ЖЕТІМ БАЛАЛАРДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ӘЛЕУМЕТТІК БОЛМЫСЫ



МАЗМҰНЫ

Кіріспе3

ІЖетім балалардың психологиялық — әлеуметтік проблемаларының теориялық негіздері6

1.1Жетім балалардың психологиялық-әлеуметтік сипаты мен олармен қарым-қатынас ерекшеліктері.6

1.2Жетім балалардың эмоциялық-сезімдік сферасындағы психологиялық қиындықтар.23

ІІЖетім балалармен алдын-алу жұмыстарды жүргізудің жұйесі23

2.1Жетім балаларды психологиялық-әлеуметтік алдын-алу — психологиялық мәселеле29

2.2Жетім балалармен психологиялық жұмыс жасаудың әдіс-тәсілдері: түзету бағдарламасы.43

ІІІ Қорытынды53

ІУПайдаланған әдебиеттер тізімі54


Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі. Соңғы жылдары психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік психологтия және басқа да теоретиктерді жетім балаларды тәрбиелеу, оқыту және психологиялық көмек көрсетудің концептуалдық негіздерін өзгерту және оларды жаңаша қамтамсыз ету көкейтесті болып отыр.

Л.С.Выготскийдің еңбектерінде дәлелденген – баланың өмірлік потенциалының дамуына әсер тигізетін оның әлеуметтік жағдайлары мен әлеуметтік болмысы [1]

Жетім балалардың әлеуметтік-психологиялық болмысын зерттеген шетелдік, отандық зерттеушілердің еңбектеріне қысқаша талдау жасауға болады. Айталық, жетім балалардың агрессивті мінез-құлқын зерттеген К.Бютнер [2].

Жетім балаларды балалар үйінде тәрбиелеу мәселесімен И.В.Дубровина [3], Д.Боулби [4]., Горячева [5].; В.С.Мухина[6]. жетім балалар үййіндегі жасөспірімдердің мінез-құлқының психологиялық дамуына көңіл аударған. Қазақстандық ғалымдар арасында жетім балалардың бойындағы мінез-құлықтың ауытқуын Г.А.Уманов[7]., Л.К.Керімов[8]., ал жетім балалрды әлеуметтендіру мәселесімен айналысқвн З.Зұбайраева[9]., т.б. Белгілі психологтар Б.Г.Ананьев[10]., А.А.Бодалев[11]., А.Н.Леонтьев[12]., Қоянбаев Ж [13]. балалардың әлеуметтік және жеке даралық білімдері мен өмір тәжірибелерінде адамзат қоғамының жетістіктері өз биліктері мен өмірінде алатын орны айқындаған.

Жетім балалардың тұлғалық әлеуметтенуге және өмірге психологиялық дайындық нақты және күрделі мәселе болып отыр.

Зерттеу мақсаты. Жетім балалардың психологиялық-әлеуметтік мәселелерінің көпқырлы қиын мәселе екенін дәлелдеу және олармен жұмыс істеу барысында алдын-алу жұмыстарды жүргізудің жұйесі белгілеу мен түзету бағдарламасын ұсыну.

Зерттеу объектісі. Жетім балалардың психологиялық-әлеуметтік болмысы.

Зерттеу пәні. Күрделі процесс ретіндегі жетім балалардың психологиялық-әлеуметтік болмысы.

Зерттеудің міндеттері:

— жетім балалардың психологиялық-әлеуметтік сипаты мен олармен қарым-қатынас ерекшеліктері анықтау;

— жетім балалардың эмоциялық-сезімдік сферасындағы психологиялық қиындықтарына сипаттама беру;

— жетім балаларды психологиялық-әлеуметтік алдын-алу — психологиялық мәселеле екенін дәлелдеу;

— Жетім балалармен психологиялық жұмыс жасаудың әдіс-

тәсілдері: түзету бағдарламасын ұсыну

Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер жетім балалардың психологиялық-әлеуметтік болмысы теория тұрғыдан негізделіп, қаралса; жетім балалармен жұмыс істеу барысында олардың эмоциялық-сезімдік сферасындағы психологиялық қиындықтар есерілсе және түзету бағдарлмасы іске асырылса, онда әлеуметтік қоғамға, ортада толық жеке тұлғалық қасиеттері бар азамат орын табар едді.

Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасының білім тұралы заңдары, балалар құқығы тұралы заңы, балалар құқығы тұралы конвенция, оқу-әдістемелік құралдар, философия, психология, педагогика, әлеуметтік психология білім, даму негіздері туралы ғылыми еңбектер.

Зерттеудің әдістері: Зерттеу проблемасы бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық және ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау, салыстырмалы талдау, әңгіме, сауалнамалар жүргізу, тестілеу, анкета жүргізу.

Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар: жетім балалардың психологиялық-әлеуметтік сипаты мен жетім балалармен қарым-қатынас жасау ерекшеліктері; жетім балалардың эмоциялық-сезімдік сферасындағы психологиялық қиындықтар; жетім балалармен алдын-алу жұмыстарды жүргізудің жұйесі мен түзету бағдарлмасы.


Бөлім: Психология

Добавить комментарий