Эстетикалық тәрбие



Мазмұны

Кіріспе ———————————————————————————- 4-8

І.Тарау. Эстетикалық тәрбие теорияның негіздері

1.1. Эстетикалық тәрбиенің мәні, міндеттері —————————— 9-16

1.2. Мектептегі эстетикалық тәрбиенің негізгі бағыттары және

олардың ұлттық ерекшеліктері ————————————— 17 — 22

ІІ Тарау. Күнделікті еңбек пен өнер тәрбиесі

2.1 Ұстаз өнегесі, ақыл-ой тәрбиесі ——————————————23- 28

2.2 Күнделікті өмір, жеке адам эстетикасы —————————— 29-31

2.3 Отбасы тәрбиесіндегі эстетикалық тәрбие ———————— 32-33

2.4 Тән мен тазалық тәрбиесі, еңбек пен өнер тәрбиесі ————— 34-42

IIІ . Тәжірибелік бөлім ———————————————————— 43-44

Қортынды ———————————————————————- 45-46

Қолданылған әдебиеттер: —————————————————— 47-48

Кіріспе

Қазақстан Республикасының 2015 жылга дейінгі білім беруді дамыту түжырымдамасында «Жоғары білім берудің мақсаты — жеке тұлғаның сапалы жоғары білім алуға деген мүдделерін қанағаттандыру әрбір адамға оқытудың мазмұнын, таңдауға кеңінен мүмкіндік беру» делінген. Осыған орай болашақ маманға кәсіби білім беру арқылы рухани-эстетикалық дамуындағы рөлін терең зерттеуді қажет етеді. Сондай қажеттіліктердің бірі — қазақ қолданбалы өнеріндегі кеңістік пен уақыт ұғымдары негізінде эстетикалық тәрбие беру мүмкіндіктерін болашақ маманның игеруі.

Ұрпақтан-ұрпаққа дәстүрлі жалғасын тапқан бабалар мұрасы тек шеберлік пен іскерлікті игеру гана емес, адамзаттың әлемді рухани-эстетикалық тануының «заттанган» көрінісі. Халықтың рухани бәйтерегі — қазақ қолданбалы өнеріндегі кеңістік пен уақыт үғымдарында эстетикалық тәлім-тәрбие жатқанына көз жеткіземіз.

Біріншіден, қазақ қолданбалы өнерінің ішкі тылсым сыры ұгылады (қабылданады).

Екіншіден уақыт арқылы өткенді зерделеп, бүгінгіні анықтап, болашақты бағдарлайды.

Үшішіден, кеңістік көріністері бүгінгі ұрпаққа «Ата жұрт», «Атамекен», «Елім-жерім», «Туған өлке» ырымдарын қалыптастырады. Сондай-ақ жеке тұлғаның дүние, өмір, қоғам, тіл мәдениеті жөніндегі түсініктері ұлғаяды, ақыл-ойы, танымдық қабілеті, эстетикалық сана-сезімі, түйсіктері, адамгершілік қасиеттері, туған еліне, жеріне, табиғатқа, халық өнеріне аялы көзқарастары қалыптасады.

Халқымыздың кемеңгер ойшылдары (Қорқыт ата, Әл-Фараби, Ахмет Иассауи, Ж.Баласағұни, т.б.), қазақ ағартушылары, қоғам қайраткерлері (М.Жұмабаев, М.Дулатов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, т.б.), шетел психолог-педагогтері (Н.Крупская, А.Луначарский, П.Блонский, Д.Лихачев, С.Шацкий, Л.Выготский, С.Рубинштейн, А.Бакушинский, т.б.) еңбектерінде табиғат, қоршаған орта, өмірдегі және өнердегі сұлулықты түсініп, қабылдау болашақ ұрпақтың жан-жақты дамуының басты құралы екендігі қарастырылған.

Бүгінгі таңда педагог ғалымдардың қазақ қолданбалы өнері және эстетикалық тәрбие теориясы мен тәжірибесінің зерттеліп отырған кезеңдегі жай-күйін, өзіне тән ерекшеліктері ғалымдар: А.Жүнісбаева, Ө.Қамақов,

Б.Әлмұхамбетов,Ж.Балкенов,Е.Асылханов,Қ.Ералин, Қ.Ижанов,

Ү.Ибрагимов, З.Ахметова, Қ.Болатбаев, С.Ұзақбаева еңбектерінде арнайы зерттелген.

Ғалымдар еңбектерінің негізгі идеяларына сүйене отырып, қазақ қолданбалы өнеріндегі кеңістік пен уақыт ұғымдарының эстетикалық тәрбиедегі көрінісіне, соның негізінде эстетикалық тәрбие беру мүмкіндіктеріне мазмұнды сипаттама беруге болады. Эстетикалық тәрбие беру мүмкіндіктері адамның эстетикалық көзқарас, сезім, таным, қабылдау, баға беру, белсенділік қасиеттерінің жиынтығын құрайды.

Алдымен қазақ қолданбалы өнері эстетикалық көзқарасты тәрбиелейді. Адамның өмірге эстетикалық көзқарасы оның өмірі мен қызметінің барлық саласынан (әсіресе өнерге деген көзқарасынан) көрінеді.

Эстетикалық талғамы биік, сезімтал адам еңбектегі әдемілікті, табиғаттағы сұлулықты, өнердегі әсемдікті танып, оны сүйе, қастерлей білетін болады. Ол туралы В.Белинский былай деп жазған: «Әсемдікті сезіну — адамгершілік қасиеттің шарты. Тек осы сезім төңірегінде сана ақыл-парасат болуы мүмкін тек осы сезіммен ғана азамат өзінің жеке басының мүдделерін де, өзінің жеке көзқарасын да Отан үшін құрбан ете алады, тек осы сезіммен ғана адам өмірде ерлік істей алады, …эстетикалық сезім -жақсылықтың негізі, адамгершіліктің негізі». Яғни, эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу, ұлттық өнерге мұқият зейін салуды талап етумен қатар балалардың ақыл-ойын, дүниетанымын дамытады.

Эстетикалық сезім — адамның еңбек үстінде тарихи қалыптасып дамыған рухани қасиеттерінің бірі. Ұлы ақын М.Жұмабаев «Жаратылыстың Һәм искусствоның сұлу заттары адам жанында сұлулық сезімдерін оятады». Үлбіреген гүл, сұлу ай, жұлдызды таң, міне осылар сықылды жаратылыстың сұлу заттары, көріністері адам жанына бір ләззат, бір сұлулық толқынын оятып туғызбай қоймайды.

Сұлулық сезімдері адамның дұрыс, сау ләззат ізденуіне, сұлу нәрсені сүюіне, көріксіз нәрседен жиренуіне, жақсылыққа ұмтылып, жамандықтан тиылуына көп көмек көрсетеді. Сондықтан баланың сұлулық сезімдері жақсы тәрбие алуына тиісті…» деп, адамдардың өмірдегі, өнердегі сұлулық пен ұсқынсыздықты дұрыс қабылдауы, түсінуі мен сезінуі эстетикалық тәрбиенің басты міндеті екендігін ескертеді. Демек, қазақ қолданбалы өнеріндегі кеңістік пен уақыт ұғымдары негізінде эстетикалық тәрбие беру табиғаттағы, өнердегі, еңбектегі ең жақсыны қабылдау, одан ләззат алу, дүниедегі әдемілік атаулыны бағалауға және өнер шығармаларын тануға, қастерлеуге баулиды, оған керісінше ұсқынсыздыққа жағымсыз көзқарасты қалыптастырады.

Зерттеу мақсаты: Жас ұрпаққа кәсіби маман беру арқылы рухани – эстетикалық дамудағы ролін терең зерттеу.

— эстетикалық тәрбиенің мәні мен міндеттерін ашу;

— мектептегі эстетикалық тәрбиенің бағыттары және ұлттық ерекшеліктерін негіздеу.

— Күнделікті өмір мен тазалық тәрбиесін зерттеу

Зерттеу әдісі: әдебиеттер мен жұмыс, бақылау жүргізу,тест,анкета,

талдау.

Зеттеу обьектісі: оқушы,мұғалім,ата-ана іс – әрекеті.

Зерттеу пәні: музыка,технология,педагогика,психология,әдебиет т.б.

Зерттеу базасы: Мұхамед – Рахим Қыдырбайұлының І – ХІ сыныптарға

арналған «Атамекен» бағдарламасы.

Жұмыстың құрылымы: Менің курстық жұмысының тақырыбы:

«Балаларға эстетикалық тәрбие берудегі ұлттық

өнердің ролі» Ол кіріспе бөлімінен және

негізгі құрылымы үш тараудан тұрады.

Бірінші тарау «Эстетикалық тәрбие теорияның негіздері»

Екінші тарау «Күнделікті еңбек пен өнер тәрбиесі»

Үшінші тарау «Тәжірибелік бөлім»

Қолданылған әдебиеттер саны


Бөлім: Педагогика

Добавить комментарий