Патриоттық тәрбие



МАЗМҰНЫ
Кіріспе………………………………..4 — 6
1 тарау. Патриоттық тәрбиенің маңызы.
1.1. Патриоттық тәрбие берудегі өткен тарихымыздың алар орны……………….7 — 12
1.2. Патриоттық тәрбие берудің педагогикалық негізі…………………………………..13-17
1.3. Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру жолдары…………….18-22

2 тарау. Патриоттық тәрбиенің міндеттері
2.1. Оқушылардың мемлекеттік рәміздерге деген құрмет сезімін тәрбиелеу…23-26
2.2. Тұлғаның патриоттық құндылығын қалыптастыру…………………………………27-30
3 тарау. Әдістемелік бөлім………………………………………………………………………..31-36
Қорытынды……………………………………………………….37-38
Әдебиеттер тізімі………………………………………………….39-40

Кіріспе
Ерте заманда қазақтың тілінде «патриотизм” деген сөз болмаған. Бұл ұғым Қазан төңкерісінен кейін сөз қорымызға енді.
Патриотизмнің негізгі мағынасы әр азаматтың ұлтын, Отанын сүюден туындайды. «Патриотизм”-гректің сөзі. Оның қазақшасы-жерлес, отандас дегенді білдіреді, яғни Отанын, ұлтын сүю, оны жаудан қорғау.
Қазақтар ежелден басқа халықтардай Отанын, ұлтын сүйген. Батырларымыз бастаған қазақ халқы Отанын, жерін, ұлтын жаудан қорғаған.
Қазақтың ұлтжандылығы, отансүйгіштігі ежелден қалыптасқан. Оған қазақтың мақал- мәтелдері дәлел. Мәселен, туған жер-отан туралы мақалдар-мәтелдер:
«Туған жерге туың тік”.
«Ит тойған жеріне,
Ер туған жеріне”.
«Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас” т.б. болып кете береді.
Мақал-мәтелдердің өзі қазақтың елін, жерін, отанын сүюуінің негізі болып табылады.
Қандай бір халық болмасын отанын, елін, жерін сүймейтіні жоқ. Соның ішінде қазақ халқы да жалпы шығыс, оның ішінде түркі тілді халықтардай отанын, жерін, суын, табиғатын сүюге жастарды тәрбиелеу көне заманнан өзімен бірге дамып келеді.
Бірақ кешегі кеңес заманында таза ұлттық патриоттық тәрбиені жалпы кеңестік патриоттық-интернационалдық тәрбиемен алмастырды.
Біз интернационалдық (ұлтаралық татулық) тәрбиені жоққа шығармаймыз. Қазақстан жағдайында тәрбиенің бұл саласы бүгінде де қажет. Бірақ патриоттық осы тәрбиенің түпқазығы болуы тиіс.
Тақырыптың өзектілігі: Қазiргi кезде республикамыздың егемендiгi мен бейбiтшiлiгiн сақтауда тұлғаның патриоттық құндылықтарын дамыту арқылы Қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға үлкен мән берiлiп отырғандығы Қазақстан Республикасы Конституциясында, Қазақстан Республикасы «Бiлiм туралы» Заңында, Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк «Бiлiм» бағдарламасында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң республика халқына жолдауларында, Қазақстан Республикасы тарихи сананы қалыптастыру, Қазақстан Республикасы мәдени-этникалық білім беру тұжырымдамаларында, «Адам құқықтарының жалпыға бiрдей декларациясында», «Бала құқығы туралы декларацияда» және үкiметтiң құжаттарында, ғылыми-зерттеу жұмыстары мен ағымдағы басылым беттерiнде айқын аңғарылады.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк «Бiлiм” бағдарламасында тәрбие жүйесiн жетiлдiруге байланысты алдына қойған негiзгi мақсаты — «қазақстандық патриотизм, азаматтық, iзгiлiк және жалпыадамзаттық құндылықтар идеяларының негiзiнде тәрбиеленушiнiң жеке тұлға ретiндегi сапалық қасиетiн қалыптастыру” – деп бүгiнгi ХХI жаһандану ғасырында ұлттық мәдениет пен өркениеттi өзара кiрiктiре отырып, жеке тұлға қалыптастыру көзделiп отыр.
Тақырыптың мақсаты: Қоғамның әлеуметтiк даму жағдайында мектеп оқушыларын отансүйгіштікке тәрбиелеуді теориялық-әдiснамалық тұрғыда негiздеп, ғылыми-әдiстемемен қамтамасыз ету.
Зерттеудің әдістері: Философтардың, әлеуметтанушылардың, тарихшылардың, психологтардың, педагогтардың еңбектерiн талдау, салыстыру арқылы қоғамның әлеуметтiк даму жағдайында патриоттық тәрбие берудiң мүмкiндiгiн анықтау; оқушылармен тестiк жұмыстар мен сауалнамалар жүргiзу; жалпы білім беретін мектептердің, мектеп–гимназиялардың патриоттық тәрбие беруге байланысты тәжiрибесiн жинақтау, салыстыру, талдау, қорытындылау.
Зерттеудің пәні: Педагогика, психология пәндері
Практикалық жұмыстың маңызы: Ұлттық және жалпыадамзаттық тәрбие ұстанымдарын негiзге алған тәрбие жұмысын ұйымдастыру жүйесi жас ұрпақ бойындағы ұлтжандылықты, Қазақстандық және жалпыадамзаттық патриотизмді қалыптастыруға қосқан бiрден-бiр үлес болып табылады;


Бөлім: Психология

Добавить комментарий