Экономика сабақтарында компьютерлік технологияны пайдалану арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың дидактикалық мүмкіндіктері



Мазмұны:

Кіріспе……………………………………………………………………………………… 3

1 – тарау

Экономика сабақтарында технологияны пайдалану арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың теориялық негіздері.

1.1. Танымдық белсенділікті арттыру – жеке тұлға – қызметтік парадигманы жүзеге асырудың басты шарты …………………………………….8-25

1.2. Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастырудың дидактикалық шарттары ……………………………………………………………………26-41

Тарау 2.

Компьютерлік технологияны пайдалану арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастырудың әдістемелік аспектісі.

2.1. Танымдық белсенділікті қалыптастыруға бағытталған компьютерлік бағдарламаға сипаттама және оларды қолдану жолдары……………………………………………………………………………………………….42-57

2.2. Тәжірибелік — эксперименттік жұмыстың нәтижелері және оларды жинақтау ……………………………………………………………………………… 58 — 66

Қорытынды ………………………………………………………………………………… 67

Қолданылған әдебиеттер тізімі ………………………………………………… 68 — 69

Қосымша ………………………………………………………………………………….70 — 74

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында жалпы білім берудің мақсаты – қазіргі қоғам талабына сай алынған терең білім, білік, дағдылар мен құзырлықтардың негізінде еркін бағдарлай білетін, қойылған мақсатқа танымдылық қызмет жасау арқылы жете алатын, өз бетінше дұрыс, тиімді шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру екендігі көрсетілген. Оны жүзеге асыру – мектептерде оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға септігін тигізетін оқу үрдісін ұйымдастырудың тісілдерін, әдістері мен нысандарын іздестіруге өзекті сипат береді.

Жалпы орта білім беру жүйесіндегі рефеормалау, оқу мерзімі 12 жылдық, «нәтижеге бағытталған» жаңа мектеп моделін енгізу оқытудың мақсатын, мазмұнын, әдістері мен формасын, сондай-ақ сәйкес құралдар жүйесін, яғни оқытудың жаңа әдістемелік жүйесін жасап, практикаға енгізуді талап етеді. Басты мақсат – қоғамның ақпараттану, жаһандану кезеңінде қажет ақпаратты алып, шапшаң өңдеп, пайдалана білетін, бәсекеге қабілетті, өтіндік танымдық әрекет ете алатын жан – жақты дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеу.

Ғылымның әр саласында білім мазмұны мен көлемі қауырт өсіп отырған қазіргі ғылыми – техникалық прогресс кезеңінде бұл міндеттердің жүзеге асуы оқушылардың танымдық белсенділігінің артуына тікелей байланысты. Демек, оқыту барысындағы оқушылардың іс — әрекетінде танымдық белсенділікті арттыру көкейкесті мәселе.

Танымдық іс — әрекет – шәкірттің ізденіп, білім алуына бағытталған белсенді ақыл – ой қызметі.

Мемлекеттік бағдарламада, сондай – ақ, оқу үрдісіне педагогикалық және ақпаратты технологияларды кеңінен пайдалану – жалпы орта білім беруді дамытудың басты бағыттарының бірі екендігі атап көрсетілген.

Ақпарат ағымның ұдайы молаюы мен жаңаруына байланысты қоғамды ақпараттандыру кезеңінде оқу – тәрбие үрдісінде. Оның мазмұны, әдістері, ұйымдастыру формалары мен басқару түрлеріне сапалық тұрғыдан жаңа талаптар қойылуда. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында орта білім беруді ақпараттандырудың екінші кезеңіне оқу үрдісі жүруде, ол мазмұндық тұрғыда болады және тұлғаның ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға көшумен сипатталады. Мұнда әрбір оқушының қазіргі ақпараттық техника мен технологиялар негізін меңгеріп қана қоймай, оны тиімді қолдана білуі, интернет, яғни ғаламдық ақпарат желісін өзінің белсенді танымдылық ізденістеріне пайдалана білуі көзделген. Алайда, бұл іргелі ғылыми зерттеулерді қажет ететін күрделі мәселе.

Оқушылардың сапалы білім алуындағы танымдық белсенділікті қалыптастырудың аса маңызды орын алатындығын іргелі психологиялық – педагогикалық зерттеулерде талдау жасау арқылы көз жеткізуге болады.

Белгілі психологтар Е. И. Машбиц, С.Л. Рубинштейн, П.Я.Гальперин, Л. С. Выготский, В. В. Давыдов, Д. Б. Эльконин, Қ. Б. Жарықбаев, С. Бал – Бабаның зерттеулерінде танымдық белсенділіктің психологиялық ерекшеліктері ашылып, оның білім беру ісін дамытуда басты рөл атқаратыны дәлелденген.

Педагогикада проблемалық оқытуды ұйымдастырудың оқушылардың танымдық белсенділігін дамытудағы маңызы И. Я. Лернер, Л. П. Аристова, М. А. Данилов, М. И. Махмутов, Т. И. Шамова, оқушылардың танымдық белсенділігін жетілдірудің жеткілікті шартын оқу үрдісіне пайдалану Я. А. Коменский, П. И. Пидкасистый, Н. А. Половникова, Б. П. Есилов, Ю. К. Бабанский, М. Н. Скаткиннің еңбектерінде зерттелген.

Г. И. Шукина, Н. Г. Морозова және т. б. ғалымдардың еңбектерінде танымдық белсенділікті оқу үрдісінде қалыптастыру механизмдерінің ерекшеліктері анықталған.

Отандық ғалымдар Ж. А. Қараев, Т. С. Сабыров, Н. Д. Хмель, М. Ә. Құдайқұлов, А. Е. Әбілқасымова, Р. Садықова, С. С. Смаилов, Р. С. Омарова, А. С. Мустояпова, Ғ. Ө. Кариева, т.б. ғылыми еңбектерінде оқушының танымдық белсенділігін арттыру, жеке дамуы, өзіндік жұмысы, өз бетімен білім алуы, білік, дағдыларын қалыптастырудың тиімді жолдары қарастырылған.

Ғылыми әдебиеттерге жасалған талдау ақпараттық технологиялар талабы тұрғысында оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың психологиялық – педагогикалық негізгі әлі де болса зерттеуді қажет ететіні белгілі.

Ел президентінің Қазақстан халқына Жолдауында өткен ғасырдың отызыншы жылдарында сауатсыздықпен күрес жүргізілгендей, компьютерлік сауаттану жөніндегі ауқымды іске азаматтарды, әсіресе, жастарды тарту қажеттігі айтылған және мемлекеттік қызметке жаңа қызметкерлерді қабылдау кезінде компьютерді, интернетті қолдана білу дағдысы міндетті талап болуға тиіс екендігі атап көрсетілген. Осыған байланысты XXI ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр. Олар: компьютерлік техниканы, интернет, компьютерлік желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру және білім сапасын көрсету.

Жеткіншектерге қазіргі қоғам талабына сай сапалы білім беру және оларды бәсекеге қабілетті етіп оқыту мен тәрбиелеу педогогика ғылымы саласында және әдіснамалық негізгі ғылыми зерттеулерді талап етіп отыр. Өйткені, дәстүрлі оқыту мазмұны мен әдістері мұндай нәтижеге жетуге кепілдік бермейтінін күнделікті іс – тәжірибе көрсетіп отыр. Мәселенің шешімі – оқу үрдісіне жаңа педагогикалық және ақпараттық технологияларды ендіруде жатыр. Педагогикалық технология оқу үрдісінің қойылған мақсатқа жетуіне кепілдік береді.

Оқытудың педагогикалық технологиясының мәні, педагогикалық технологиясының жеке аспектілері мен түрлері В. П. Беспалько, В. М. Монахов, М. В. Кларин, П. И. Третьяков және т.б. жұмыстаында зерттелген. Біздің республикада оқытудың педагогикалық технологиясы Ж. А. Қараев, Қ. Қабдықайырұлы, Т. Т. Ғалиев, Ж. У. Кобдикова, Б. О. Қуанбаева және т. б. жұмыстарында қарастырылған.

Оқытудың компьютерлік технологиясы педагогикалық оқыту технологиясының құрамды бөлігі болып табылады. Компьютерлік технология белгілі бір педагогикалық технологияның оқу үрдісіне енгізілуде қолайлы жағдай жасайды, оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыруға, оқу үрдісін тиімді басқаруға мүмкіндік береді. Сол себепті, қазіргі кезде компьютерлік технологияны пайдалану арқылы танымдық белсенділікті арттыру педагогика ғылымы мен практикасының жаңа, болашағы мол бағыты болып табылады. Оқытуда компьютерлік технологияны қолдану өз бетімен ізлдену негізінде шығармашылық типтегі іскерлікті қалыптастырады. Болашақта әр оқушыға компьютерлік технология негізінде интернет, қашықтықтан оқыту, электрондық почта арқылы дүниежүзілік білім әлеміне еніп, онда өзінің қажетін өтейтін білімді толығымен алуға, қажетті ақпараттық мәліметтерді, ғылым саласында байланысты озық тәжірибелерді, ізделіп отырған мәселенің шет елдегі жағдайымен танысуына толық мүмкіндік туады. Оқыту үрдісінде компьютерлік технологияны пайдаланудың негізгі мәселелері С. Пейперт, В. Я. Ляудис, Г. И. Дацюк, И. В. Роберт, Ж. А. Қараев, Ғ. Ө.Кариева, т. б. ғалымдардың зерттеулерінде қарастырылған.

Ғылыми жұмысымызда компьютерлік технологияны пайдаланып оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың дидактикалық талаптарын анықтау орта мектептегі физика пәнін оқыту мысалында қарастырылған. Алайда, физика сабағында компьютерді пайдалану арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру көкейкесті мәселе болса да қазіргі педагогикалық ғылыми – зерттеу жұмыстарының нысаны ретінде аз қамтылған. Физика сабағында компьютерлік техниканы пайдалану мәселелері В.А. Извозчиков, А.С. Кондратьев, В.В. Лаптев, И.М. Низамов, А.Н. Верник, Е.Е. Минина, А.К. Немцев, Э.В. Бурсиан, В.Е. Ильин, Л.В. Гурьева, А. Атабаев, Н.Н. Керімбаев және т.б. ғылыми зерттеулерінде қарастырылған. Компьютерлік технологияны оқу – тәрбие үрдісінде пайдалану барысында оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың ғылыми – теориялық негіздемесін Ж.А. Қараев ұсынған. Алайда, біріншіден, он жылдан астам уақыт бұрынғы компьютерлік технологияның педагогикалық, бағдарламалық – ақпараттық мүмкіндіктері мүлдем өзгеше (төмен) болғандықтан; екіншіден, бұл жұмыста интернет желісі, электрондық оқулықтар мен виртуальды лабораториялар мүмкіндіктері қарастырылмағандықтан; үшіншіден, танымдық белсенділікті компьютерлік технологияны пайдалану арқылы арттырудың тұтастай дидактикалық шарттары жиыны анықталмағандықтан, біз өз дипломдық жұмысымызды осы аталған мәселелерді зерттеу жұмысының басты міндеттері етіп алдық.

Зерттеу жұмысының көкейкестілігі мен практикалық мәнділігі және бұл мәселенің ғылыми — әдістемелік тұрғыдан әлі де жеткіліксіз зерттелуі «компьютерлік технологияны пайдалану арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың мүмкіндіктері» атты тақырыпты таңдауға мүмкіндік берді.

Зерттеудің мақсаты: Компьютерлік технология көмегімен оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың педагогикалық мүмкіндіктерін анықтау.

Зерттеу нысаны: Жалпы білім беретін мектептердегі оқу үрдісі.

Зерттеу пәні: оқушылардың танымдық белсенділігін компьютерлік технологияны пайдалану негізінде арттырудың педагогикалық мүмкіндіктері.

Зерттеудің міндеттері:

 оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудағы компьютерлік технологияның педагогикалық мүмкіндіктерін анықтау;

 оқушылардың танымдық белсенділігін компьютерлік технологияны пайдалану арқылы қалыптастырудың деңгейлерін, көрсеткіштерін негіздеу;

 оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың дидактикалық шарттарын айқындау;

 оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруда физикадан түрлі сабақтар үшін компьютерлік бағдарламалық құралдар пакетін жасауға қажетті талаптарды анықтау және оны мектепте оқу үрдісіне енгізудің жолдарын белгілеу, нәтижесін айқындау.

Зерттеудің ғылыми болжамы: егер оқушылардың танымдық іс — әрекетіне компьютерлік технологияны педагогикалық мүмкіндіктері тиімді пайдаланылса, онда оқушылардың оқу мотивациясы мен танымдық белсенділігі артып, шығармашылықпен әрекет жасау дағдылары дамиды, сөйтіп білім сапасы артады.

Зерттеу әдістері: мемлекеттік деректік құжаттарды, заңдарды зерделеу; зерттеу бағыты бойынша ғылыми — әдістемелік, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерді талдау; оқушылармен, мұғалімдермен, мектеп басшыларымен, ата – аналармен әңгімелесу, олардың арасында сауалнамалар жүргізу; оқушылардың жазбаша жұмыстарын тексеру, берілген әдістеменің тиімділігін анықтау мақсатында оқу тапсырмаларын дайындау; педагогикалық экспериментті ұйымдастыру және алынған қорытынды нәтижелерді өңдеу.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:

 оқушылардың танымдық белсенділігін технологиялық, жеке тұлға – қызметтік жаңа парадигма талаптарына сай жетілдірудің ғылыми теориялық негізі анықталды.

 Компьютерлік технология көмегімен оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастырудың деңгейлері және көрсеткіштері негізделді;

 Танымдық белсенділікті арттырудағы компьютерлік технологияның педагогикалық мүмкіндіктері анықталды;

 Компьютерлік технологияны пайдаланып оқушыларды танымдық белсенділікті арттырудың дидактикалық шарттары анықталды;

 Оқушылардың танымдық белсенділігін компьютерлік технология көмегімен арттыруға арналған бағдарламалық құралдар пакеті физика пәнінің негізінде жасалып, оқу үрдісінде тиімділігі дәлелденді.

Дипломдық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымшадан тұрады


Бөлім: Педагогика

Добавить комментарий