Салт-дәстүрлер негізінде оқушыларды тәрбиелеудің психологиялық жолдары



Кіріспе

1. Бөлім Салт-дәстүрлер негізінде оқушыларды тәрбиелеудің психологиялық- педагогикалық мәселелері

1.1. Оқушыларға салт-дәстүрлер негізінде тәрбие берудің теориялық негіздері

1.2. Қазақтың салт-дәстүрлері негізінде оқушыларды имандылыққа тәрбиелеу мүмкіндіктері

1.3. Қазақ салт-дәстүрлері арқылы оқушыларды тәрбиелеудің педагогикалық шарттары

2. Бөлім Қазақ салт-дәстүрлері арқылы оқушыларды имандылыққа тәрбиелеудің мазмұны, формасы және әдіс-тәсілдері

2.1. Қазақ салт-дәстүрлерінің материалдарын қолдану арқылы оқушыларға имандылық тәрбие берудің мазмұны

2.2. Қазақ салт-дәстүрлері бойынша тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастыру барысында оқушыларға тәрбие берудің бағдарламасы мен әдістемесі

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Қосымшалар

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі: Адам бойындағы бар игі қасиет мектеп қабырғасында қаланады. Сондықтан еліміздің ертеңгі ұлт тізгінін ұстар жастарымыздың тәрбиесіне аса мән беру біздің негізгі мақсатымыз.Осыған орай мектептегі тәрбие үрдісін ұлттық қағидалармен толықтыру өте қажеттілікті талап етеді. Бүгінгі таңдағы мектептер балаларға жекеленген ғылыми пәндерді терең оқытуға тырысса да, адамгершілік құндылықтар арқылы тәрбиелеуге мән бермей келеді. Соның салдарынан жастарымыз жағымсыз қылықтарға бой алдырып, имандылық дегеннің не екенін білмей өсуіне әкеліп соғуда. Ендеше рухани-адами салауаттылық жолын қалыптастыру уақыты жеткен тәрізді.

Еліміздің президенті Н.Назарбаев: «ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Қазақстан жоғары оқу орнының міндеті әлемдік стандарттар деңгейінде білім беру» – деген өзінің жолдауында еліміздің дамыуна, дамыған елдермен теңесуіне мүмкіндік беретін білім екендігін айтып өтеді.

Жас ұрпақты адамгершілікке, әдептілікке, имандылыққа тәрбиелеуде ұлттық сана-сезімнің қайнар бұлағы салт-дәстүрлер, мақал-мәтелдер, құнды әдеби мұралар, нақыл сөздер болып табылады.

Адамның жарық дүниеге келуі, өсуі, ержетуі, тіршілік етуі, қартаюы, ата мен баланың қарым-қатынасы, үлкендік пен кішілік, сыйласты, әдептілік пен арлылық, инабаттылық тәрізді маңызды мәселелер имандылықтың маңызды құрамдас бөлігі ретінде ешқашан да назардан тыс қалмаған. Жастардың үлкендерге құрмет көрсетуі, үлкендердің кішілерге ізет білдіруі өмір сүру салтына айналған. Қоғамда берік қалыптасқан осындай көрегенділікпен өмір кешу дағдылары жинала келіп, барша адамгершілік қағидалардың, имандылықтың жазылмаған кодекстерінің қалыптасуына негіз болған. Бойына адамгершілік асыл қасиеттерді жинап өскен жасты „көргенді” деп, жүрегінен нұр, өңінен жылу кетпейтін әрдайым жақсылық жолын ойлатын, әр істе әділдік көрсететін адамдарды „иманды” деп атаған. Мұсылмандық дүниетаным бойынша имандылық иманнан пайда болған. Ал иман – жүректегі нұр, нұрдың сыртқы болмысы, яғни, имандылық – Алла тағалаға иман еткен адамға бітетін көркем мінез. Алла жіберген әрбір пайғамбарының міндеті – иман мен имандылыққа уағыздау деп саналған. Ең соңғы пайғамбар Мұхаммед (ғ.с.): „Мен ең ғажайып көркем мінезді толықтыру үшін жіберілдім”, — деу арқылы әлемдегі тәлім-тәрбие мен имандылықтың қаншалықты маңызды екенін көрсеткен, имандылыққа өзі бірінші үлгі болған делінеді. Алла тағала адамды иман мен имандылық үшін жаратқан, сондықтан: „Алланың мінезінен үлгі-өнеге алыңдар”, — деп уағыздалады. Имандылықтың негізінен мұсылмандар Құранда деп біледі. Құран Кәрімнің ең көп үлгі алған Мұхаммед пайғамбардың (ғ.с.) мінезі жайлы Хазіреті Айша: „Оның мінезі – Құран”, — деп жауап берген. Құранда: „Негізінен иман етіп ізгі іс жасағандар, намазды толық орындап, зекет бергендерге Раббыларының жанында сыйлық бар”, — делінген. Қазіргі зайырлы қоғамда да имандылық аса қастерлі, биік адамшылық қасиет ретінде ұғынылады имандылыққа қарама-қарсы жағымсыз сипат – имансыздық.

Академик Волков Г.Н.. «…батыстан келген бұл рухани апаттан жастарды аман алып қалудың жолын қарастыруымыз керек. Ол әр халықтың ғасырлар бойы ұрпақ тәрбиесінде қалыптасқан, түрлі сыннан сүрінбей өткен халықтың бай тәжірибесіне сүйенген халықтық педагогика болмақ» — деп жазады. [4.20].

Қазақ халқында ешқандай қағазға жазылмаса да, бала тәрбиелеудің белгілі бір жүйесі болған. Ол ғасырдан-ғасырға, ата-анадан балаға, баладан оның ұрпақтарына жалғасып келе жатқан ұлттық дәстүр, әдет-ғұрыптар мен салт-саналар. Олар халық педагогикасының басты тарауларының бірі.

Халық тәрбиесі – сол халықтың ой-арманымен, тіршілік тынысымен, шаруашылық кәсібімен, отбасылық, қоғамдық, ұлттық тәлім-тәрбие дәстүрімен тығыз байланыста туып, өсіп-өркендеп, дамып жеткен тарихи және мәдени мұрасы.

Өскін ұрпаққа тәлім-тәрбие беріп, олардың жан дүниесін дамыту жайында ұлы орыс педагогы К.Д. Ушинский “әрбір халық пен ұлт өз ана тілі мен салт-дәстүрін қастерлеп, тарихи даму жағдайына орай білім алып, тәрбиелеу керек” деген өзінің ұлағатты ойын “Родная речь” атты еңбегінде ерекше атап айтады [29.26]. Халқымыздың ұлы перзенті Ы.Алтынсарин өзінің еңбектерін ана тілінде жазып, “бала тәрбиесі оның табиғи ортасы мен халқының салт-дәстүрі рухында тәрбиеленетін болса, оның сана сезімінің дамып жетілуі де ұлты мен халқына қызмет ететін көкірегі ояу, салауатты азаматтар болып өседі” – деген ой түйген болатын.

Ал, Шәкәрім Құдайбердиев: «Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар барлығынан басым болатын адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек. Бұл сапалар адамды дүниеге келген күнінен бастап тәрбиелейді», -деп жазады.

Шынында да, құнды қасиеттерге ие рухани адамды қалыптастыру бүгінгі күннің өзекті мәселесі.

Адамның Адам болып қалыптасуында ата-аналармен қатар тәрбиеші мен мұғалімнің ролі зор. Яғни, білім жүйесінің қызметкерлеріне болашақ ұрпақты тәрбиелеуде үлкен жауапкершілік жүктелген. Сондықтан бұл істе асығыс шешім, жалған әдіс, қалыптағыдай қатып қалғн, ескірген тәсіл қолданылмауы тиіс.

Қазақ халқының этностық ерекшеліктерін байыптасақ, бұл халық ұрпақ сабақтастығын сақтап, алысты жақындатып, аразды татуластырған, ізетті келіннен таныған, татулықты абысыннан тапқан, дарқандықты даласынан, даналықты бабасынан, пәктікті баласынан алған халық. Қазақ адамгершіліктің басы әділдікті ту етіп, әділдіктің басы болған адалдықты анасынан алған. Аналар ұрпақты ұлағаттыққа баулып, дауға-дәру, жауға-қару, араздыққа-араша, татулыққа-тамыр, тазалыққа-нәр, пәктікке-пәрмен, дәстүрге-дәрмен, өнерге-тұлпар, көкте-сұңқар етіп тәрбиелеген.

Халқымыздың ғасырдан-ғасырға қастерлеп келген құнды дәстүрлері өте көп. Оны бүгінгі ұрпақ қаншалықты біледі, қастерлейді, білмесе білуге ұмтыла ма, “халқын сүйген салтын да сүйеді” демекші, олар ата-салтын мақтаныш тұта ма, деген сұрақтар төңірегінде ойланғанымыз жөн..

“Қазақтар балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле”, — дегендей халқымыздың бойына сіңген атадан балаға жалғасып келе жатқан ұлттық тәрбиесі өзге ұлттардан ерекшеленіп, өздеріне тән қасиеттерді көрсетіп тұратындығын жоққа шығара алмаймыз.

Адам бойындағы бар игі қасиет мектеп қабырғасында қаланады. Сондықтан еліміздің ертеңгі ұлт тізгінін ұстар жастарымыздың тәрбиесіне аса мән беру – біздің негізгі мақсатымыз. Осыған орай мектептегі тәрбие үрдісін ұлттық қағидалармен толықтыру өте қажеттілікті талап етеді. Бүгінгі таңдағы мектептер балаларға жекеленген ғылыми пәндерді терең оқытуға тырысса да, адамгершілік құндылықтар арқылы тәрбиелеуге мән бермей келеді. Соның салдарынан жастарымыз жағымсыз қылықтарға бой алдырып, имандылық дегеннің не екенін білмей өсуіне әкеліп соғуда. Ендеше рухани-адами салауаттылық жолын қалыптастыру уақыты жеткен тәрізді.

Бүгінгі күні тіліміздің аясы кеңіп, мемлекеттік мәртебе алып отырған шақта қазақ мектептерінің саны да артып келеді. Алайда ең керегі оқу орнының сан емес – сапасы екенін естен шығармау керек.

Көбінесе тақырдан басталған халықтық тәрбиенің негізі – орыс мектептеріне арналған оқулықтар мен оқу құралдарынан, әдістемелерден аударып бағдарламаларға енгізілді. Ал, бұл тұста атап айтып тұрғандай, біздің ұлтымызға ғана тән тіліндегі, дініндегі, өмір сүру үрдісіндегі, тұрмыс салты мен әдет-ғұрпындағы басқа ешбір халықта қайталанбайтын ерекшеліктер ескерілмеді. Басқасын былай қойғанда жетпіс жыл бойы солақай саясаттың шырмауында, сол кездегі саясатқа байланысты қазақ мектептерінде, ұлттық мектептерде тәрбие мүлдем жүргізілмегендігі ешкімге жасырын емес. Бүгінгі таңда тәуелсіздігіміздің он жылдығын атап өтіп, егемендігіміздің еркіндігінің есебі өмірдің – сан-саласында қанат жайып, шарықтаған тұста, әлі де ауыз толтырып, ұртымыз ісіп, мақтанып айта алмайтын күрмеуі шешілмей келе жатқан мәселелер аз емес.

Жоғарыдағы ойымызды тірілтер болсақ, қазақ тілінде дәріс беретін көптеген мектептерде “Халық педагогикасы” өз дәрежесінде жүргізілмейді.

Осының салдарынан ұлттық дәстүр мен әдет-ғұрыпты аяқ асты ету, үлкенді кішінің, ата-енені келіннің сыйламауы, ағаның ақылын інінің алмауы, жастардың еңбекті сүймеуі, жатып ішер жалқаулық, нашақорлық пен маскүнемдік, пайдакүнемдік т.б. сорақы қылықтар жастар арасында жиі көрініс беруде.

Бала тәрбиесі баршаға ортақ іс. Оған көпшілік қоғам болып жұмылу, парасаттылық пен байсалдылық керек. Ұрпақ тәрбиесіндегі ежелден қалыптасқан халқымыздың жақсы дәстүрі мен тағлымдарын, мәдениет тарихын, бұрын-соңғы ұлы ойшыл педагогтардың еңбектерін оқып жетік білмей, оны жақсы меңгермей тұрып келер буынға дұрыс тәрбие-тағлым беру мүмкін емес. Себебі, өткенді жақсы білмейінше келешекке сапар шегу, Л.Толстой айтқандай , айсыз қараңғыда сүрлеу соқпақ іздеп шатасумен пара-пар.

Қазақстан Республикасының 1999 жылы қабылданған “Білім туралы” заңының 8 бабында Білім беру жүйесінің міндеттерінде: “Азаматтық пен елжандылыққа, өз Отаны – Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, конституцияға қайшы және қоғамға қарсы кез-келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеп, қазақ халқының мәдениеті мен дәстүр салтын оқып-үйрену үшін жағдай жасау” деп көрсетілген.

Сондықтан да ұлттық салт-дәстүрлерді бала бақшадан бастап жоғары оқу орындарында дейін кең түрде насихаттау қажет.

Бұл мәселемен Республикаға есімі танымал ғалымдар мен педагогтар, атап айтқанда, Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, С.Ұзақбаев, М.Балтабаев, Ә.Табылдиев, С.Тілеуова, Қ.Ералин, Б.Ортаев сынды зерттеушілер айналысқан.

Қазіргі таңда салт-дәстүрлердің тәрбиелік мәнін ашу, тәрбиелік әдіс-тәсілдерін жетілдіру қажеттігі айқын көрінуде. Салт-дәстүрлердің тәрбиелік қажеттілігі мен оның тәрбие үрдісінде қолданудың арасында қарама-қайшылық орын алуда.

Осы мәселелерді қарастыра келе магистрлік диссертацияның тақырыбын “Қазақ салт-дәстүрлері арқылы оқушыларды имандылыққа тәрбиелеу” деп таңдадым.

Дипломдық жұмыстың мақсаты:

Имандылықтың құраушы сапалық қасиеттерін анықтау және оларды қазақтың салт-дәстүрі арқылы жастардың тәрбиесіне ықпалын жетілдіруге ұсыныс беру.

1. Педагогикалық, психологиялық, философиялық, арнайы немесе әдістемелік әдебиеттерді зерделеу.

2. Қазақ салт-дәстүрлерінің тәрбиелік мәнін ашу.

3. Оқу процесінде қазақ салт-дәстүрлерінің пайдалану барысын айқындау.

4. Қазақ этнопедагогикасы мазмұнының имандылық тәрбие берудегі мүмкіндіктерін ашу.

5. Қазақ этнопедагогикасы негізіндегі имандылық тәрбиенің жолдары мен құралдары, нысандары мен әдістерін айқындау.

Зерттеу объектісі: Педагогикалық жүйедегі тәрбие процесі

Зерттеу пәні: Қазақ салт-дәстүрлері арқылы оқушыларға тәрбие беру барысы.

Зерттеудің ғылыми болжамы:

Егер қазақ салт-дәстүрлерінің оқушыларда имандылық қасиетті қалыптастыруы тәлім-тәрбиелік тұрғыдан сұрыпталып, оқу-тәрбие процесі не ендірілсе, онда оқушылардың иманды қасиеттерін қалыптастыру нәтижесі артады.

Зерттеу жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытыныдыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.

Кіріспе бөлімінде зерттеудің көкейкестілігі, ғылыми аппараты, мақсаты, объектісі, пәні, міндеттері, ғылыми болжамы, әдіснамалық негіздері, зерттеудің кезеңдері, зерттеудің ғылыми жаңалығы, практикалық мәнділігі, зерттеу базасы, зерттеу нәтижелерінің дәлелдігі мен негізділігі қорғауға ұсынылатын қағидалар сипатталады.

Қорытындыда зерттеу тақырыбының көкейкестілігімен байланысты зерттеудің нәтижелері мен тұжырымдарымазмұндалып, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар берілді.

Қосымшада ғылыми зерттеу жұмысына қолданылған кейбір бағдарламалардың үлгі-жоспары берілген.

Кіріспеде зерттеудің көкейкестілігі негізделеді, ғылыми аппарат; зерттеудің объектісі, пәні, мақсаты, міндеттері, әдіснамалық негіздері айқындалады.

I Бөлім. Қазақ салт-дәстүрлері арқылы оқушыларға имандылық тәрбиесін беру мәселесі, қазақ салт-дәстүрлерінің тәрбиелік мүмкіндіктері.

II Бөлім. Қазақ салт-дәстүрлерінің материалдарын қолдану арқылы оқушыларға имандылық тәрбие берудің мазмұнын зерттеу. Тәрбие сабақтарында қазақ салт-дәстүрлерінің материалдарын қолдану арқылы оқушыларға имандылық тәрбиесін берудің формасы мен әдістерін зерттеу жөнінде сөз қозғалады.

Зерттеу жұмысының практикалық мәні:

Тәрбие сағаты бойынша әдістемелік нұсқау ұсынумен, зерттеуден алынған нәтижелермен, олардың негізінде құрылған ұсыныстарды мектеп практикасында қолданумен ерекшеленеді.


Бөлім: Психология

Добавить комментарий