Ауыл мектептерінде оқу үдерісінде ақпараттық-техникалық құралдарды пайдалануға дайындаудың психологиялық шарттары



МАЗМҰНЫ

Кіріспе…………………………………………………………………………………………3

I Ауыл мектептерінде оқу үдерісін жетілдірудің психологиялық-педагогикалық бағыттарын анықтау

І.І. Ауыл мектептерінде оқу үдерісінің сапасын жетілдіру бағытындағы әлемдік (Канада, Үндістан, Латын Америкасы, Ресей елдеріндегі) тенденциялар………………………………………………………………………………………………7

1.2. Қазақстан Республикасының ауыл мектептерінде оқу үдерісінің сапасын жетілдіру тәжірибелері………………………………………………………………..13

II Ауыл мектептері үшін педагогикалық технологияларды пайдалану жолдары

2.1. Ауыл мектебі жағдайында қолданылатын педагогикалық технологияларды іріктеу……………………………………………………………………………26

2.2. Ауыл мектептерінде технологияларды қолданудың ғылыми-әдістемелік шарттарын анықтау…………………………………………………………………41

2.3 Ауыл мектептері үшін ақпараттық технологияларды мектеп практикасына ендіру тәжірибесі………………………………………………………………..52

Қорытынды ……………………………………………………………………………………….57

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі………………………………………………………..59

Қосымша-1. Сауалнама үлгілері………………………………………………………….62

Қосымша-2. Ақпараттық технологияны мектеп тәжірибесіне ендіру нәтижелері…………………………………………………………………………………………65

К І Р І С П Е

Зерттеу жұмысының көкейкестілігі. Кез келген мемлекеттің өркениеттілігі онда өмір сүретін халықтың білім деңгейімен бағаланады. Ал өркениеттіліктің негізі мектепте қаланып, мектепте өркен жаяды. Сондықтан мектеп — өзін өркениеттіміз деп санайтын елдің айналып өтпейтін үрдісі. Осы тұрғыдан қарағанда, еліміздегі мектептердің, оның ішінде ауыл мектептерінің жұмысын жандандыру, ондағы оқыту процесінің сапасын жетілдіру, оқушыларға мемлекеттік стандарт деңгейіне сай білім беру бүгінгі күннің көкейтесті мәселесіне айналып отыр.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінде: «Мектеп туралы мәселенің көтеріліп жатқаны өте дүрыс. Мектеп -әлеуметтік мәселелердің ішіндегі ең өзектісі» деген пікірді айта келе, әсіресе, ауыл мектебін өркендетуге, ауыл мектебінің жағдайын жақсартуға көңіл бөлу қажет екеніне баса мән берді.

Алайда, ауыл мектептерінің шешілмеген проблемалары жеткілікті. Бұл мәселелердің ішіндегі ең бастысы оқыту процесінің сапасын қазіргі заман талабына сай жетілдіру болып отыр. Өйткені бірнеше сыныпты бір мезгілде қосып оқытқан жағдайда ауыл балаларының білім сапасын мемлекеттік талап көрсеткішіне жеткізу қиын да күрделі жұмыс екені анық. Бұл істе жай мектептерден тәжірибе көшіре салу дұрыс болмас еді. Мұндай мектептердегі оқыту процесінің сапасын жетілдіруді оның өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып жүргізген орынды деп білеміз.

Қазіргі ауыл мектептеріне тән белгі — олардың шағын жинақталғандығы. Шағын жинақталған мектептерге сыныптағы оқушылар саны аз (5-10 оқушыдан көп емес) мектептер, параллель сыныптары болмайтын немесе

кейбір жеке сыныптары түгел емес мектептер, сондай-ақ оқушы санының аздығына байланысты сыныптары біріктірілген мектептер жатады. Шағын жинақталған мектептердің негізгі құрылымдық компоненті — бір ғана оқытушы басқаратын жинақталған сыныптар. Жинақталған сыныптың құрамы екі немесе үш сыныптан тұруы мүмкін.

Қазақстанда шағын жинақталған мектептер желісінің даму динамикасы кейінгі жылдарда олардың санының елеулі артқанын көрсетеді. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2002-2003 оқу жылының басында алынған статистикалық мәліметтері бойынша 8095 жалпы білім беретін мектептердің 4219-ы (барлық мектептің 52,1%-і) шағын жинақталған мектептерді құрайды. Ауылдық жерлерде 6182 жалпы білім беретін мектеп орналасқан, оның 4072-сі, яғни барлық ауылдық мектеп санының 65,9 %-і шағын жинақталған мектеп болып табылады. 1913 мектеп — қалалық, оның 147-сі шағын жинақталған мектеп. Еліміздегі шағын жинақталған мектептердің 1145-і бастауыш, 1007-сі негізгі, 2067-сі жоғарғы сатылар.

Нақтырақ айтқанда, соңғы он жылда негізгі сатылы шағын жинақталған мектептердің саны 2 есе, жоғарғы сатылы шағын жинақталған мектептердің саны 2-2,5 есе өскен. Оларға сыныптардың толымсыздығы, бірнеше сыныптың біріктірілуі, мұғалімдердің жұмысындағы көппәнділік, яғни бір мұғалімнің бірнеше пәнді қатар алып жүруі сияқты белгілер тән. Еліміздің шағын жинақталған мектептерінде соңғы 3 жылда біріккен сынып-кешендердің саны 4126-ға жеткен. Республика бойынша 719 ауылдық жерде мектеп мүлдем жоқ, онда мектеп жасындағы 15209 бала оқуға тартылмай отыр. Бұл мәселелер ауыл балаларының білім сапасына кері әсерін тигізбей қоймайды. Кейінгі уақытта баспасөз беттерінде ауыл түлектерінің жоғары оқу орындарына түсу, «Алтын белгі» мен айрықша үлгідегі аттестат алу, пән олимпиадаларына қатысу үлестері өте төмендеп кеткені туралы жиі айтылып жүр. Мұндай көрсеткіштер ауыл мектептеріндегі оқыту процесінің сапасын көтеру үшін нақты шаралар қолданудың өзектілігін көрсетеді, ондағы оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру технологиясын жетілдіруді талап етеді.

Сол себепті ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу үшін 2003-2005 жылдарда «Ауыл мектептерінде оқу үдерісінде ақпараттық-техникалық құралдарды пайдалануға дайындаудың психологиялық шарттары» тақырыбы таңдалып зерттеулер жүргізілді.

Зерттеу нысаны: ауыл мектептеріндегі оқыту процесіне бейімделетін педагогикалық технологиялар.

Зерттеу жумысыныц мақсаты: Қоғам дамуына сәйкес оның сұранысы мен талаптарын қанағаттандыру барысында ауыл мектептерінің тәжірибесіне жаңалықтарды енгізу және оларды қолдануға деген қажеттіліктің туындауы арасындағы қайшылықты ауыл мектептерінде оқыту процесін технологияландырудың ғылыми — әдістемелік негіздерін анықтау арқылы шешу болып табылады.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

1. Ауыл мектептерінде оқыту процесінің сапасын жетілдіру бойынша әлемдік тенденцияларды айқындау;

2. Ауыл мектептерінде оқыту технологияларын іріктеудің көрсеткіштерін жасау;

3. Ауыл мектептерінде осы технологияларды қолданудың ғылыми- әдістемелік шарттарымен жұмыс түрлері анықтау.

Зерттеу әдістері: ауыл мектептерінде оқытуды технологияландыру көпқырлы мәселе болғандықтан, оны зерттеу әдістерін кешенді түрде қарастырамыз, яғни теориялық әдісі: зерттеу проблемасы бойынша ғылыми-әдістемелік еңбектерді талдау және оның негізінде т еоретикалық тұжырымдар қорыту; тәжірибелік әдісі: оқушылар үшін сауалнамалар жүргізу, педагогикалық тәжірибені сынақтан өткізу.


Бөлім: Психология

Добавить комментарий