Жастар психологиясы



Жоспар

Кіріспе

1. Жастардын, жат қылықтарының профилактикасымен күресу жолдары

2. Жетекіншектердің психологиялық даму даралығы

3.Жеткіншектер және ұлттық мінез

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Қазіргі таңдағы Қазақстан Респупликамыздың жастарының психологиялық жағдайы өте жаксы және де өте белсенді дамуда десек те болады өзге ұлттарға қарағанда сол себептті біз міндетті түрде ұлттық бұрыннан дамыған мінезімізге көңіл бөлгеніміз өте орынды деп санаймын .
Қазақстанда жағымсыз жат әрекеттердін қазіргі жағдайына, нарықтық қатынасқа ену мен мынадай: жумыссыздық акшанын кұнсыздануы, өндрістердін кұлдырауы секілді феномендердін пайда болуы үлкен әсер етіп отыр. Әрине, бұл феномендердің көріп отырғандай зиянды әсерінің нәтижесінде жастардың жат әрекеттері өсіп отыр.
Біздің көзкарасымыз бойынша, жастардың жағымсыз жат әрекеттерімен куресудің бірден — бір жол ретінде, жастармен профилактикальқ жұмыс жүргізудің мақсаты-табысты әлеуметтенуте жағдай жасау мен адамдарда қабілететтілік, жауапкершшіліктік қасиеттерін қалыптастыру процесіне көмек ету болып табылады.
Профилактика — бұл біздің жастарымызды тәрбиелеудің жалпы процесінін кұрама бөлігі, қылмыспен күрестегі басты бағыт, «өз ішіне медициналық педагогикалық, аспектіні алатын басты әлеуметтік мәселе». Құқық бұзу профилактикасы, қылмыс туралы алдын-ала ескерту не болмаса баска да асоциалды кубылыстар жайлы ескерту максатында, антиқоғамдык, өмір салтын жүргізіп жатқан жеке адамдарға жүйелік түрде іске асатын, мақсатты бағытталған әсердә болжайды. Бұл анықтамаларды өз жұмыстарында көптеген социологтар берген. Бұл түсініктер, әрине, бір түпті негіздейді.
Ұлттық мінез адамдардың тарихи калыптасқан бірлестігі мен ірі топтары болып саналатын этностын, ұлттың, халықтың өмір тіршілігі мен әлеуметтік жағдайының, тұтастығы арқылы танылады. Әрбір халық пен ұлттын, этностың өзіндік мінез-құлыктарының ерекшеліктері болатындығы — тарихи шындық және объективті фактор. Қазақ халкының түркі тектес өзге халықтардан ерекшеленігі тұратын өзіндік сипатқасиеттері бар, Ыбырай Алтынсарин еңбектерінде өз халқының мінез- құлқына тән бірсыпыра қасиеттерді атап көрсеткенді. Оның, анықтауынша, қазақ, халқына қарапайымдылық пен кішіпейілдік, ашық-жарқын көңіл мен кеңпейілділік, өзге нәсілді адамдарға деген достығ және сыйластық көзқарас, қонақжайлылық, пен пайымшылдық, сияқты қасиеттер тән. Сондай-ақ олардын, бойында өзге де мінез-құлық, сипаттары бар. Бұл орайда, қазақтардың, өз жері мен Отанына, туған еліне деген шексіз суйіспенпеншілігі, мал шаруашылығымен айналысуға икемділігі, меймандостығы мен балажандығы, өмірдің қиыншылықтары мен әділетсіз істерге төзімділігі, сөз өнерін ардақтауы, шешендік қабілеті, еңбексуйгіштігі мен шыдамдылығы олардың жалпы ұлттық қасиеттері болып табылады


Бөлім: Психология

Добавить комментарий