ЖЕТІМ БАЛАЛАРДА АУЫТҚУШЫЛЫҚ (ДЕВИАНТТЫҚ) МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



МАЗМҰНЫ

Кіріспе……………………………………………………………………………………………………….4

І БӨЛІМ Жетім балалардың ауытқушылық (девианттық)

мінез-құлқын зерттеудің теориялық негіздері……………………………….6

1.1 Жетім баланың дамуының психологиялық ерекшеліктері………………….6

1.2 Жетім балалардың ауытқушылық мінез-құлық психологиялық

мәселе ретінде ……………………………………………………………………………………………19

ІІ БӨЛІМ Жетім балалардың ауытқушылық мінез-құлқын зерттеудің шарттары ……………………………………………………… …………………………………………29

2.1 Жетім балалардың ауытқушылық мінез-құлқын зерттеуде

психологиялық диагностика әдістемелерін қолдану…………………………….29

2.2 Баланың дамуы мен тәрбиелеу шартарының мониторинг әдістері……………44

ІІІ Қорытынды……………………………………………………………………………………………..70

ІУ Пайдаланған әдебиеттер тізімі………………………………………………………………….71

Ү. Қосымша…………………………………………………………………………………………………74

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі. Соңғы жылдары психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік психология және басқа да теориялық ғылымдарда жетім Жетім балалардың ауытқушылық мінез-құлықтың психологиялық мәселелрі көкейтесті болып отыр.

В.Д. Менделеевичтың еңбектерінде дәлелденген – баланың өмірлік потенциалының дамуына әсер тигізетін оның әлеуметтік ортадағы мінез құлық ерекшеліктері мен психикалық болмысы [1]

Жетім балалардың девианттық мінез құлықтың психологиялық мәселелерін зерттеген шетелдік, отандық зерттеушілердің еңбектеріне қысқаша талдау жасауға болады. Айталық, жетім балалардың девианттық мінез құлықтың агрессивті көрінісін зерттеген К.Бютнер [2].

Жетім балаларды балалар үйінде тәрбиелеу мәселесімен И.В.Дубровина [3], Д.Боулби [4],В.С.Мухина [5], т.б. жетім балалар үйіндегі жасөспірімдердің мінез-құлқының психологиялық дамуына көңіл аударған. Қазақстандық ғалымдар арасында жетім балалардың бойындағы мінез-құлықтың ауытқуын Г.А.Уманов [6]., Л.К.Керімов [7]., К.М.Арымбаева [8]., балаларда ауытқушылық мәселелерінің теориялық және практикалық мәселелріне көңіл аударса, ал жетім балаларды әлеуметтендіру мәселесімен айналысқан З.Зұбайраева [9]., т.б. Белгілі психологтар Б.Г.Ананьев [10]., А.А.Бодалев [11]., А.Н.Леонтьев [12]., Қоянбаев Ж [13]. балалардың әлеуметтік және жеке даралық білімдері мен өмір тәжірибелерінде адамзат қоғамының жетістіктері өз биліктері мен өмірінде алатын орны айқындаған.

Жетім балаларда девианттық міне-құлықтын психологиялық ерекшеліктері нақты және күрделі мәселе болып отыр.

Зерттеу мақсаты. Жетім балаларда девианттық міне-құлықтын психологиялық ерекшеліктерін зерттеу көпқырлы қиын мәселе екенін дәлелдеу және олармен жұмыс істеу барысында алдын-алу жұмыстар мен қатар психодиагностикалық жұмыстарды жүргізудің жұйесі белгілеу мен түрлі әдістемелрді ұсыну.

Зерттеу объектісі. Жетім балалардың девианттық міне-құлықтын психологиялық ерекшеліктері.

Зерттеу пәні. Күрделі процесс ретіндегі жетім балаларды девианттық міне- құлық көріністері

Зерттеудің міндеттері:

— жетім балалардың девианттық міне-құлықтын психологиялық ерекшеліктері анықтау;

— жетім балалардың әлеуметтік дамуындағы психологиялық қиындықтарына сипаттама беру;

— жетім балаларды психологиялық — әлеуметтік алдын-алу — психологиялық мәселеле екенін дәлелдеу;

— жетім балалармен психологиялық диагностика жұмыс жасаудың әдіс- тәсілдерін ұсыну

Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер жетім балаларда девианттық міне-құлықтын психологиялық ерекшеліктері анықталып, процес ретінде сипаттама берілсе; жетім балалармен жұмыс істеу барысында олардың әлеуметтік даму сферасындағы психологиялық қиындықтар ескерілсе және психологиялық диагностика жұмыстары іске асырылса, онда әлеуметтік қоғамға, ортада толық жеке тұлғалық қасиеттері бар азамат орын табар еді.

Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасының білім тұралы заңдары, балалар құқығы тұралы заңы, балалар құқығы тұралы конвенция, оқу-әдістемелік құралдар, философия, психология, педагогика, әлеуметтік психология білім, даму негіздері туралы ғылыми еңбектер.

Зерттеудің әдістері: Зерттеу проблемасы бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық және ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау, салыстырмалы талдау, әңгіме, сауалнамалар жүргізу, тестілеу, анкета жүргізу.

Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар: жетім балалардың девианттық міне-құлықтын психологиялық ерекшеліктері анықтаудың психологиялық сипаты мен жетім балалардың әлеуметтік дамуының психологиялық мәселелері; жетім балаларды психологиялық диагностика; жетім балалармен мониторинг жүргізудің жұйесі мен бағдарлмасы.


Бөлім: Психология

Добавить комментарий