ВЕРБАЛДЫ ЕМЕС ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС



Жоспар:

Кіріспе:
І Қарым-қатынас
І 1. Қарым-қатынас түсінігі
І 2.Қарым-қатынас классификациясы
Негізгі бөлім:
ІІ Вербалды емес қарым-қатынас
ІІ 1. Вербалды емес қарым-қатынастың даму тарихы
ІІІ Вербалды емес қарым-қатынас түрлері
ІІІ 1. Оптико-кинетикалық вербалды емес қарым-қатынас белгілер жүйесі
ІІІ 2. Экстро-паралингвистикалық вербалды емес қарым-қатынас белгілер жүйесі
ІІІ 3. Көз контакттары
ІІІ 4. Проксемика
ІІІ 5. Графология
Қорытынды:
Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Психология жоғарғы оқу орындарда енді ғана енгізіп жатқан мамандықтардың бірі. Нақты түрде, психолог маманықты бітірген студенттер университеттен теориялық білімдері мол болып аман есен өз дипломдарын қолына алып шығады. Олар енді үлкен, басқалардан тәуелсіз адам ретінде өз өмірінің жаңа бетін бастайды. Енді олардың бүкіл өмірі таңдаған мамандыққа бағынышты болады. Оның психолог болуына деген қабілеттілігі бар ма еді?Болашақта өмірде осы өз білімдерін дұрыс қолдана ала ма? Кейін өз мамандығы бойынша жұмыс істей ала ма? Әрине, ол әр адамның өзіндік мәніне, өзіне байланысты болады. Бірақ осы мамандықты бітіргендердің жартысы ғана өз ісінің нақты спецалсті болып шығады. Ал қалған жартысы? Осының барлығы неден болады? Менің ойымша, бұл студенттің шынайы психолог болу үшін қажет басты міндеттерді білмегендіктен шығып туындайды. Шынайы психолог болу үшін, өзініде жаттыруға қажет ететін қасиеттерді қалыптастыру қажет. Жалпы оның психолог болуына деген қабілеттілігі бар ма?
Ең бірінші, шынайы психологта күшті эмпатия сезімі болу керек. Эмпатия дегеніміз – басқа адамдардың ситуациядағы сезімдерді, көңіл-күйін ішінен өткізіп түсіну қабілеттілігі.
Екіншіден, адамды зейініңді қойып тыңдай білу қасиеті. Егер адамның айтқанын зейін қоса тыңдайтын болсаң, ол саған симпатияның сезгенін көре аласың және де екеуің арасында қарым-қатынас жасасу оңай болады.
Үшіншіден, басқа адамдардың мінез-қылықтарын бақылай алу. Бұл әдіс адам туралы, оның эмоционалдық күйі, мінезі туралы информацияны жинаудың қосымша әдісі болып келеді.
Курстық жұмыстың мақсаты: Адамды оның вербалды емес сигналдар жүйесі: ым-ишара, жесттер, позалар, сөйлеу, жазу ерекшеліктерін бақылау, талдау және зерттеу. Осы сигналдарды оның мінезімен байланыстыру.
Куртық жұмысымның өзектілігі: қарым-қатынас кезіндегі екі сөйлеушінің дене тілдеріне жүргізген авторлардың көзқарастарын, осы вербалды емес сигналдық жүйелердің бөліп шығарған негізгі түрлерін қарастырып, олардың әр түріне тоқталып зерттеп шықтым.


Бөлім: Психология

Добавить комментарий