ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТТЕ БАСШЫ ТҰЛҒА ЖӘНЕ БИЛІК МӘСЕЛЕЛЕР



МАЗМҰНЫ

Кіріспе………………………………………………………………………3

1-БӨЛІМ Басќару психологиясының теориялық негіздері…………6

1.1 Басќару психологиясы — ќолданбалы психология саласы ретінде:

оның пәні мен зерттеу әдістері ……………………………………………6

1.2 Басқару психологиясында басқарушыға психологиялыќ

портрет……………………………………………………………………….26

2- БӨЛІМ Басшының тұлғасы және басқарудың дара

стилінің психологиясы…………………………………………………….36

2.1 Басшылық және әлеуметтік феномен ретіндегі көшбасшылық

(лидерлік)………………………………………………………………….….36

2.2 Басқарушылық қызметтің негізгі функциясы…………………………43

2.3 Басшының кәсіби маңызды қасиеттерін анықтау тәсілі………….…50

Қорытынды…………………………………………………………………..67

Пайдаланған әдебиет тізімі…………………………………………………68

Қосымша………………………………………………………………………73

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесінің басты міндеті ғылым мен тәжірибенің жетістіктері негізінде алынған білімді нақты жағдайда пайдалану икемділігін меңгерген, өз бетінше дұрыс, тиімді шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады.. Басқару психологиясы ғылым ретінде еңбек ұжымы қызметін басқару мәселесін шешуде қолданылатын психологиялық білімі

Басқарушы тұлғасы жалпы психология, еңбек психологиясы, инженерлік психологиялық пәндер қатарымен оқылады. Сонымен бірге жұмысшы топ немесе еңбек ұжымы әлеуметік және педагогикалық психологияда қарастырылады. Басқару психологиясының айрықша ерекшілігін оның обьектісі болатын адамдардың ұйымдастырылған қызметі құрайды. үйымдастырылған қызмет — бұл адамдардың ортақ қызығушылығымен немесе мақсаттарымен, симпатияларымен немесе құндылықтарымен біріккен көнделікті жай қызметі емес. Бұл адамдардың бір ұйымға біріккен сол ұйымның ережелерімен нормаларына бағынатын және экономикалық, технологиялық, құқықтық, ұйымдық және корпоративтік талаптарға сәйкес оларға қойылған бірлескен жұмысты орындайтын қызметі болып табылады.

Үйымның ережесі, нормалары талаптары тек қана ұйымда ғана болатын адамдар арасындағы ерекше психологиялық қарым — қатынасты туындатады: ол адамдардың басқарушылық қарым-қатынастары. Әлеуметік психологиялық қатынас адамдардың біріккен іс-әрекетінің мақсаттары мен міндетері және құндылықтары мен сонымен бірге шын мазмұны мен келіскен адамдардың өзара қатынастары ретінде көрініс табады. Басқару қатынасы ұйымдасқан біріккен қызметті құрап оны ұйымдасқан төрге келтіреді. Басқаша айтқанда бұл қызметінің байланысты қатынас емес, ол біріккен іс-әрекетті құрайтын қатынас болып табылады. Әлеуметтік психологияда басқарушы, оның мінезі төсініктігі болмайтын тұтас жеке әлеуметтік топтың бөлігі, элементі ретінде көрініс табады.

Басқару психологияда жеке жұмысшыда, әлеуметтік топта, ұжымда басқару жоспарында олардың анализі толық емес. Олар кіретін ұйым контексінде көрініс табады. үйымдағы басқарушы тұлғасын зерттеу, ұйымның әлеуметтік психологиялық құрылымға әсерінің анализі және ұжымның дамуы — бұның бәрі және басқа да мәселелер бізді басқару психологиясын мұқият зерттеуге итермелеген жұмысымның өзектілігін құрайды.

Бізді қызықтыратын мәселе — Басќарушы тұлғасы, оның өзінді дамуы мен кереметтенуі: мұнда екі жағдай маңызды. Біріншіден, тұлғаның көптеген ќасиеттері, белгілері, сипаттары ішінде басќару психологиясы басќару єрекетін жөзеге асыруға көмектесетіндерін ерекшелейді. Білімнің бұл саласы жалпы тұлғаны емес, басќарушы, ұйымдастырушының тұлғасы зерттейді. Басќару психологиясын тұлға мєселелері ќызыќтырмай, тек басќарушының көшті және үлсіз жаќтарына ғана назарын бөледі деуге болмайды. Ғылымның бұл салаларының назарына ќатардағы ќызметкерлер де төседі. Басќарушы ќызметкерлерінің тұлғалыќ ерекшеліктерін олармен өзара ыќпалы, ал кейде оларға әсер ету өшін білу керек. Біздің зерттеу жұмысымызда басқарушының өзіндік дамуы мен кереметтенуі мәселесіне біз мына проблемаларды қарастыру жөн деп ойлаймыз: басшы тұлғасының психологиялық дамуы, оның атқаратын негізгі функциялары, басшының психологиялық көрінісі, оның жеке-дара басқару стилдері, жұмысын жоспарлау, т.б. мәселелер.

Зерттеу мақсаты. Басқару процесінде басқарушының тұлғалық ерекшеліктерін психологиялық тұрғыдан зерттеу.

Зерттеу нысаны. Басшы іс-әрекетінің психологиясы

Зерттеу пәні. Басқарушы тұлғасы және оның өзіндік дамуы мен кереметтенуі процессі

Зерттеудің міндеттері:

1. Басшы тұлғасының психологиялық бейнесінне сипаттама беру.

2. Басшы тұлғасының басшылық мәдениетін анықтау.

3. Басшы тұлғасының өзіндік кереметтенуі мен дамуына ықпал ететін фактрларды анықтау.

4. Басшының кәсіби маңызды қасиеттерін анықтау тәсілдерін іс-жүзінде пайдалану.

Зерттеудің ғылыми болжамы: егер басқарушы тұлғасын психологиялық тұрғыдан зерттеп, сипаттама берсек, оны кәсіби психологиялық функцияларын қолдану тәсілдері мен әдістемесімен қаруланып, оны нәтижеге бағдарланған басқару үрдісінде пайдаланса, онда басқарушы тұлғасының психологиялық білім сапасының дамуы жаңа сапалық деңгейге көтеріледі, өйткені басқарушының психологиялық функцияларын, басқару стильдерін, басқару әдістерді қолдану басқару психология мазмұнын тиімді меңгеруге ықпал етеді.

Зерттеу көздері: психология, әлеуметтік психология, психологиялық менеджмент туралы еңбектер.

Зерттеудің әдістері: Зерттеу проблемасы бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық және ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау, салыстырмалы талдау, әңгіме, сауалнамалар жүргізу, тестілеу, анкета жүргізу.

Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар: Тұлғаның көптеген ќасиеттері, белгілері, сипаттары ішінде басќару психологиясы басќару єрекетін жөзеге асыруға көмектесетіндерін ерекшелейді. Білімнің бұл саласы жалпы тұлғаны емес, басќарушы, ұйымдастырушының тұлғасы зерттейді. Басќару психологиясын тұлға мєселелері ќызыќтырмай, тек басќарушының көшті және үлсіз жаќтарына ғана назарын бөледі деуге болмайды. Ғылымның бұл салаларының назарына ќатардағы ќызметкерлер де төседі. Басќарушы ќызметкерлерінің тұлғалыќ ерекшеліктерін олармен өзара ыќпалы, ал кейде оларға әсер ету өшін білу керек.


Бөлім: Психология

Добавить комментарий