Жеке тұлғаның қалыптасуындағы ұлттық қолөнердің тәрбиелік мәні



Жеке тұлғаның қалыптасуындағы ұлттық қолөнердің тәрбиелік мәні.

Егер біз адамгершілігі жоғары қоғам болғымыз келсе, ең бастысы ата-ананың балаларының алдындағы жауапкершілігін күшейтуге тиіспіз. (Н.Ә.Назарбаев)
Өскелең ұрпақтың қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінуде рухани дүниесі бай, жан-жақты жетілген азамат болып өсуіне тәрбиенің қосар үлесі мол. Халық келер ұрпағын тәрбиелеуде өзіне дейінгі жақсы дәстүр атаулыны жинап пайдаланғанын ескерер болсақ, барлық демократияшыл бағыттағы педагог ғалымдардың көпшілікке ұсынған тәжірибесінен ғибрат алуға болады.

Я.Н.Каменский баланы жастайынан жақсы мінез-құлыққа тәрбиелеу жолдарын, швед педагогы И.Г.Пестолоций «Баланың дүниені түсінуі, отбасынан басталып, мектепте ары қарай жалғастыруы шарт», — деген қағиданы ұсынған, К.Д.Ушинский «Халық педагогикасының тәрбиелік мақсаты мен мазмұны сол халықтың сан ғасырлық тарихымен байланысты, тәрбие көзін халықтың жақсы дәстүрінен іздеу керектігін» айтқан болатын. Болашақ ұрпақтың келбетін айқындайтын біздің абыройлы қызметімізге үлкен міндет жүктелген.

Тәрбие дегеніміз – адамды қайда жүрсе де өз орнын таба алатын, өз мүмкіндігін көрсете білетін, ойын ашық айтып, тыңдай алатын, ықпал ету, көмек көрсету, жанашырлық таныту сияқты адами мүмкіндіктерге ғана қол жеткізу емес, сондай-ақ, өзі өмір сүрер ортада тұлға ретінде танылып, бақытты өмір сүретін адам дайындау. Сонымен қатар, тұлға – рухани адамгершілігі жоғары сезімдері дамыған, талғамы биік, өзінің іс-әрекеттеріне мақсат қоя білер адам — қоғамның ажырамас бөлігі.

Адамдар тұлға болып, өзіндік жеке бас ерекшеліктерімен бірден дүниеге келмейді, әрбір жеке тұлғаны қалыптастыру, тәрбиелеп жетілдіру осы заман ағымына лайықты азамат, білімді, ойлы, өмірге құштар болып өсуіне үлесімізді қосуымыз қажет.
Қай заманда болмасын, жас ұрпақтың өнеге тұтар өзіндік ұлттық тәлім-тәрбиесі, үлгі алатыны тарихи жеке тұлғалар екені белгілі. Әл-Фараби, Ж.Баласағұн, М.Қашқари секілді ғұламалар еңбектерінің, кемеңгерлік сөздерінің балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің тұлғасын қалыптастыруда мәні ерекше.

Дамыған қоғамдағы тұлғаны қалыптастыруда ұзақ мерзімді педагогикалық әсер туғызатын әдістер тиімділігі, тәрбиеші мен тәрбиеленушінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынас өздігінен қалыптаспайтындығын кеңес дәуіріндегі педагогтар П.П.Блонский, Н.К.Крупская, А.В.Луначарский, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский, К.Д.Ушинский т.б өз зерттеулерінде дәлелдеп берді.
Қазақстандық белгілі психолог-ғалымдар Ә.Алдамұратов, Қ.Б.Жарықбаев, М.Мұқанов, Т.Тәжібаев, А.Темірбеков, Г.А.Урунтаева, Х.Т.Шерьязданова зерттеулерінде оқыту үдерісіндегі жеке тұлғаның танымдық іс-әрекеті мен қабылдаудағы психологиялық ерекшеліктері туралы құнды ой-пікірлер айтылған.

Бүгінгі таңда жаңалыққа жаны құмар жас ұрпаққа заман талабына сай тәрбие мен білім беру, оны ұлттық құндылықтар арқылы жүзеге асыру көкейкесті мәселелердің бірі болып отыр. Ұлттық құндылықтарды құрмет тұтып, тәрбиенің қайнар көзі ретінде қарастыру қай заманда болса да маңызды мұқтаждық ретінде күн тәртібінде тұрары белгілі. Әсіресе, бүгінгі жаһандануға бет бұрып, әлемдік бәсекелестікке, оның талаптарына жауап беру жағдайында бұл мәселенің өзектілігі айшықталып отыр. Елбасының бұл жайлы «толық өркениетті ел болу үшін алдымен өз мәдениетімізді, өз тарихымызды бойымызға сіңіріп, содан кейін өзге дүниені игеруге ұмтылғанымыз жөн» деген сөзі баршамызға салмақты міндеттер жүктейді. Сондықтан бүгінгі таңда басты мақсат – жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзаттық құндылықтар, рухани-мәдени мұралар сабақтастығын сақтай отырып, тәрбиелеу болып отыр.

Жер бетіндегі өмір сүруші әрбір ұлт өз ұрпағының жан – жақты тәрбиелі және мәдениетті тұлға болуын армандайды. Бала бойына рухани мұраларды сіңіре тәрбиелеудің бірі – ұлттық тәрбие.
Ұлттық тәрбие – рухани уыз. Халық көптеген тәрбиелік дүниелер туғыза отырып, олар арқылы баланың жеті қырлы, бір сырлы болып қалыптасуын қамтамасыз еткен.

Әр халықтың болашағы жастарына тәуелді. Егер әр халық жас ұрпағын өзінің ұлттық рухымен тәрбиелемесе,онда ол елдің болашағы бұлыңғыр болмақтығын бүгінде ғалымдарымыз баспа беттерінде жиі жариялап келеді. Өйткені ұлттың барша мұрасы жастарға аманат етіледі. Ал жастар оны кейінгі буынға сол бай мұраны тапсырмаса, онда ұлттық атау біртіндеп жоғалары сөзсіз.

Сондықтан еліміздегі үздіксіз білім беру жүйесінде ұлттық мәдениет, өнер және қолөнер негізінде біліктілік пен іскерлік қалыптастыру, мәдениеттілікке баулу, адамзат қоғамында бұрын соңды жасалған мәдени мұраны жүйелі меңгеруге, жалпы әлемдік рухани игіліктерді бағалай білуге тәрбиелеу қажеттілігіне баса көңіл бөлу керектігіне мән берілген. Осыған байланысты болашақ маман бойында кәсіби мәнді сапалардың қалыптасып, ол тұлға дамуымен ұштасып, нәтижесінде жас ұрпақтың біліктілігі мен іскерлігін қалыптастыру мәселесінің өзектілігі артады. Аталмыш мәселенің әсіресе ел болашағының кілтін ұстап отқан жас буын – мектеп оқушылары үшін маңызы айрықша.

Алайда қолөнер бұйымдарын жасап үйрену, сол арқылы оқушылардың Оқушыларды қоғамдағы жаңа өзгерістер мен өз халқының тарихы, дәстүрі мен тіршілік ету, ойлау жүйесі туралы рухани негізін дамыта отырып, білім меңгеруге, еңбек етуге үйретуге қажет. Осы орайда қазақ халқының қолөнерін дәріптеу, оған мектеп оқушыларын баулу, шеберлігін дамытудың маңызы ерекше. Қазақ халық қолөнері деп халық тұрмысында жиі қолданатын өру, тігу, тоқу, мүсіндеу, құрастыру, бейнелеу сияқты шығармашылық жиынтығын айтады. Шын мәнінде қолөнер түрлерінің әрқайсысының талай ғасырлық тарихы бар. Қазақ халқы өзінің күнкөріс тіршілігіне қажетті үй-жәй салуды, киім — кешек тігуді, азық — түлік өндіруді өзінің тұрмыстық кәсібі етіп, оларды күнбе — күн тіршілік барысында орынды пайланса, әсем бұйымдар жасап өмір де, сән — салтанатта құра біледі.

Бұдан біз халық шығармашылығының қандай түрі болса да, халық өмірімен, сол халықтың қоғамдық өмірімен, қоғамдық тарихымен, күнкөрісімен, кәсібімен тығыз байланысты екендігін көреміз.
Оқушыларды қоғамдағы жаңа өзгерістер мен өз халқының тарихы, дәстүрі мен тіршілік ету, ойлау жүйесі туралы рухани негізін дамыта отырып, білім меңгеруге, еңбек етуге үйретуге қажет. Осы орайда қазақ халқының қолөнерін дәріптеу, оған мектеп оқушыларын баулу, шеберлігін дамытудың маңызы ерекше. Қазақ халық қолөнері деп халық тұрмысында жиі қолданатын өру, тігу, тоқу, мүсіндеу, құрастыру, бейнелеу сияқты шығармашылық жиынтығын айтады. Шын мәнінде қолөнер түрлерінің әрқайсысының талай ғасырлық тарихы бар. Қазақ халқы өзінің күнкөріс тіршілігіне қажетті үй-жәй салуды, киім — кешек тігуді, азық — түлік өндіруді өзінің тұрмыстық кәсібі етіп, оларды күнбе — күн тіршілік барысында орынды пайланса, әсем бұйымдар жасап өмір де, сән — салтанатта құра біледі. Бұдан біз халық шығармашылығының қандай түрі болса да, халық өмірімен, сол халықтың қоғамдық өмірімен, қоғамдық тарихымен, күнкөрісімен, кәсібімен тығыз байланысты екендігін көреміз.

шеберлігін дамыту мәселесі іле де терең зерттеуді қажет ететіндігін айқындадық. Сонымен қолөнер бұйымдарын жасату технологиясын қазіргі замануи талаптар негізінде оқушылардың шеберлігін дамыту жүзеге асыру мен педагогика ғылымында бұл мәселенің қажетті деңгейде зерттелмеуі арасындағы; сонымен қатар орта білім беретін білім мекемелерінде бұл проблеманы ендіруге байланысты педагогика ғылымының теориялық негізі мен олардың шешімін табуға мүмкүндік туғызатын оқу-әдістемелік нұсқаулардың жоқтығы арасындағы шешілуге тиіс мәселелерді топтау арасында қарама-қайшылықтары бар екендігін байқатты.

Халықтың ұлттық қолөнеріне әдеп-ғұрып жабдықтарымен қатар, аң аулауға, мал өсіруге және егіншілікке қажетті құрал — жабдықтарда кіреді. Осы құрал-жабдықтардың шығу тарихының өзінің келешек ұрпаққа берер тәлім — тәрбиесі мол. Киіз үйдің сүйегі, ағаш кереует, кебеже, сандық жасап, сырмақ кілем, аяққап, ши, кілем, түрлі бау, арқан жіп ескен, көннен және илеулі теріден қайыс таспа тіліп, өрім өріп, қолдан әр алуан ыдыс аяқ, адалбақан, бесік және тағы басқа көптеген заттарды халық шеберлері өнерпаздар өз қалауымен жасап түрлі нақышына келтіре әшекейлеп ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп, тәрбиелеп жеткізген. Халықтың қолөнері адамдардың көркемдік талғамының қалыптасуына ерекше әсер етеді, жас ұрпаққа эстетикалық тәрбие беруге қызмет етіп, оларды халықымыздың материалдық рухани мұраларын терең түсініп, оны бағалай білуге тәрбиелейді.

Орта мектептегі оқытудың негізгі міндеттері — білім беріп қана қою емес, білім мазмұны арқылы баланың өмірге, еңбекке, адамдарға, айналадағы ортаға, дұрыс қарым — қатынасын қалыптастыру. Оқыту мен тәрбие бір-бірімен байланысты процесс, бір нәрсенің екі жағы сияқты. Тәрбиелік сабақтың мазмұнын анықтай отырып, сабақ барысында оқу және тәрбие міндеттерін шешеді.

Технология сабағында ұлттық тәрбие берудің міндеті жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болғандықтан, жаңа технология бойынша әдістемелік жүйенің басты бөлігі ұлттық қолданбалы қолөнерді технология сабағында қолдана білу болып табылады. Мұны орындау үшін мына ұстанымдар жүзеге асуы тиіс:
1.Оқушыларға технология сабағында ұлттық тәрбие беруге шығармашылық іс-әрекеттерді меңгеру талап етіледі. Өйткені, көркем шығармашылық іс-әрекеттердің күнделікті пайдаланып жүрген оқыту әдістерінен айырмашылығы бар. Яғни, жаңа жағдайдагы «оқыту технологиясы» деп отырғанымыз — халық мұрасындағы қолданбалы қолөнері арқылы ұлттық тәрбие беру ұстанымының өзара тығыз байланыстыгы. Демек, бұнда ұлттық тәрбие беруде бірінші орында оқушы тұрады және оның білім алудағы белсенділігіне баса назар аударылады.
2.Технология сабағында ұлттық тәрбие берудің негізгі түрлері -тәрбие берудің дербес және топтау түрлері. Бұл жерде алға қойған басты мақсат оқушыға деген сенім, ұлттық қолданбалы қолөнерге қызығу мүмкіндіктеріне сүйеніп, ұлттық қадір — қасиет сезімін дамыту. Ал, оқытудың фронтальды түрлері, көбінесе бағыт беру, талқылау және түзету енгізуге ғана пайдаланылады.

3.Жаңа технологияның мақсаты бойына технологиялық білімін жетілдіру үшін пайдаланылатын әдістемелік құралдар оқушылардың танымдылық іс-әрекеттерін жүргізе алатындай болуы керек. Бұрынғы дәстүрлі оқулықтар мұндай талапты қанағаттандыра алмайды, сондықтан, оқушылардың технологиялық білімін жетілдіру үшін жаңа типтегі оқулықтар қажет-ақ.
Қазақ халқының қол өнері түрлерін меңгерту процесінде оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыру мақсатында әртүрлі әдіс-тәсілдерді (сөздік, көрнекілік, аудиокөрнекілік, практикалық, салыстыру, теңестіру, ақпараттық, эвристикалық, қорытындылау, іздестіру және т.б.) пайдаланамыз.

Оқушының шеберлігін қалыптастыру мақсатында қазақ халқының қол өнерін оқытуды ұйымдастыру: мұғалімді оқушылардың ақыл-ойы мен практикалық іс-әрекетін белсендендіретін және олардың жүзеге асуын қамтамасыздандыратын оқыту формаларына, әдістеріне бағдарлауға; оқушылардың қазақ халқының қол өнерін үйрену барысындағы іс-әрекетін ұйымдастыруда орындаушылық іс-әрекетінің шығармашылық ізденіспен ұласуына; қазақ халқының қол өнерін үйрету процесінде технологиялық мәдениеттің барлық компоненттерін дамытуға; оқушыларды қазақ халқының қол өнер түрлерімен жұмыс жасауда мақсат қоя білуге, ақпарат алып, оған талдау бере білуге, жұмыс сапасының өлшемдерін анықтауға, техникалық құжаттарды жасауға қажетті материалдарды, құрал-жабдықтарды сұрыптауға, жоспарды құра білуге, технологиялық тапсырмаларды ұйымдастыруға және орындауға, іс-әрекет нәтижелерін бағыттап, бақылауға, өзіндік талдау мен өзіндік баға бере білуге үйретуде; қазақ халқының қол өнер түрлерін жасау процесінде оқушылардың оған деген қызығушылығын, сұранысын арттыруға, онымен әсерленуіне; қазақ халқының қол өнер түрлерін меңгеру барысындағы іскерлігі мен дағдысын мақсатты бірізділікте, кезеңдеп қалыптастыруға; мұғалім, оқушылар мен ата-аналардың ынтымақтастық қарым-қатынаста, ынтымақтастық шығармашылыққа жұмыс жасауына; мұғалімнің оқу материалдары мен қазақ халқының қол өнер түрлерін оқыту әдістемесін ұдайы жаңартып, жетілдіріп отыруына ықпал етті.

Халық педагогикасы негізінде тәрбиеленушілердің тұлғасын қалыптастыруда мектептегі оқу-тәрбие үдерісін және олардың күнделікті өмірін дұрыс ұйымдастыруға баса назар аударылып, педагогикалық іс-әрекеттерде қолданған әдіс-тәсілдердің тиімді eкендігі мәлім. Сонымен қатар, шеберлікті мирас етіп қалдыруда отбасының орны ерекше.

М.Краевский қазақтардың мына ерекшелігіне баса назар аударады: «…қыздарын кішкене кезінен бастап кесте тігіп, кілем тоқуға үйретеді, ал олар үлкейгенде осының бәрін өз бетінше жасауларын талап етеді». Үй иесі – анасы мен бірге мектептегі ұстаздар кішкентай жасынан қыздарды қолөнерге әдемі бұйымтайлардың ою-өрнектері мен суреттерін көрсете отырып баулыса. Оларға кілем тоқудағы жіпті иіру мен тоқудың жәй ғана тәсілдерін үйрете отырып, үлкейе келе күрделі технологиялық амалдарды жан – жақты меңгертіп. Осы кезеңдерде балаларда ыждаһаттылық, шыдамдылық, көркемдік талғам, өзбетінше жұмыс істеу, нақтылық, ұқыптылық сияқты қасиеттері қалыптасып отырады.


Бөлім: Психология

Добавить комментарий