Ата-ана тәрбиесінің стильдері



Ата-ана тәрбиесі стилінің құрамында лидерлік пен педагогикалық қарым-қатынастың ерекшеліктері болады, бірақ оның неғұрлым мәнді элементтері эмоционалды қатынас пен балалардың тәртібіне деген бақылаудың деңгейі болып табылады. Диана Бомбринд 3 негізгі стильді бөліп көрсетті, кейін оған төртіншісі де қосылған, бірақ ата-ана стилін жиі ата-ананың өзіндік ерекшелігімен байланысты емес, балалар тұлғасы үшін оның салдары контекстінде талдайды. А.Е.Личко ата-ана стилінің бұрмалануын жасөспірімдердің мінез акцентуациясының көрінуімен байланыстырған, бірақ сонда да бұл стильдердің субъектісі жайлы мәселе әлі толық зерттелінбеген болып қалады.

Сөйтіп, қарым-қатынас пен тұлғааралық қатынастар стилі іс-әрекет контекстінде қарастырылса да, оның логикасына бағынса да, оның арқасында пайда болып, жұмыс істеседе, ол құндылық бағдарлары мен адамдардың тұрақты индивидті қасиеттеріне сүйенеді.


Бөлім: Психология

Добавить комментарий