Психикалық процестердің бұзылуының негізгі формалары және оларды алдын алу мен түзету жолдары



МАЗМҰНЫ

Кіріспе…………………. 3

І — БӨЛІМ Психикалық процестердің бұзылуының психологиялық мәселелері ……………………. 6

1.1 Патопсихология — психикалық процестірдің бұзылуын зерттейтін негізгі ғылым…………….

1.2 Психикалық процестердің бұзылуының негізгі формалары

ІІ- БӨЛІМ Психикалық процестердің бұзылуының алдын-алу және түзету

жұмыстарының жұйесі

2.1 Психотерапия мен реабилитацияның психологилық негіздері.

2.2 Психикалық процестердің бұзылуының алдын-алу және түзетуде әдістер

жиынтығын пайдалану

ІІІ Қорытынды…………….55

ІУ Пайдаланған әдебиеттер тізімі………………..56

Ү. Қосымша……………………….59

К І Р І С П Е

Зерттеудің көкейкестілігі Ќазіргі заман патопсихология тарихы ХІХ ѓасырдыњ І-ші жартысынан басталады, яѓни сол уақыттан бастап, ењ алдымен психологиялыќ білімніњ дамуыныњ клиникалыќ кезењі басталды. Б±л кезењ адам туралы психологиялыќ эмпирикалыќ білімді талдауда жєне оны ќолдануда шешуші рольді дєрігерлердіњ орындауымен сипатталады. Ал б±ѓан дейін м±нымен негізінен философтар мен жазушылар ш±ѓылданѓан. Дєрігерлерді емделуі ќиын аурулар жєне аурудыњ неден пайда болѓандыѓы туралы, сондай-аќ сол жылдары єлемніњ дамыѓан елдерінде етек алѓан жан к‰йзелістерінен болатын аурулар жєне невроз себептері ќатты ќызыќтырды. Қазірде әлі шешімін таппаған мәселелер, әсіресе, психологияның теоретикалық бөлімдерінде бар. Патопсихология психологиялық әдістерді қолдана отырып психиканың бұзылу заңдылықтарын қарастырады.

Көпшілікке патопсихология тарихы ХІХ ғасырда кезінде Батыс Еуропа елдерінде аяқ ала бастады. ХIХ ғасырда патопсихологиялық зерттеулерге қызығушылық кеңінен тарағандықтан АҚШ, Германия, Франция т.б. елдерде әлеуметтік-психологиялық зертханалар ашылып, талапкердің психофизиологиялық ерекшеліктерін бағалап беруге мүмкіндік туды. Осы елдер тәжірибесін зерттеп жүйеге келтірген ғалымдар З.А.Малькова, В.М.Вульфсон, К.Р.Рональдо, Г.Б.Радионов, И.А.Соколова, А.С.Овчинников, И.О.Татур.

Патопсихологияның шешілмеген мәселелері көп болғандықтан дипломдық зерттеу тақырыбын: «Психикалық процестердің бұзылуының негізгі формалары және оларды алдын алу мен түзету жолдары» деп анықтадық.

Зерттеу мақсаты: патопсихологияда психикалық процестердің бұзылуының формаларын анықтау, оларға сипаттама беру, алдын алу және түзету бағыттар мен зерттеу әдістерін жүйеге келтіру.

Зерттеу нысаны: психикалық процестердің бұзылуының негізгі формалары.

Зерттеу пәні: психикалық процестердің бұзылуына әсер ететін факторлары мен олардың пайда болуының механизмдері және алдын алу жұмыстар мен түзету жолдары.

Зерттеу міндеттері:

 Психикалық процестердің бұзылуы проблемасы бойынша ғылыми-әдістемелік еңбектерді талдау негізінде патопсихологияның міндеттері мен мазмұнын анықтау;

 Психикалық процестердің бұзылуын анықтайтын негізін құратын патопсихологиялық әдістемелерді іріктеп алып, оларды жүйеге келтіру;

 Психикалық бұзылуының негізгі формаларын және психикалық қасиеттерін зерттеп, ауытқуы байқалған кезде көмек көрстеу жолдарын анықтау.

 Зерттеудің ғылыми болжамы: психикалық процестердің бұзылуының негізгі формаларын анықтап, оларға жан жақты сипаттама беріп, оларды басқару шарттарын және тиімді жолдарын анықтап, түзету жолдарын ұсынсақ, онда психикада пайда болатын ауытқұларды алдын алу жұмыстарын сауатты түрде практикада пайдалана аламыз.

Зерттеу көздері: психология, әлеуметтік психология, жас ерекшелігі психологиясы, медициналық психология.

Зерттеудің әдістері: Зерттеу проблемасы бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық, медициналық және ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау, салыстырмалы талдау, әңгіме, сауалнамалар жүргізу, тестілеу, анкета жүргізу.


Бөлім: Психология

Добавить комментарий