Оқушылардың ақпараттық сауаттылығын қалыптастыру



Кiрiспе

1 Ақпараттық технологиялар арқылы оқушылардың сауаттылығын қалыптастырудың негіздері 6

1.1 Оқушылардың ақпараттық сауаттылығын қалыптастырудың мазмұны мен қазіргі жай күйі

1.2 Оқушылардың сауаттылығын қалыптастыру барысында ақпараттық технологияларды қолдану мүмкіндіктері 8

1.3 Ақпараттық технологиялар арқылы оқушылардың даярлығын қалыптастыру 18

2 Ақпараттық технологиялар арқылы оқушылардың сауаттылығын қалыптастырудың бағыттары 28

2.1 Оқытудың ақпараттық технологияларын құру принциптері

2.2 Ақпараттық технологиялардың оқушылардың іс-әрекетін қалыптастырудығы рөлі 39

2.3 Ақпараттық технологиялар арқылы оқушылардың сауаттылығын қалыптастырудың диагностикасы 43

Қорытынды 52

Пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi 54

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының «Ақпараттандыру» Заңында ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік реттеу ақпараттық қызмет көрсету нарқын қалыптастыру үшін жағдайлар қамтамасыз етуге, электрондық құжат айналымы жүйесін дамыту, электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдану үшін жағдайлар жасауға, ақпараттандыру саласындағы бірыңғай ғылыми-техникалық саясатты ақпараттық технологиялар дамуының әлемдік деңгейін ескере отырып, қалыптастыруға және жүзеге асыруға бағытталағанын атап көрсетеді [1].

Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды болып табылатын мәселелердің бірі оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану болып табылады. Қазіргі таңда елімізде ақпараттық технологияларды барлық деңгейде білім беру үрдісін интенсификациялау қүралы ретінде пайдалану саласы бойынша шешімін табуды тез арада күтіп отырған мәселелер баршылық. Сондықтан заңгерлерді кәсіби даярлау жүйесінде ақпараттық технологияларды пайдаланудың маңыздылығы мен қажеттілігі уақыт сүранысынан туындайды. Себебі, ақпараттық технологиялардың ғылыми-техникалық прогресс дамуында атқаратын қызметі мен алатын орны ерекше. Олар адам өміріндегі барлық іс-әрекеттерде, соның ішінде білім беру аймағында кеңінен қолданылуда.

Бүгінгі таңда білім беру жүйесін ақпараттандыру, оқу-тәрбие үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану, ақпараттық технологиялар арқылы мамандардың даярлығын жетілдіру бойынша орындалған зерттеулер баршылық. Оларды бірнеше бағыттарға бөліп көрсетуге болады:

— оқу орындарында информатика пәнін оқытуды жетілдірудің әдістемелік жүйесі жасау (Е.Ы.Бидайбеков, Г.Д.Жангисина, С.К.Кариев, т.б.) [2];

— білім беруді ақпараттандыру, оқыту үрдісінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану (К.Ж.Аганина, А.Ж.Арыстанова, Е.Балапанов, Б.С.Гершунский, С.Р.Доманова, Қ.Қабдықайыұлы, Ж.А.Қараев, Ш.Х.Қүрманалина, Е.И.Машбиц, В.М.Монахов, Г.К.Нүрғалиева, Е.С.Полат, С.С.Тауланов, т.б.).

— жоғары және арнайы оқу орындарында білім беруді ақпараттандыру арқылы мамандар даярлау сапасын арттыру, болашақ мамандардың кәсіби біліктерін жетілдіру, ақпараттық бағыттылығын қалыптастыру, болашақтағы практикалық іс-әрекетінде ақпараттық технологияларды пайдалануға даярлау (Б.Әбдікәрімұлы, Г.С.Базарбаева, Б.Т.Барсай, Ж.Ж.Джанабаев, В.В.Егоров, М.С.Мәлібекова, А.К.Мынбаева, Л.В.Нефедова, Қ.А.Сарбасова, Г.О.Тәжіғұлова, А.Э.Титовицкая, Л.А.Шкутина, т.б.) [3];

— ақпараттық технологиялар арқылы оқушылардың зерттеу қызметін, болашақ мамандардың ақпараттық және зерттеу мәдениетін қалыптастыру (Р.Ч.Бектұрғанова, Г.Г.Воробьев, Н.Ғ.Даумов, Д.М.Джусубалиева, С.Н.Лактионова, Ш.Таубаева, т.б.) ;

— қашықтан оқытуды технологиясы, электронды оқу-әдістемелік кешенді жасау проблемаларына арналған зерттеулер (Е.Аленичева, М.А.Винницкая, Е.Г.Гаевская, Д.М.Джусубалиева, Е.С.Полат, В.П.Тихомиров, Т.Г.Целуйкина т.б.) .

Бүгінгі күні ақпараттық және бағдарламалық білім беруді қамтамасыз ету жетістіктері негізінде білім алудың ауқымды мүмкіндіктері туып отыр. Соның ішінде үздіксіз білім алу мәселесі де тұр. Кез келген адам білім алу барысында білімнің сапалы болғанын қалайды. Бүл кезекте ақпараттық технологияның атқарар ролі ерекше.

Осы тұрғыдан мәселелерпді қарастыра келе, біз дипломдық жұмыстың тақырыбын «Оқушылардың ақпараттық сауаттылығын қалыптастыру» деп анықтап алдық. Осы тақырып негізінде дипломдық ғылыми зерттеу жұмыстарды орындау барысында алға қойған мақсатымыз:

Зерттеудің мақсаты: оқушылардың ақпараттық сауаттылығын қалыптастырудың мақсаты оқу процесіне қатынасушылардың дер кезінде тиянақты білім алуын қамтамасыз ету және осы үрдісті оқытушы тарапынан басқарудың жоспарланған сапасына қол жеткізу болып табылады.

Зерттеудің міндеттері:

1. Зерттеу мәселесі бойынша педагогикалық-психологиялық әдебиеттерге талдау жасау;

2. Ақпараттық технологияларды қолдану барысындағы педагогикалық тәжірибелерді салыстыру.

Зерттеудің нысаны: ақпараттық сауаттылықты қалыптастыру.

Зерттеудің әдістері:

Озат педагогикалық тәжірибелерді салыстыру, жинақтау, талдау, байқау, әңгіме, сұрақ – жауап және сауалдама жүргізу.

Зерттеу пәні: мектептегі оқыту процесі.

Диплом жұмысының құрылымы: Кіріспе, 2 тарау, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімін қамтиды.


Бөлім: Психология

Добавить комментарий