ОЙЫН ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ



МАЗМҰНЫ

Бет

Кіріспе……………………………………………………………………………………………………3-4

І БӨЛІМ. ОЙЫН ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ

Іс-әрекет және оның әдіснамалық негізі……………………………..…5-11

1.2. Ойын — мектеп жасына дейінгі баланың іс-әрекеті ретінде……………12-18

1.3. Ойынның педагогикалық-тәрбиелік мәні………………………………19-20

1.4. Ойын іс-әрекетінің баланың психологиялық дамуына әсері…………21-24

1.5. Ойын іс-әрекетінің баланың қиялын дамытуда алатын рөлі…………25-32

ІІ БӨЛІМ. ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ

2.1. Зерттеудің мақсаты, болжамы, міндеттері……………………………………………33

2.2. Зерттеу әдістеріне сипаттама…………………………………………………………..34-37

2.3. Зерттеу барысы……………………………………………………………………………….38-45

2.4. Алынған мәліметтерді сандық және сапалық талдау………………………..46-51

Қорытынды…………………………………………………………………………………………52-53

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі……………………………………………………….54-56

Қосымшалар……………………………………………………………………………………….57-74

Кіріспе

Сапалы ұрпақты өсіру әсіресе, психология ғылымының дамуына ерекше көңіл аударуды талап етеді. Психологияны дамыту арқылы өскелең ұрпақты өз дәрежесіне әлем елдеріне таныту бұл біздің әрбір азаматтың міндеті. Психолого-педагогикалық қызметте негізгі әрекет түрі баланың логикалық психикалық дамуы болып табылады. Мұнда баланы тәрбиелеу процесіндегі шығармашылық дамыту ойын іс-әрекетімен тығыз байланыста болуы тиіс. Тәжірибеде нақты әрекет баланың жеке психикалық және белгілі әлеуметтік-педагогикалық кеңістіктегі дамуына сүйенеді.

Жұмыстың өзектілігі: Қоғамның болашақ азаматын өсіру үшін отбасы, қоғамдық орындар, қоршаған ортаның тигізер ықпалы ұшан-теңіз. «Үлкендер өсіп келе жатқан балдырғанға адамгершілік сезімдерін дер шағында дарыта беру үшін оны қоршаған ортасында көңілді, қуанышты жайларды жасай білуі шарт»-дейді Е.А.Аркин. Ойын мектеп жасына дейінгі балалардың ең басты іс-әрекеті болып табылады. Атап айтқанда ойын арқылы балалар өмірді таниды, ойын оларды үлкен өмірге дайындайды. Сонымен қатар баланың шығармашылық дамуында маңызы өте зор. Ойын мәнін балалық шақтан есейген шаққа өтетін көпір ретінде сипаттауға болады. Сонымен қатар мектепке дейінгі балалардың іс-әрекетінің дамуы үшін, тәрбиелеу үшін де ойынның мәні өте зор.

Жұмыстың мақсаты:

Ойын іс-әрекетінің мектеп жасына дейінгі балаларға психологиялық әсерінің ерекшеліктерін, оның ішінде қиял процессінің дамуына әсерін зерттеу.

Қойылған мақсатқа байланысты келесі міндеттер қалыптастырылды:

Міндеттері:

1.Іс-әрекет және оның әдіснамалық негізі қарастыру.

2. Ойынның педагогикалық-тәрбиелік мәні жан-жақты ашу.

3. Ойын іс-әрекетінің баланың психологиялық дамуына әсерін көрсету.

4.Ойын іс-әрекетінің баланың қиялын дамытуда алатын рөлін айқындау.

Зерттеу пәні:

Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қиялы.

Зерттеу объектісі:

Мектеп жасына дейінгі балалар (3-6 жас аралығындағы).

Зерттеу болжамы:

Балабақшада тәрбиеленетін мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қиял деңгейі, балабақшада тәрбиеленбейтін мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қиял деңгейлеріне қарағанда жоғары.

Балабақшада ұйымдастырылған ойын іс-әрекеті онда тәрбиеленетін мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қиял деңгейінің жоғары болуының алғы шарты.

Жұмыстың теориялық мәні:

Зерттеу жұмысында іс-әрекет туралы Л.С.Выготский, С.Л.Рубинштейн, А.Н.Леонтьев, А.Р.Лурия, А.В.Запорожец, П.Я.Гальперин тәріздес әйгілі Кеңес психологтарының теориялары кеңінен қарастырылады. Сонымен бірге мектеп жасына дейінгі балалардың ойын іс-әрекеті туралы К.Гросс, Ф.Шиллер, Г.Спенсер, К.Бюллер, З.Фрейд және т.б. көптеген зерттеушілер мен ойшылдардың көзқарастары қосып қарастырылады.

Теориялық бөліміне белгілі психолог-мамандардың теориялық ілімдері өз үлестерін қосты. Олар: Л.С.Выготский., К.Д.Ушинский., А.П.Усова., Д.Б. Эльконин.

Жұмыстың практикалық мәні:

Эксперимент барысында алынған нәтижелерді ата-аналарға және балабақша тәрбиешілеріне ұсыныс ретінде ұсынуға болады.

Жұмыстың жаңашылдығы: Әлеуметтік өмірге жалпы белгілі бір қоғамға бейімделуге баланың көркемдік, шығармашылық белсенділігін арттыру үшін, сонымен қатар баланың тәрбиесінде ойындарды қолдану. Ойын іс-әрекеті арқылы баланың тұлға болып қалыптасуына әсерін көрсету.

Мектепке дейінгі балаларға арналған әдістемелерді қолдана отырып, баланың қиялына ойынның ықпалын көрсету.


Бөлім: Психология

Добавить комментарий