ПСИХОЛОГИЯ ТАРИХЫНДА ЖЕКЕ ТҰЛҒА ТЕОРИЯЛАРЫ



МАЗМҰНЫ

Кіріспе………………………………………………………………………

І БӨЛІМ Психологияда жеке тұлға мәселелері…………………………….

1.1 Психологияда тұлға ұғымының қалыптасуы ………

1.2 Жеке тұлғаның психикалық дамуы …………………

ІІ БӨЛІМ Жеке тұлға туралы типологиялық

теориялары……………………………………………………………

2.1 Жеке тұлғаны психологиялық құрылыс ретінде теориялық

зерттеулер………………..

2.2 Жеке тұлғаны теориялық және эксперименталды

тұрғыдан зерттеу…………………………………………………..

ІІІ Қорытынды…………………………………………………………………………………

ІҮ. Пайдаланған әдебиеттер тізімі………………………………………

Қосымша……………………………………………………………………

Кіріспе

Зерттеу жұмысының көкейкестілігі. Психология ѓылымы т±лѓаны ќоѓамныњ сыртќы ыќпалдарын µз бойынан µткізіп, белгілі психикалыќ ќ±рылымѓа келтіруші ішкі шарттар жиынтыѓы ретінде ќарастырады. Б±л ішкі жанд‰ниелік жаѓдай, шарттар µткендегі єлеуметтік ыќпалдар негізінде ќалыптасќан нєсілдік – биологиялыќ ќасиеттер мен єлеуметтік себептерден болѓан сапалардыњ ажыралмас бірлігінен ќ±ралады. Т±лѓа жетіліп барѓан сайын ішкі шарттар терењдей т‰седі, нєтижеде бір ыќпалдыњ µзі єрќилы адамдарѓа єрт‰рлі єсер жасауы м‰мкін. Сонымен, т±лѓа ќоѓамдыќ ќатынастар нысаны жєне µнімі ѓана емес, сонымен бірге ол іс-әрекеттің, қарым-қатынас және ортақтасудың, сана мен өзіндік сананың белсенді субъекті. Жеке т±лѓамен ќоѓамдыќ ортаныњ ќарым-ќатынасы философия, психология, педагогика, тарих т.б. ќоѓамдыќ ѓылымдардыњ кµптен айналысып ж‰рген кµкейтесті мєселелері. Б±л жµнінде кейінгі жылдары жарыќ кµрген философиялыќ, педагогикалыќ, психологиялыќ, этикалыќ, ±лтаралыќ ќарым-ќатынастарѓа арналѓан ењбектерден басќа М.Ф.Харламовтыњ “Педагогика” атты ењбегі, Н.Козлованыњ “Тєрбие теориясына кіріспе”, В.А.Сухаевтыњ “Біз єрт‰рлі тілде сµйлейміз”, К.С.Пироговтыњ “Философияѓа кіріспе”, А.М.Ќасабеков пен Ж.Алтаевтыњ “Ќазаќ философиясыныњ тарихына кіріспе”, Д.Кішібековтыњ “Философия”, Г.К.Н±рѓалиеваныњ “Т±лѓаныњ ќ±ндылыќ баѓытын ќалыптастырудыњ методологиясы, практикасы” секілді ондаѓан монографиялыќ аса ќ±нды ѓылыми ењбектер жарыќ кµрді.

Тұлғаның дамуы оның мүмкіндіктерінің үздіксіз кеңейіп баруымен, қажетсіну деңгейлерінің жоғарылай ауысып отыруымен байланысты. Әр адамның даму деңгейі ол ұстанған қарым-қатынас сипатына тәуелді. Күнделікті тұрмыстық күйбең, пайдакүнемдіктен аса алмаған адамды төменгі даму деңгейіндегі тұлға деп білеміз. Ал жоғары деңгей адамның қоғамдық мәнді құндылықтарынан, оның рухани жігерлі шабытынан көрінеді.

В.А.Петровский былай деп жазды: «Бір жағынан, тұлға нақты индивидті әрекет субьектісі ретінде, оның барлық жеке бас қасиеттерімен, әлеуметтік рөлдерімен бірге белгілейді. Екінші жағынан, тұлға индивидтің әлеметтік қасиеттері ретінде, осы адамның басқа адамдармен тура немесе жанама өзара әрекеттесуі нәтижесінде түзілген бойындағы әлеуметтік маңызы бар қасиеттердің жиынтығы ретінде түсіндіріледі. Тұлғамен қарым-қатынасқа түсетін адамдар оны еңбек, таным және қарым-қатынас субъектісінде көреді» [1]. Ғылыми әдебиеттегі студенттердің тұлға ретінде анықтамаларының әрқайсысы тәжірибелік зерттеулермен және теориялық негіздеулермен бекітілген, С.Л.Рубинштейн бойынша адам ұйымдасуының төрт деңгейі ғылыми зерттеулер үшін қызығушылық тудырады. Олардың қатарына индивид, іс-әрекет субъектісі, тұлға, жеке даралық жатқызылған [2].

Оқу үрдісінде оқу белсенділігін арттырудың жолдары мен тәсілдерін, өсіп кле жатқан ұрпақты жан жақты белсенділігін қалыптастыру мәселелері туралы жазылған еңбектерді атап өтсек: К.Д.Ушинский [3]., Ы.Алтынсарин [4]., П.И.Пидкасистый [5]., Т.С.Сабыров [9]., Р.С.Омарова [10]. т.б.еңбектері.

Бүгінгі таңда өскелең ұрпақтың жеке тұлғалы қасиеттерін санасына қалыптастыру оқу тәрбие ісіндегі өзгерістердің қырымен сырын терең білу міндеттерін айқындау. Соның ішінде ЖОО да тәрбиемен білім беру тәжірибесіндегі білім, білік, дағдыны қалыптастыруда психологияның жасайтын қызметінің ерекшелігін түсіндіру, сездіру көкейкесті мәселе болып тұр.

Зерттеудің мақсаты: Жеке тұлғаны жан-жақты зерттеу және оны зертеген негізгі теорияларына толық сипаттама беру.

Зерттеудің міндеттері:

 Жеке тұлғаны психологиялық тұрғыдан жан – жақты зерттеу;

 Жеке тұлғаның психологиялық даму ерекшеліктерін анықтау;

 Жеке тұлға теорияларға сипаттама беру;

 Жеке тұлғаны психологиялық зерттеу әдістерді ұсыну;

Зерттеу объектісі: Жеке тұлға теориялары.

Зерттеу пәні: Жеке тұлға және оны зертеу теориялары.

Зерттеу әдістері: теориялық әдісі: зерттеу проблемасы бойынша ғылыми-әдістемелік еңбектерді талдау және оның негізінде теоретикалық тұжырымдар қорыту; тәжірибелік әдісі: оқушылар үшін сауалнамалар жүргізу, педагогикалық тәжірибені сынақтан өткізу.


Бөлім: Психология

Добавить комментарий