ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЕСЕПТЕР ШЫҒАРУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ ДЕҢГЕЙІН ЖОҒАРЫЛАТУ



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ………………………………………………………………………………………………… 5
1. Химиялық оқу эксперименті …………………………………………………………….. 8
1.1. Химиялық оқу экспериментінің әдістемелік жүйесі ………………………….. 8
1.2. Химиялық экспериментті жүргізу біліктілігін қалыптастыру…………….. 11
ӘДЕБИ ШОЛУ
2. Экспериментік есептердің оқу – тәрбиелік маңызы және типтері …….. 15
2.1 Экспериментік есептердің алатын орны және шығарту әдістемесі ……. 18
2.1.1 Эксперименттік есептерді шешу әдістемесіне қосымша ………………….. 22
2.2.Оқушыларды эксперименттік есептерді шығаруға үйрету …………………. 30
3. ЭКСПЕРИМЕНТТІК БӨЛІМ ……………………………………………………………… 41
3.1 Химиядан эксперименттік есептерді шығару біліктері мен
дағдыларын дамыту ………………………………………………………………………… 41
3.2. Сапалық реакциялар негізінде бір немесе бірнеше заттарды
aнықтау …………………………………………………………………………………………. 47
3.3 Педагогикалық эксперимент ……………………………………………………………. 55
ҚОРЫТЫНДЫ ……………………………………………………………………………………… 59
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ …………………………………………. 60
ҚОСЫМШАЛАР ………………………………………………………………………………….. 61
Қосымша А
Қосымша Ә

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Ұсынылып отырған дипломдық зерттеу қазіргі қоғамдағы маңызды педагогикалық және жоғары тәрбие беру проблемаларының бірі ретінде танылатын эксперименттік есептерді химия сабағында қолданудың мәселелерімен тікелей байланысты.
Сондықтан бұл еңбекте бүгінгі күнге дейін әлі шешімін таппаған «Эксперименттік есептер шығару арқылы білім деңгейін жоғарылату» тақырыбын зерттеп, оның тиімді жақтарын ұсыну мақсатында қарастырылып отыр.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың шығармышылық әлеуетін дамытуды, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.
Елбасымыз Н. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» Қазақстан халқына арналған Жолдауында «Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгереді, олар бейбіт, абат, жылдам өркендету үстіндегі, күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоты болады» деп көрсетілгендей, ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш – білімге тән. Жас мемлекетіміздің болашағы – бүгінгі мектеп оқушылары. Оларға бірдей талап қойып, олардың табиғи қабілеттерін, нақты мүмкіндіктерін анықтап, соған негіздеп оқыту – бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
Оқушыларды сөйлеуге, өз ойларын жеткізе білуге, пікір таластыруға тек тестік бақылау кезінде емес, оқыту барысында, күнделікті сабақта, тіпті сабақтан тыс жұмыстарда да (үйірме, факультативтік сабақ, т.б.) қалыптастырып үйрету қажет. Ұстаздың рөлі тек емтихан алып, баға қоюмен шектелмейді, сабақты бере білу мен оқушыларды еңбекке баулып, тәрбиелеу және пәнге қызығуын арттырумен айқындалады. Ал оқушы білімнің сапасы – мұғалім білімділігі мен біліктілігінің, іскерлігінің айнасы, нарық заңдылығына сүйенсек, кез келген өнімнің сапасын өндіруші емес, оны тұтынушы анықтауы, бағалауы қажет. Сондықтан мұғалімнің берген білімін оның өзі емес, басқалардың бағалағаны жөн.
Қазіргі оқытудың ең маңызды міндеттерінің бірі – жұмысты орташа оқитын оқушыға бағдарлаудан бас тарту да, әр тұлғаның ұтымды дамуына жағдай жасау болып табылады. Білім мен біліктің жиынтығы ғана маңызды емес; ең маңыздысы оқушыларды өздігінен білім алуға, шынайы өмірді қайта құруға, оны белсенді пайдалана білуге үйрету екені белгілі. Осыған байланысты алған білімін түсіну проблемасы ерекше көкейтесті болып отыр.
Дидактикалық әдебиетте оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту білімді түсінуін қалыптастырудың шарттарының бірі ретінде көрсетілген. М.Н. Скаткин мен И.Я. Лернер: «білімді түсіну оны дәстүрлі емес жағдайда қолдана білуден, эксперименттік есептерді шығарудан көрінеді,» — деген болатын. Осы орайда, эксперименттік есептерді оқушылар жүйелі түрде шығарып отыруы қажет екенін бұл авторлар атап көрсетеді, сонда ғана олардың білімдері берік болады.
Химияны оқыту әдістемесінде ( С.Г. Шаповаленко, Ю.В. Ходаков, М.Я. Голобродько, В.Н. Давыдов, Н.А. Титов, П.А. Оржековский) оқушылардың шығармашылық қызмет тәжірибесін қалыптастыруға арналған бірқатар зерттеулер бар. Бұл үшін негізгі құрал ретінде эксперименттік есептер қолданылады. Әдістемеде төмендегідей көзқарас кеңінен тараған: эксперименттік есептерді шығару үшін ең қажетті шарт оқушылардың берік, өздері түсінген білімдерінің болуы (Р.Г. Иванова, А.Г. Иодко және т.б.). Алайда, оқушылардың білім сапасын арттыру үшін химиядан эксперименттік есептердің бүгінгі күнге дейін ролі зерттелген жоқ.
Сонымен, дидакт ғалымдардың атап көрсеткеніндей білімді түсінуі үшін эксперименттік есептердің мүмкіндіктері мен осы мүмкіндіктерді жүзеге асыруға арналған химияны оқыту әдістемесінің теориясында зерттеулердің болмауы арасында қайшылық қалыптасып отыр.
Бұл зерттеудің басты мәселесі химиядан эксперименттік есептерді шығару арқылы оқушылардың білім деңгейін жоғарылатуға ықпал ететін педагогикалық жағдайларды анықтау болып табылады.
Зерттеу мақсаты: Бейорганикалық химиядан эксперименттік есептер шығару арқылы оқушылардың білім деңгейін жоғарылату.
Зерттеу міндеттері:
1. Білім деңгейін жоғарылату проблемасы бойынша, сол сияқты, оқушыларды эксперименттік есептерді шығаруға үйрету проблемасы бойынша отандық әдебиеттерге талдау жасау;
2. Оқушылардың эксперименттік есептерді шығаруы барысында олардың білім деңгейін жоғарылату үшін әдістемелік тәсілдерді жасау;
3. Ұсынып отырған тәсілдердің тиімділіктерін салыстыру барысында оқушылардың білім деңгейін жоғарылатудағы эксперименттік есептердің ролін анықтау.
Қойылған міндеттерді шешу барысында төмендегі зерттеу әдістері қолданылады: тақырып бойынша педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерді талдау; оқушыларды бақылау; тәуелсіз сараптау әдісі; мұғалімдермен әңгімелесу; педагогикалық эксперимент.
Зерттеу объектісі мен заты: Дипломдық зерттеудің объектісі – мектеп. Оның ішінде жоғары буын оқушылары: 10-сыныптағы химияны оқыту үрдісі.
Эксперименттік есептерді химия сабағында қолданудың әдіс-тәсілдерін жинау, зерттеу, бағалау және оларды тиімді қолдану мәселелері зерттеу жұмысының затын құрайды.

Зерттеудің методологиялық және әдіснамалық негіздері.
Дипломдық зерттеудің әдіснамалық базасы химия сабағында эксперименттік есептерді дәстүрлі сабақтармен салыстыра қолдана отырып, олардың оқушылардың білім деңгейін жоғарылатуда алатын орны анықталды.
Зерттеудің теориялық негізі жалпы эксперименттік есептер, эксперименттік есептерді шығаруды оқушыларға үйрету тәсілдері және т.б. салалардағы ғылыми еңбектерге құрылған.
Экспериментті өткізу кезеңдері: Педагогикалық эксперимент екі кезеңде өтті.
Бірінші кезеңде бейорганикалық химиядан оқушылардың білім деңгейін жоғарылатуда қолданылатын әдістер зерттелді және 10-сынып оқушыларында оларды анықтау үшін сәйкес келетін диагностика құрастырылды. Эксперименттік жұмыс 2009-2010 оқу жылында Астананың №4 мектебінің негізінде жүргізілді.
Екінші кезеңде (2009-2010 оқу жылдары) Ақмола облысы Бурабай ауданы, Мәдениет ауылының Е.Исмаилов атындағы Мәдениет орта мектебінің 10-сыныбында оқушылардың білім деңгейін жоғарылатуда эксперименттік есептерді шығарудың әдістемелік тәсілдерінің тиімділіктері салыстырылды.


Бөлім: Педагогика

Добавить комментарий