ Студент тұлғасын псхологиялық педагогикалық зерттеудің

шарттары ………………………………………………………………………………………………45

2.1 Студент тұлғасын психологиялық педагогикалық

зерттеу……………………………………………………………………………………………………..45

2.2 Оқытушының коммуникативті әсер етудің тәсілдері және студенттермен өзарабайланыстар түрлері…………………………………………………………………………64

ІІІ Қорытынды………………………………………………………………………………………….74

ІУ Пайдаланған әдебиеттер тізімі……………………………………………………………..75

Ү. Қосымша……………………………………………………………………………………………..78

Кіріспе

Зерттеу жұмысының көкейкестілігі. ХХІ ғасырға аяқ басқан Қазақстан күрделі тарихи бет бұрыстармен қоғамдық жаңартулар тұсында дамып келеді. Осы кезеңде елімізде жүріп жатқан ауқымды өзгерістердің мәнін әділ пайымдай отыратын өз ісіне берілген жаңалықты жатсынбай қабылдайтын ұлттық қасеттеріміздің асылдарын асқақтата отырып шәкірттің жанына нұр құятын ұстаздық ана бүгінгі күннің лайықты тұлғасы деуге болады.

Білім берудің жаңа бағытырыны басты ерекшелігі оқытудың нәтижесін алдын ала болжап, оқу барысында студенттердің психологиялық ерекшеліктерін толық зерделей отырып, студентті толық тұлға ретінде қалыптастыруға бағдар тұту.

И.С.Кон былай деп жазды: студент «Бір жағынан, ол нақты индивидті әрекет субьектісі ретінде, оның барлық жеке бас қасиеттерімен, әлеуметтік рөлдерімен бірге белгілейді. Екінші жағынан, тұлға индивидтің әлеметтік қасиеттері ретінде, осы адамның басқа адамдармен тура немесе жанама өзара әрекеттесуі нәтижесінде түзілген бойындағы әлеуметтік маңызы бар қасиеттердің жиынтығы ретінде түсіндіріледі. Тұлғамен қарым-қатынасқа түсетін адамдар оны еңбек, таным және қарым-қатынас субъектісінде көреді» [1].

Ғылыми әдебиеттегі студенттердің тұлға ретінде анықтамаларының әрқайсысы тәжірибелік зерттеулермен және теориялық негіздеулермен бекітілген, Б.Г.Ананьев бойынша адам ұйымдасуының төрт деңгейі ғылыми зерттеулер үшін қызығушылық тудырады. Олардың қатарына индивид, іс-әрекет субъектісі, тұлға, жеке даралық жатқызылған [2].

Бүгінгі жастар осы заманның сыншысы тарихшысы да болғандықтан оқушымен жүйелі жұмыс жүргізілуіне баса назар аударады; жастарды тәрбиелеу саласында көтеруге негіз болатын мәселелер ол білім және тәрбие беру саласында ғылымның дамуына оның жедел жүзеге асырылуы мұғаліммен оқушылардың ара қатынасы ғылыми-теориялық білім беруге баса назар аударады. Оқу үрдісінде оқу белсенділігін арттырудың жолдары мен тәсілдерін, өсіп кле жатқан ұрпақты жан жақты белсенділігін қалыптастыру мәселелері туралы жазылған еңбектерді атап өтсек: Я.А.Коменский [3]., Ы.Алтынсарин [4]., П.И.Пидкасистый [5]., Н.А.Половникова [6]., Т.И.Шамова [7]. , А.Е.Әбілқасымова [8]., Т.С.Сабыров [9]., Р.С.Омарова [10]. т.б.еңбектері.

Жастардың психологиялық ерекшеліктері мен физиологиялық заңдылықтарын оқу барысында ескеру керектігі тұралы И.М.Сеченов [11]., А.Н.Леонтьев [12]., А.А.Давыдов [13]., т.б. пікір білдірді. Ұлы педагог Я.А.Коменский : «Заттың не құбылыстың түп тамырына жету, анықтау қабілетін дамыту, оны шынайы түсіну және оны қолдана білу қажет»,-деп ерекше атап өткен [14]. Ал қазақтың педагог- ғалымы М.Жұмабаев оқыту процесінде қарапайымнан күрделіге көше отырып, өз бетінше оқуға, өз бетінше білім алуға үйрету қажеттігін көрсетед і[15].

Бүгінгі таңда өскелең ұрпақтың жеке тұлғалы қасиеттерін санасына қалыптастыру оқу тәрбие ісіндегі өзгерістердің қырымен сырын терең білу міндеттерін айқындау. Соның ішінде ЖОО да тәрбиемен білім беру тәжірибесіндегі білім, білік, дағдыны қалыптастыруда психологияның жасайтын қызметінің ерекшелігін түсіндіру, сездіру көкейкесті мәселе болып тұр.

Зерттеудің мақсаты: Қазіргі кездегі студент тұлғасын зерттеу және оның психологиялық -типологиялық ерекшелікеріне толық сипаттама беру.

Зерттеудің міндеттері:

— студент тұлғасының психологиялық ерекшеліктеріне толық сипаттама беру;

— студент тұлғасының психологиялық даму ерекшеліктерін анықтау;

— студент — оқытушы тұлғалаларының психологиялық типологиясын сипаттау;

— студент тұлғасына психологиялық зерттеулерді ұсыну;

— студенттерді оқытудың және тәрбиелеудің ерекшеліктерін зерттеу;

— студенттердің оқу үлгіріміне сипаттама беріп, үлгірмеушілікке әсер ететін факторларды анықтау.

Зерттеу объектісі: Жоғары оқу орындарындағы білім беру процесі.

Зерттеу пәні: Қазіргі кездегі студент тұлғасы және оның психологиялық типологиялық ерекшелікері.

Зерттеу әдістері: теориялық әдісі: зерттеу проблемасы бойынша ғылыми-әдістемелік еңбектерді талдау және оның негізінде теоретикалық тұжырымдар қорыту; тәжірибелік әдісі: оқушылар үшін сауалнамалар жүргізу, педагогикалық тәжірибені сынақтан өткізу.


Бөлім: Психология

Добавить комментарий