Жасөспірімнің тұлғалық қалыптасуындағы адамгершілік тәрбиенің маңыздылығы



М А З М Ұ Н Ы

Кіріспе…………………………………………………………………………………………………………3
1 бөлім.Жасөспірім кезеңі мен адамгершілік ұғымдарының маңыздылығы…..6
1.1. Жасөспірім кезеңінің психологиялық даму ерекшеліктер і……………….6
1.2. Адамгершілік тәрбиеге жалпы сипаттама……………………………………….10
1.3. Жасөспірімнің жас ерекшелігіне сай адамгершілік даму
ерекшеліктері………………………………………………………………………………….13
2 бөлім. Жасөспірімнің адамгершілік қалыптасуына әсер ететін негізгі психологиялық көздері………………………………………………………………………….18
3 бөлім. Жасөспірімнің адамгершілік тәрбиесіне әсер ететін негізгі институттар…………………………………………………………………………………………………18
3.1. Адамгершілік тәрбиедегі отбасының маңыздылығы……………………….22
3.2. Мектептегі адамгершілік тәрбиелеудің маңызды шарттары…………….27
4 бөлім. Зерттеудің эмпирикалық бөлімінің мазмұны……………………………………30
4.1. Зерттеу объектісі мен пәні………………………………………………………………30
4.2. Зерттеу болжамы, мақсаты мен міндеттері………………………………………30
4.3. Таңдау сипаттамасы……………………………………………………………………….30
4.4. Зерттеу жүргізуге арналған әдістемелердің сипаттамасы мен алынған
нәтижелердің сандық және сапалық талдауы …………………………………31
Ұсыныстар мен шешімдер……………………………………………………………………………46
Қорытынды………………………………………………………………………………………………….48
Қолданылған әдебиеттер тізімі…………………………………………………………………….49
Қосымша…………………………………………………………………………………………………….52

КІРІСПЕ

Біздің жоғары технологиялар дамыған заманымызда жасөспірімнің адамгершілік тәрбиесі мәселесі елеулі орын алатыны сөзсіз. Тұлғаның адамгершілік қалыптасуы тікелей ата-анасына байланыстылығы бәрімізге мәлім. Ал адамгершілік тәрбиенің тұлға қалыптасуындағы маңыздылығы отбасындағы ата-ананың тәрбиесі арқылы анықталады, әсіресе бұл бала дамуының жасөспірімдік кезеңінде ерекше мазмұнға ие болары сөзсіз.
Біздің қоғамымызда мәдениеттілігімізді сақтап қалу үшін, рухани байлығымызды нығайту үшін адамгершілігімізді нығайту керек. Адамгершілігі жоғары адамдар қоғамдағы нормаларды сақтап, қоғамның елеулі орнына ие болады, ал адамгершілік қалыптасу дамуында шегеріліп қалса, онда қоғамға қарсы тұлғалар қалыптасып, олардың антигуманды әрекеттері біздің қоғамымызға зиян әкелетіні бәрімізге мәлім.
Қоғамға жат қылықтар адамдар арасында сынға түседі, осының барысында ол қоғам қабылдамаған адам болып шыға келеді. Қазіргі кезде болсын, осыдан 10-20 жыл бұрын болсын, мұндай қауіпті топтар қатарына жасөспірімдер жатады. Сондықтан да жасөспірімнің адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру қазіргі қоғамның маңызды ережелерінің бірі болады.
Адамдармен көптүрлі қатынаста дамитын балалар міндет, ар-намыс, мейірімділік, қатыгездік, әділеттілік туралы түсінігі қалыптасып, әртүрлі адамгершілік нормаларды игереді. Адамгершілік көзқарастардың, ой-тұжырымдар мен мұраттардың қалыптасуы адамгершілік нормаларды таңдау шартында қалыптасады. Бұл таңдау -өзінің мінез -құлқы мен іс-әрекетінде анықталады. Оның адамгершілік тұжырымдарында адамгершілік нормаларын білумен қатар, оған деген қатынасы көрінеді.
Отбасында, мектеп қабырғасында дұрыс ұйымдастырылған адамгершілік тәрбие жасөспірім бойында қажетті мінез-құлық қалыптастырып, қоғамға пайдалы әрекет етуді, оның алдағы өмірде «жағымды кейіпкер» болуын қамтамасыз етеді. Қазіргі дамуы қарқынды өтіп жатқан заманымызда кейбір ата-аналардың балаларына қатынасы әлі де болса ескі көзқараста қалып қойып отыр, сонымен бірге олар баласының психологиялық даму ерекшеліктерін де біле қоймайды. Ал осының салдарынан адамгершілік және де басқа тәрбие түрлері де дұрыс ұйымдастырылмай, ата-ана назарынан тыс қалады.
Жұмыстың өзектілігі: Жаңа заман өз талабына сай жаңа адамгершілік тұжырымдар мен нормаларды қалыптастырады. Әрине, бұл міндетті түрде жасөспірімнің адамгершілік қалыптасуына әсер етпей қоймайды. Жасөспірімнің адамгершілігі, саналылығы оның қоршаған адамдармен, отбасы мүшелерімен дұрыс қарым-қатынас орнатуға ықпал ететін елеулі фактор. Жасөпірімнің тұлғалық қалыптасуында адамгершілік қалыптасуы негізгі, шешуші роль атқарады. Осыған орай, адамгершілік санасы «нормадан» ауытқып қалыптасқан жасөспірімнің басқалармен қарым-қатынасы өзге механизм желісінде қалыптасады. Ата-аналар дер кезінде балаға адамгершілік тәрбие беріп, баланың қате ұстанымдырын уақытында дұрыстап отырса, соғұрлым жасөспірімнің тұлғалық қалыптасуы тиімді жүзеге асып, адамгершілік саналылығы да жоғары болады. Ал адамгершілік тұжырымдары мен саналылығы жоғары жасөспірім өз алдына қоғам дамуына елеулі үлесін қосады деп болжай аламыз. Бұл жұмыста жасөспірімнің адамгершілік қалыптасуының маңыздылығын анықтаумен қатар, жасөспірімнің тұлғалық адамгершілік қалыптасуындағы отбасы мүшелерінің маңызды, шешуші ролі көрсетіледі.
Зерттеу мақсаты: Жасөспірімнің тұлғалық қалыптасуындағы адамгершілік тәрбие маңыздылығын анықтау;
Зерттеу міндеттері: Ата-ананың жасөспірімнің адамгершілік қалыптасу үрдісіндегі маңызды ролін көрсету; жасөспірімнің тұлғалық қалыптасуындағы адамгершілік тәрбиенің тікелей отбасы мен ата-анасының тәрбиесімен байланыстылығын көрсету; адамгершілік тұжырымдардың қалыптасу механизмдерін көрсетіп өту; жасөспірімнің психологиялық даму ерекшеліктерін көрсете отырып, адамгершілік қалыптасу үрдісін тиімді жүзеге асыру; ата-аналарды, ересек адамдарды жоғарыда аталған мәселе бойынша психологиялық хабардар ету.
Зерттеу объектісі: Жасөспірімнің адамгершілік тәрбиеленуі мен тұлғалық қалыптасуы.
Зерттеу пәні: Жасөспірімнің отбасындағы, топтағы қарым-қатынас ерекшелігі; жасөспірімнің адамгершілік тұжырымдарының қалыптасу ерекшеліктері; жасөспірімнің ата-анасымен қарым-қатынас ерекшелігі, жасөспірімнің ата-анасының тәрбиесіне өзіндік бағалауы мен көзқарасы
Зерттеу болжамы: Егер ата-ана адамгершілік тұжырымдарын тәрбиелеу барысында іс-жүзінде қолданып отырса, онда жасөспірімнің тұлғалық қалыптасуында адамгершілік тәрбие тиімді жүзеге асады.
1.Жасөспірімнің отбасы мүшелерімен қарым-қаптынас ерекшелігі жасөспірімнің адамгершілік тәрбиеленуіне әсер етеді.
2. Қыз балалар мен ұл балалардың адамгершілік тұжырымдарында ерекшеліктер бар.
Ғылыми жаңашылдығы: Жасөспірімнің адамгершілік тәрбиесі мәселесін Отандық психологтардың ішінде Марьенко И.С., Боровский М.И., Болдырев Н.И. қарастырған.. Олардың еңбектерінде баланың тұлғалық қалыптасуындағы адамгергішілік тәрбие маңыздылығы ерекше аталып, адамгершілік тәрбие берудің маңызды шарттарын анық көрсетіп отырады, жасөспірімнің тұлғалық дамуының адамгершілік тәрбиемен маңыздылығын теория арқылы дәлелдеген. Ал адамгершілік тұжырымдардың қалыптасу ерекшеліктерін Жан Пиаже, Л. Колберг эксперимент жүргізу барысында көрсетіп өткен. Жан Пиаже қыздар мен ұлдардың адамгершілік тұжырымдардың ерекшелігін көрсетсе, Л.Колберг адамгершілік тәрбиенің детерминациялығын эксперимент арқылы дәлелдеп өткен. Жан Пиаже баланың адамгершілік тұжырымдары баланың ұстанатын адамгершілік баға беруіне байласныстылығын атап өтеді. Дегенмен бұл аталған ғалымдардың адамгершілік тәрбие жайлы қарастырған мәселелері теориялық негіз болғанымен, қазіргі заман дамуынан ерекшеленеді. Сондықтан, адамгершілік тәрбие мәселесінің бұрыннан қалыптасқан теориясын негізге ала отырып, қазіргі заман жасөспірімінің адамгершілік тәрбиесін зерттеу өте маңызды. Тұлға қалыптасуындағы адамгершілік тәрбиенің маңыздылығының теориясы аз қарастырылған мәселелердің бірі.
Практикалық жаңашылдығы: Адамгершілік тәрбиенің жасөспірімнің тұлғалық дамуындағы мәселені жаңа заманға сай дамуын көрсету өте маңызды, және де тұлғаның адамгершілік тәрбиесі отбасы мен отбасы мүшелерінің қарым-қатынасы арқылы дамитынын да эксперимент жүзінде дәлелдеп өту маңызды. Қыз балалар мен ұл балалардың адамгершілік тәрбие алу ерекшелегін атап өту де өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Бұл жұмыстың эксперименттік бөлімінде келесідей әдістемелер өткізіліп, осы әдістемелер негізінде жасөспірімнің адамгершілік тәрбиелілігі мен ата-анасына қатынасы байланыстырылды:
«Оқушының тәрбиелілік индексі» сауалнамасы
«ADOR» жасөспірімдерге арналған сауалнама
Ата-аналық қатынас тест-сауалнамасы (Столин-Варга әдістемесі)
Аяқталмаған сөйлемдер.


Бөлім: Психология

Добавить комментарий