Ұлы Отан соғысынан кейінгі Қазақстандағы жеті жылдық, сегіз жылдық, орта білім беру тәжірибесі мен тағылымы (1945-1985 жж.)



Кіріспе

І ТАРАУ СОҒЫСТАН КЕЙІНГІ ЖЫЛДАРДАҒЫ (1945 — 1962 ЖЖ.) МЕКТЕПТЕР. ТОТАЛИТАРЛЫҚ ҚОҒАМ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ІСІНІҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

1.1 1945-1962 жж. мектептер

1.2. Қазақстан мектептерінде политехникалық білім беру мен мектептің өмірмен байланысын нығайту

Мектептерді нығайту шаралары

1.3 Кешкі мектептер мен мектеп-интернаттар және ондағы білім беру ісінің мазмұны

ІІ ТАРАУ 1962 – 1970 ЖЖ. ЖЕТІ ЖЫЛДЫҚ, СЕГІЗ ЖЫЛДЫҚ, ОН ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУ:ТәЖІРИБЕСІ МЕН ТАҒЫЛЫМЫ

2.1 Политехникалық білім беру ісінің тарихынан: тәжірибесі мен тағылымы

оқу процесі (сабақтардың оқытылу мазмұны)

2.30 Республиканың мектептерінде тәрбие жұмыстарына партия басшылығы

Оқу процесінің мазмұны

ІІІ ТАРАУ 1970-1985 ЖЖ. БІЛІМ БЕРУ ІСІНІҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ: ТәЖІРИБЕСІ МЕН ТАҒЫЛЫМЫ

3.1 Мектептердің даму тарихы (оқу процесі: сабақтардың оқытылу мазмұны)

Кіріспе

Жұмыстың жалпы сипаты. Қазақстандағы 1945-1985 жылдар аралығындағы жеті жылдық, сегіз жылдық, он жылдық білім беру тәжірибесі мен тағылымын тарихи деректерге сүйене отырып обьективті тұрғыда зерттеу.

Тақырыптың өзектілігі. Тәуелсіздік алғаннан бері Отан тарихының кеңестік үлгідегі тоталитарлық қоғам кезінде ақиқатты тұрғыда зерттелініп, ақылмен зерделенбей қалған тұстары жан-жақтан жазыла бастады.Тіпті, әлі күнге дейін зерттелінетін тақырыптарымыз жеткілікті деп те айтуымызға болады. Сондай тақырыптардың бірі — ұлы Отан соғысынан кейінгі Қазақстандағы жеті жылдық, сегіз жылдық, он жылдық білім беру тәжірибесі мен тағылымы (1945-1985 жж.).

Оқу — ағарту ісі қоғам дамуының қозғаушы күші. Кез — келген қоғамның даму деңгейі ондағы білім сапасы арқылы анықталатындығы сөзсіз. Білім арқылы талай ұрпақ тәрбиеленіп, өзіне, ұлтына, адамзатқа қызмет етеді. Шынайы білім ең алдымен ұлт игілігіне, одан әрі бүкіл адамзат игілігіне адал қызмет атқаруы тиіс. Білім берудің өзектілігі де осында жатыр. Білім мен тәрбие бір — бірінен ажыратылмайтын ұғымдар. Білім арқылы тәрбие үдерісі қызу жүреді. Әлемде екінші ұстаз атанған ойшыл әл-Фарабидің «Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» деген даналығы да бар. Ұлы ғұлама: «Адам алдымен, ойлы, парасатты болуға, ақыл-ойының жан-жақты дамуына көңіл бөлу қажет. Парасаттылық өзінен-өзі келмейді. Ол ұлан ғайыр еңбек етіп, ғылым- біліммен молынан сусындаған адамға ғана қонады. Шын мағынасында білімділік-тамаша адамгершілік сипат. Зиялылық адамның жақсы мінезінен, білім дағдысынан, адамгершілік қасиеттерінен туындайды» [Әл-Фарабидің психологиялық және педагогикалық пікірлері. Қ.Жарықбаев. (Қазақстан мектебі № 9, 1971 ж 27 б.], — дей келе, одан әрі шәкірт тәрбиесі үшін ұстаздар мен тәрбиешілердің жеке өнегесінің де ролі зор екендігін, гәптің үлкені тәрбиешілердің өздері қалайша тәрбиеленгендігінде екендігін тұжырымдаған еді. (Аль-Фараби, Философские трактаты, Алма-Ата, 1970 ж.)

Нағыз педагогика халықтың өз ішінде жатыр. Кеңес мемлекетінің негізгі кемшілігі ұрпақтың жан-жақты ойлауына мүмкіндік бере алмады.

Қазақ ұлтының ұлтжанды зиялыларының бірі Ахмет Байтұрсынов «Моральдық және рухани байлық жоқ жерде мұратқа жету мүмкін емес. Алға қойған мақсат-мұратқа қол жеткізу үшін адамдарды жан-жақты тәрбиелеуге көңіл бөлген жөн»(161 бет),-дей келе, одан әрі әуелі біз елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастауымыз керек. Неге десек, болыстық та, билік те, халықта оқумен түзеледі. Қазақ неше түрлі кемшіліктің көбі түзелгенде, оқумен түзеледі. Жастардың қалай оқып, қалай тәрбиеленуі бәрінен бұрын ескеріліп, бәрінен бұрын қойылатын жұмыс. (А. Байтұрсынов. Ақжол 252-253 бб.),- деп тұжырымдайды.Өкінішке орай жұртшылыққа белгілі себептермен төл тарихымыз обьективті тұрғыдан зерттелінбегендіктен қазақ тұлғаларының ұлттық мүдде тұрғысындағы ұлттың тарихи тәжірибесіне сүйенген ағартушылық идеялары кеңес қоғамында өз жалғасын таппады.

Халыққа білім берудің үлгісі әр елдің өз тарихында бар. Мәселен, өз тарихымыздағы кемеңгер ойшылдар, билер мен ақын-жыраулар қоғам дамуына қажет білім құндылығы жөнінде терең ойлар қалдырса, ал Шоқан, Абай, Ыбырай секілді педагог — ғалымдар білім мәселесін ұлттық мүдде деңгейінде көтерді. Өткен ғасыр басында өмір сүрген Алаш интеллигенциясының өкілдері де осы мәселеге терең назар аудара отырып, халыққа білім берудің тиімді жолдарын жасап та кетті. Оған дәлел ретінде Алаш партиясының бағдарламасындағы (нешінші бөлім?) білім беруге қатысты айтылған бөлімді көрсете аламыз. Алаш зиялылары білім беру мәселесіне жалпы халықтың еркіндігі тұрғысынан қараған. Алдымен білімнің сапалылығына және оның халыққа тең жетуіне мән берген. Аз ғана ғұмыр ішінде өмір сүрген Алаш зиялылары білім туралы ағартушылық идеяларын практикалық тұрғыда да жүзеге асыра білді. Ең алдымен, «Қазақ» «Ақжол» газеттерінде, «Айқап» журналында білім беруге қатысты мақалалар жазса, одан соң 1923 жылы келешек ұрпаққа ұлттық мүдденің тірегі болған рухани мұраларын қалдырды. Мәселен, Мағжан Жұмабаевтың «Педагогикасы», Міржақып Дулатовтың «Қирағаты» және т.б. еңбектерін, Жүсіпбектің «Психологиясын» және т.б. мұраларды айтуымызға болады. Осы тұста бір ескеретін нәрсе Алаш интеллигенциясының өкілдері халыққа орта және жоғарғы білім беру мәселесін де ойлаған. Дерек ретінде Әлихан Бөкейхановтың «Алаш зиялысы қазақ өз алдына автономия алып, өз алдына мектеп, университет ашып, ұлын, қызын оқытса, Қозы Көрпеш — Баянды шығарған, Шоқанды, Міржақыпты тапқан қазақты бүкіл Еуропа білер еді-ау»,- дей келе, одан әрі қазақ еліне білім құндылығының қаншалықты деңгейде қажет екендігін көрсетіп кетті. Халық мүддесі тұрғысындағы халыққа жалпы білім беруге негізделген ағартушылық идея жалпы адамзат мүддесіне, ұрпақ игілігіне ортақ. Кеңес мемлекетінің білім беру мәселесіне кеңестік саясат мүддесі тұрғысынан қарауы тарих алдында көптеген кемшіліктердің тууына себеп болды.Кеңестік үлгідегі тоталитарлық қоғам тұсындағы білім «кеңестік» деген ерекше атты иеленіп, ұлттық сипатынан айрылды.

Ойшыл Абай білім, ғылым үйренбекке талап қылушыларға білімді игерудің шарттарын көрсетіп те кетті. Абайдың қарасөздері кеңес мемлекеті кезінде де, бүгінгі таңда да халыққа білім беру процесінде де қолға алынбауда. Кеңес мемлекеті тұрғысында логика сабақтары болғанымен, ол ұрпақтың ұлттық ойлауына сай келмеді. Ұлттық педагогика мен білім беру педогогикасы өзара сабақтаса байланысады. Ыбырай мен Абайды, Ахметтің ұлтқа сіңірген еңбектері осы биіктен көрінеді. Олар білім берудің жолында білім мәселесін зерттей отырып, білімнің құндылығын, тәжірибесін халықтың түсінігіне сай иекмдеушілер. Осы тұста Ахмет Байтұрсыновтың «Біз сияқты мәдениет жемісіне жаңа аузы тиген жұрт өз тілінде жоқ деп мәдени жұрттардың тіліндегі даяр сөздерді алғыштап, ана тілінен жат тілдің сөздерін араластыра-араластыра ақырында ана тілінің қайда кетекегнін білмей айрылып қалуы ықтимал. Сондықтан мәдени жұрттардың тіліндегі әдебиеттерін, ғылым кітаптарын қазақ тіліне аударғанда пән сөздердің даярлығына қызықпай ана тіліміздің арасынан сөз табуымыз керек», — деген ойлары көзқарасымызды дәлелдей түседі. Аумалы – төкпелі аласапыран уақыт қазақ ұлтының ойшыл педагогтарының мойнына бірнеше міндеттерді жүктеді: 1) ұлттық мүддені сақтау; 2) халыққа білім беруді ұлттық тәрбиемен ұштастыру, сол арқылы халық бойына білімді тегіс тарауы; 3) білім арқылы елді өркениетті елдер қатарына қосу, осы мақсатта халықтың уақыт қажеттіктерін заман талабына сай игеруге мүмкіндік жасау. Міржақып Дулатовтың «Бұрынғыдай кең далада қазақ жалғыз мекендеп отырған жоқ, басқалар да келіп тығылды. Басқалармен араласу енді көбейді, һәм жылданға-жылға көбейіп барады. Олармен араласқан соң біздің бұрын керек қылмаған нәрселеріміз керек бола бастады….. Өзгелерден кем болмай тең боламын деген жұрт қатарынан қалмасқа тырысады. Тең болған адам болсын, жұрт болсын білім, өнерімен тең болады. Қалыспаймын дегендер осылармен қалыспасқа тырысады. Тіршілік бәсеке жарыс. Дүние бәйге үлестіруші, озғанына қарай бәйге береді…. Дүниенің ісі осы болған соң адамнан адам жұрттан жұрт озсам дейді. Озғанының ісі қай орында да болса, үстіне түсіп қалғанының ісін баспақшы. Ғылым өнерімен асқандар білімсіз, өнерсіздерді білімімен жығып аяғына баспақшы. Малымен асқандар байлығымен қамыттап жұмысына жекпекші»,- деген көзқарасы қазақ зиялыларының ұлт мүддесі жолындағы қазметтерінің негізгі мақсатын айқындайды.

Қазақ интеллигенциясының өкілдері халыққа білім беру мәселесін жолға қоюда, алдымен оны халыққа түсіндіруді көздеген. Білім мәселесіне жеке адам мүддесі тұрғысынан емес, алдымен ұлт мүддесі, одан қалды адамзат мүддесі тұрғысынан қараған. Білім беру мәселесі тұрғысында жіберілетін қателіктерге де аса мән берген. Міржақып Дулатовтың жоғарыда айтылған пікірін қазақ халқына ғана емес, жалпы адамзат игілігіне ортақ білімге де жанашырлық деп те түсінуімізге болады. Тарихты зерттеуші ғалымдардың барлығы білім мәселесіне осы тұрғыдан қараған. Мәселен, неміс тарихшысы, ойшылы К. Ясперсс ХХ ғасырдағы орын алып отырған ғылыми — техникалық прогерсстің жалпы халық мүүдесіне қайшы тұстарын екере отырып. Халыққа білім берудің төмендегідей мәселелерін айтып кеткен: «Мәселенің мәні мынада техника ғасыры мен барлық қоғамдық қатынастардың қайта құрылуы дағдайында әр адамның алдында тұрған қүндылық өз құқын, рух бостандығын, кісілік қасиетін және мың жылдық метафизиканың тәжірибесі секілді қол жеткізген құндылықтарын сақтап қалуда» (К. Ясперсс, Смысл и назначение историй, М., 226 б.). Бұл мәселе, кеңес мемлекеті тұсында ескерілді ме? Яғни, білім беру процессінде ұлттық тәрбиенің қызметі пайдаланылды ма?

Кеңестік тоталитарлық тәртіп оқу-ағарту ісіне үстем болған саяси идеологияға сай таптық көзқарас тұрғысынан қарады. Мағжан Жұмабаев қоғамдық прогресс (экономикалық, саяси, құқықтық, адамгершілік және т.б.) мәселелерін шешу үшін таптық тұрғыда емес, жалпы адамзаттық тұрғыда келу қажеттігін алған тартқан.

Міржақып Дулатов жастарды халықтан үйренуге, үлкендер мен кішілерді қадірлеуге, айналадағы болып жатқан құбылыстарды терең танып білуге, бірлікке шақыра отырып, «Адам баласы баласы бәрінен де артық күй таңдайды, туысында қанша зеректік болса да ғылымсыз, тәрбиесіз кемеліне жетпейді. Кімде-кім өзінің табиғатында не нәрсеге шеберлік барын сезіп, өз жолына түссе ғана көге көрінеді»(Қазақ газеті, 282 б.), — деп айтқан еді.

Білім адам баласына мүмкіндік беретін күш. Осы мәселе тұрғысында ағылшын философы Ф. Бэкон «Білім-күш» деген идеясын өзі өмір сүріп отырған «Жаңа заманның» ағартушылық идеясының негізіне айналдырған. Бұдан ұғатынымыз халыққа білім беру процессінің дұрыс жолға қойылуы елді өркениетке жеткізудің басты жолы саналатындығы. Осы тұста Шоқан Уәлихановтың «Халықтың кемеліне келіп өркендеуі үшін ең алдымен азаттық пен білім керек» (Даналардан шыққан сөз, А., 1989, 45 б) деген даналығы да ойымызға оралып отыр

С.Көбеев ұлт мектептерінде ең алдымен ана тілінде сауатын ашу қажеттігін дәлелдеп еді.: «Сабақты баланың табиғи ана тілінде түсіндіру- жас өспірімнің ақыл-ой дүниесіне сезім-қиялына күшті әсер етеді. Көркем сөз зергерінің бояулы да сырлы асқақ та әсем, кестелі де айшықты мағыналы сөз бедерлері оқушыларға өмір құбылыстарын, табиғат көрінісі, адамдар арасындағы түрлі қарым-қатынастарды, дүниетанымын дұрыс қалыптастырады. Оқушыны ана тілінде жазылған әңгіме, өлеңдер арқылы оқыту халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан әдет-ғұрып, рухани өмірімен, арман мүддесімен таныстырып патриоттық сезімін оятады. Сондықтан ауылдық, болыстық мектептерде дәрісті қазақ тілінде жүргізу керек». (Дарынды педагог С.Көбеевтің туғанына 90 жыл толуына //Қазақстан мектебі. 1968 жыл № 11 бар. 96 б) (С.Көбеев. Орындалған арман.Алматы.1954 ж, 78 б). Платон білім беруді тек ғана білімділікке жету емес, барлығынан бұрын адам мәнінің өзгеруі ретінде қарастырған. Енді, кеңестік тоталитарлық қоғам жағдайындағы білім беру ісінің ерекшеліктеріне тоқталсақ. Кеңес үкіметі орнағаннан кейін А.В.Луначарский, Н.К.Крупская, М.Н.Покровский және басқа ағарту ісінің белгілі қайраткерлерімен кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында жаңа білім беру жүйесінің іргетасын қалады. Кеңестік менктептің теориясы мен практикасының негізгі ережелерінің негізін салды. В.И.Ленинің басшылығымен А.В.Луначарский біріңғай еңбек политехникалық мектебінің принциптерін өмірге енгізді. Мектепке дейінгі тәрбие, жалпы кәсіптік және жоғары білім беру, мәдени ағартушылық мекемелерін құрды ( Министр просвещения СССР М.А Прокофьев )

1918 жылы 25 тамыз- 4 қыркүйек аралығында өткен халық ағарту ісі бойынша Бүкілресейлік бірінші сьезд «РСФСР-дегі біріңғай еңбек мектебі туралы» Ережені талқылады. 1918 жылғы 30 қыркүйекте БОАК (ВЦИК) « РСФСР біріңғай еңбек мектебі туралы» Ереже қабылданды. Сьезд қабылдаған «Біріңғай еңбек мектебінің негізгі принциптері» (бұл тарихи құжат көбінесе «Біріңғай еңбек мектебі туралы Декларация» деп те аталған) тәрізді құжаттар кеңес мектебінің тарихында маңызды рөл атқарған.[499]. Кеңестер билігі әдетінше білім саласына да таптық көзқарастан ауытқымады. Дәлел келтірсек: «Что это за слово –«образование»? Оно на всех языках связано с представлением о том, что ребенка ведут к какой –то цели, формируют его соответственно известным идеалом. В процесе образования ребенок является сырьем, материалом, которому нужно придать известную форму, который нужно оформить. И поэтому понятия образования есть глубоко классовое понятие; образования рыцария, образования буржуа, образование пролетария совершенно различно» [284]. Ал, А.В.Луначарский әлеуметтік тәрбие мәселесінде «бала кім үшін тәрбиелену керек, өзің үшін немесе қоғам үшін және «баланы кім тәрбиелеу керек – отбасы немесе қоғам» деген іәргелі екі проблеманы алға тартты. «О гражданском воспитани лишь, там , «где мы видим, что граждан готовит гармоничное общество, могущее создать гармоничную личность», — деп қоғамдық тәрбиені кеңейту жолдарын нақты көрсетті. Мектепке дейінгі мекемелер желісі; «әлеуметтік көмек» мекемелері ретінде балалар үйлерін, тәрбие зертханалары ретінде интернаттарды құру; «мектеп бағытындағы клубпен және толық күнді мектеппен» мектеп қозғалысын ұйымдастыру проблемалары тереңнен ойластырылды [«Әлеуметтік тәрбие туралы» А.В.Луначарский о воспитани и образовании. Москва «Педагогика» 1976 г.-546 б.].


Бөлім: Педагогика

Добавить комментарий