Мектеп оқушылары тұлғасын зерттеудің педагогикалық-психологиялық диагностикасы



МАЗМҰНЫ

Кіріспе

1 Психологиялық-педагогикалық диагностиканың тарихи негіздері

1.1 Практикалық диагностика ұғымы және оның ғылыми әдебиеттердегі көрінісі

1.2 Психологиялық диагностика принциптері мен оның тәжірибе жүзіндегі негізгі мәселелері

2 бөлім. Мектеп психологі жұмысында қолданатын психологиялық әдістемелері

2.1. Оқушылардың жекелік қасиеттерін зерттеу әдістемелерін пайдалану ерекшеліктері

2.2. Оқушылардың таным процестерін диагностикалау әдістемелерін пайдалану

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Қосымшалар

КІРІСПЕ

Қазіргі заман психодиагностикасының тарихы ХІХ ғасырдың І-жартысынан бастау алады. Яғни, сол кезеңнен бастап ең алдымен психология білімінің дамуының клиникалық дамуы басталды. Бұл кезең адам туралы психологиялық эмперикалық білім болады. Талдауда және оны қолануда шешуші рөлді дәрігердің ойымен сипаттайды. Ал бұған дәлел мұнымен негізінен философтар мен жазушылар шұғылданды. Дәрігерлерді емделуі қиын ауру және аурудың неден пайда болғандығы, сондай-ақ сол жылдары әлемдік дамыған елдерінде еңбек алған жан күйзелістерінен болатын аурулар және невроз себептері қатты қызықтырды. Психиатр дәрігерлер Европа клиникаларында ауруларға жүйелі түрде бақылау жүргізе бастады және өз басқару нәтижесін талдап жазып отырды. Бұл уақытта психодиагностика әдісінің бақылау , сұрау құжаттарды талдау сияқты әдістерді жүзеге асады. Бірақ бұл жылдары психодиагностика тұтастай толық құрылды деп айта алмаймыз. Өйткені мұнда тек дәрігерлерге 1 ауру түрін ғана бақылауы және бірдей әдіспен қорытындылауы, олар зерттеу нәтижесінде дәрігерлер көзқарасы,ой қорытындысы бойынша заң жасалды. Бұл кезеңде психодиагностика әдістемелері тек сандық жағынан сипатталатынын көрсетеді. Психодиагностика әдістемелері сандық көрсеткіштерін алу түрі ХІХ ғ ІІ жартысында жүзеге аса бастады. Осы жылдары атақты неміс психологы Вундтың жетекшілігімен әлемде алғаш рет тәжірибелік психология лабораториясы ашылды. Мұнда психодиагностикалау мақсаттар әр түрлі құралдар мен жабдықтар қолдана бастады. «Диагностика» оқыту тәжірибесіндегі «білім, білік, дағды, іскерлікті тексеру» ұғымын қамтығанымен, одан мазмұны, мақсаты жағынан ауқымды. Білім, білік, дағдыны іскерлікті тексеру тек нәтижені, фактіні ғана көрсетеді.

Ал, диагностика бақылау, тексеру, бағалау, статистикалық мәліметтерге талдау, оның даму бағытын айқындау, дидактикалық үрдісті жобалау, яғни педагогикалық жүйенің тұтастығын қамтамасыз ету қызметін атқарады.

Диагностика үрдісінде оқытудың нәтижесі ғана анықталып қоймай, сол нәтижеге жетудің жолдары мен амалдары талданылады. Олай болатын болса, білім жүйесіндегі өзгеріс, яғни 12-жылдық білім жүйесіне көшу, біздің алдымызға келелі міндеттерді қойып, сол міндеттерді шешудің жолын қарастыруды талап етеді. Осы қойылған міндеттерді шешу мақсатында біз, тақырыбымызды «Мектеп оқушылары тұлғасын зерттеудің педагогикалық-психологиялық диагностикасы» деп алдық.

Зерттеудің мақсаты: Мектеп оқушыларының тұлғасын зерттеу мақсатында педагогикалық-педагогикалық диагностика ұғымдарын теориялық түрде негіздеу;

Зерттеу нысаны: Орта мектептегі оқу үдерісі.

Зерттеу міндеттері:

— педагогикалық – психологиялық диагностиканы тоеориялық тұрғыда негіздеу;

— педагогикалық – психологиялық диагностика ұғымына сипаттама беру;

— диагностикалаудың мектеп практикасында қолдану барысына талдау жасап, оны өз тәжірибемізде қолдану.

Диплом жұмысы екі бөлімнен, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.


Бөлім: Психология

Добавить комментарий