Жасөспірімдік кезеңдегі психология



КІРІСПЕ

l Тарау. Жасөспірімдік кезеңіне психологиялық мінездеме

1.1.Жасөспірімдердің тұлғалық және профессионалдық өзін-өзі анықтау.

1.2. Жасөспірімділік кезеңдегі балалардың интеллектуалды дамуы.

II Тарау Жасөспірімдік кезеңдегі негізгі психологиялық құбылыстар

2.1 Дамудың әлеуметтік жағдайы және негізгі іс-әрекет

2.2 Жасөспірімдік кезеңдегі интеллектуалдылық және жеке тұлғалық даму.

Қорытынды

Әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Жасөспірімдік жас-адам өміріндегі жеткіншектікпен ересектіктің арасындағы период. Жастың биохимиялық,физиологиялық және морфологиялық мәселелері бойынша жұмыс жасайтын мамандардың қабылдауымен жасөспірімдік жас ұл балалар үшін 17-21 жас, қыз балалар үщін 16-20 жас аралығы белгіленді.
Жасөспірімдік жастың шекараларын анықтауда психологтардың пікірі бір жерден шықпайды. Мысалы, Батыс психологиясында бірден жасөспірімдікті жеткіншектік кезеңмен бір жас периодына қосу тән, ол батыста ересектену
( adolescence) периоды деп аталады. Оның мәні балалық шақтан ересектікке өту дегенді білдіріп,жас шекаралары 12-14 жастан 25 жасқа дейін созыла беруі мүмкін. Отандық психологияда жасөспірімдік кезеңді адамның, тұлғаның және индивидуалдылықтың дамуындағы дербес период ретінде қарастыру қабылданған. И.С.Конның анықтауы бойынша жасөспірімдік жастың шекаралары 14-18 жас аралығында орналасады. Дегенмен бұл кезеңді көбінесе 15-17 аралығымен шектеу кейде кездесіп жатады, сонда жасөспірімдік факт түрінде жалпы білім беретін мектептердің жоғарғы сынып оқушыларының жас периодымен сәйкес келеді.
Жасөспірімдік жаста негізінен ағзаның физикалық дамуы, жыныстық толысуы аяқталады, дененің өсу темпі баяулайды, жұмысқа қабілеттілік және бұлшықет күштері айтарлықтай өсе түседі, тканьдардың және мүшелердің функционалды дамуы және қалыптасуы аяқтала бастайды.
Жасөспірімдік жас тарихи тұрғыдан алғанда өте кеш қалыптасатын период; оның қажет екендігі күрделенумен айтылып отырады, жекелеп айтқанда технологиялық, әлеуметтік өмірдің және қазіргі заманғы қоғамның жасөспірімдерге қоятын талаптарымен байланысты күрделенулер. Осының салдарынан жасөспірімдік жас толығымен тұрақтанған болып табылмайды, 15-17 жастағы адамдар бір елдің тұрғындары болса да, әрқайсысында дамудың әлеуметтік жағдайы әр түрліше өтуі мүмкін. Сонымен қатар физикалық, физиологиялық, психикалық және әлеуметтік толысулардың барлық адамда бір ағынмен жүрмейтінін ескерсек, адамдардың дамуындағы бұл маңызды этапты сипаттау және зерттеу қиынға түседі.
Жасөспірімдік жасты зерттеу XIX-ғасырдың аяғынан басталған, ол кезде алғашында қоғамның жоғарғы қабатындағы жасөспірімдер өкілдері зерттелген. Нәтижесінде XIX-ғасырдың аяғы мен XX-ғасырдың басында ішкі кризистің периоды болып табылатын жасөспірімділіктің романтикалық моделі алға шықты, оған сезімдердің оянуын да жатқызуымызға болады. XX-ғасырдың 20-шы жылдарынан бастап жағдай бірден өзгерді: Э. Шпрангердің, М.М.Рубинштейннің, М. Мидтің, Л.С. Выготскийдің еңбектерінен кейін, ал кейіннен Б. Заззо мен басқаларынан кейін этномәдениеттік және әлеуметтік-мәдени айырмашылықтарды тіркемей, жасөспірімдік жасты талдау мүмкін болмай кетті.
Жасөспірімдік жастағы дамудың әлеуметтік жағдайы туралы атап айтатын мәселе: осы кезеңдегі жасөспірімдер дербес өмірге кірудің алғашқы кезеңдерін басынан өткізе бастайды. Жеткіншектік жастан жасөспірімдік жасқа өту ішкі позициялардың бірден өзгеруімен байланысты, болашаққа деген ұмтылыс тұлғаның басты бағыты болғанда, мамандық, өмірлік жол таңдау мәселелері «аффективті орталыққа» айналады (Л.И. Божович) (Э.Эриксон), содан кейін жеткіншектің барлық іс-әрекеті мен қызығушылықтары осының айналасында болмақ.
Жасөспірімдік жаста психиканың дамуы дегеніміздің өзі индивидуалды психиканың ұлттық форманың осы дәуірдегі обьективті және нормативті рухқа дейін көтерілуі (Э.Шпрангер), осының арқасында индивид тарихи күнге бұрынға қарағанда жақындай түседі (Э.Эриксон) және өзін белгілі бір кезеңнің өкілі ретінде таныстыруға мүмкіндік алады (А.В. Толстых).

Жұмыстың мақсаты:
Жас психологиясы пәні бойынша психологиялық білімді кеңейту. Соның ішінде жасөспірімдік жас кезеңі бойынша теориялық білім жинау. Жасөспірімдік жас кезеңіне психологиялық талдау жасау үшін, отандық және сонымен қатар шет ел психологтарының осы жас кезеңіне арналған теорияларын қарастыру. Психологиялық теорияларды қолдана отырып, жасөспірімдік кезеңнің психологиялық дамуын сипаттау.
Жұмыстың міндеті:
Жасөспірімдік кезеңі бойынша жасалған теориялардың психологиялық мәнін дұрыстап ашу.


Бөлім: Психология

Добавить комментарий