Шет тілін үйретуде монолог пен диалогтің жаңа мүмкіндіктерін айқындау



Мазмұны

Кіріспе………………………………………………………………………………………………3

1. Үйренудің бастапқы кезеңінде монолог және диалог сөзді оқытудың негізгі әдістемесі…………………………………………………………………………………………6

1.1 Сөйлеу мен монолог сөзді оқытудың маңыздылығы…………………6

1.2 Тілдесудің диалогтік формасын оқытудың мәні мен мазмұны…..9

1.3 Монолог және диалог. Олардың өзара байланысы……………….18

2. Шет тілі сабағында монологті және диалогті сөйлеу әрекетіне

үйрету ……………………………………………………………………………………………………..24

2.1 Тілдік ұғымдар: монолог сөзді оқыту кезіндегі икемділіктер, жаттығулар……………………………………………………………………………………………….24

2.2 Диалог сөзді оқыту кезіндегі көрнекіліктер………………………26

2.3 Коммуникативтік жаттығулар жүйесі тілдесудің

диалогтік формасын оқыту нысаны ретінде……………………………………………….30

Қорытынды……………………………………………………………………………………..41

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі……………………………………………………..43

Қосымша……………………………………………………………………45

Кіріспе

Әрбір мұғалім оқытудың мақсаттарын, оқу-әдістемелік кешеннің (ОӘК) мазмұнын, оқыту жүйесі мен тәсілдер жиынтығын білуі, білім беру, тәрбиелеу және дамыту мүмкіндіктерін шығармашылықпен пайдалана білуі керек. Басқаша айтқанда, әрбір мұғалім ағылшын тілін қазіргі заманғы әдістемелік теорияның деңгейінде оқыту үшін әдістемелік шеберлікті меңгеруі тиіс. Оқу-тәрбие процесін жетілдіру қоры деп әрбір мұғалімнің өзінің пәнінің (ағылшын тілінің) маңызын, ерекшелігін, мектептің стратегиялық міндетін шешу үшін осы мектеп пәнінің негізіне қаланған әлеуетті білуі мен түсінуін есептеген орынды. Бұл міндетті шешу үшін ағылшын тілінің қосатын үлесі қандай? Біріншіден, шет тілін оқытумен бірге қолымыздан келетін нәрсе — мектеп оқушыларының бойында адам үшін қоғам мүшесі, ұжым мүшесі ретінде қажетті қарым-қатынас жасай білуді (коммуникативтік тілдесуді) қалыптастыру. Бұл әңгімелесушіні тыңдай білу, тілдесуге кірісу, оны қолдау және т.б. білдіреді. Екіншіден, шет тілін үйрену оқушылардың кітаппен, анықтамалық әдебиеттермен жұмыс істей білу және т.б. тәрізді оқу дағдылары мен икемділіктерін қалыптастыруға белгілі бір үлес қосады.

Тақырыптың өзектілігі — жалпы білім беретін мектепте шет тілдерін оқытуда бүкіл оқу процесін анықтайтын коммуникативтік мақсаттың негізгі және жетекші мақсат екенідігінде болып табылады. Тілдік қатынастың негізгі формаларының бірі — диалог сөз. Пайдаланылатын тілдік үлгілердің саналуандығы мен сапасына, сондай-ақ өзге де бірқатар себептерге байланысты және ауызекі сөйлесуді оқытудағы жүйелілігі тұрғысынан таразылай келе, диалог сөздің монолог сөзден күрделірек екендігіне қарамастан, артықшылықты бәрібір диалог сөзге беру қажет. Өйткені, кейіннен монолог сөзде пайдаланылатын жекелеген тілдік үлгілер, мақсатты құрылымдар нақ осы диалог арқылы меңгеріліп, есте сақталады.

Диплом жұмысының тақырыбы шет тілін оқытудың түрлі кезеңдерінде диалог сөзге жаттығулардың түрлі жүйелеріне арналған.

Диплом жұмысының мақсаты монолог сөз бен диалог сөздің өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, ағылшын тілін үйретудің бастапқы кезеңінде монолог және диалог сөзді оқыту әдістемесін зерделеу болып табылады.

Аталған жұмыстың міндеті:

 монолог және диалог сөздің дағдыларын меңгеруге ұсынылған жаттығулардың көмегімен тілдік дағдыларды (дұрыс айту, лексикалық және грамматикалық) қалыптастыруға оқыту;

 Ағылшын тілі сабағында монологті және диалогті сөйлеу әрекетіне үйретудің тиімділігін қарастыру;

 Бейнеүзінділер арқылы диалог және монолог түрінде сөйлеуге үйретудің жаңа нұсқаларын ұсыну болып табылады.

Ағылшын тілін үйретудің бастапқы кезеңінде монолог және диалог сөзді оқыту проблемасы — ағылшын тілін оқыту әдістемесіндегі ең басты проблемалардың бірі. Монолог сөзді оқыту – бұл аса күрделі іс, ал сұрақ-жауап жаттығулары – оқытудың барабар құралы болып саналмайды. Тілдесудің диалогтік формасына келетін болсақ, бұл тілдің коммуникативтік функциясының көрінуіне неғұрлым тән форма. Тілдесудің диалогтік формасы бастапқы кезеңде ағылшын тілін тасушылар тәрізді әңгімелесушімен сәлемдесе білуді, сондай-ақ сәлемге жауап бере білуді көздейді. Монолог сөз кез келген деңгейдегі жұптық, топтық, жаппай тілдесу процесінің компоненті ретінде қарастырылады. Бұл кез келген монолог сөздің өзінің табиғаты жағынан монологтік екендігін, құрылымдық және көптеген өзге де қарым-қатынастарда оның түрлерінің өзіндік ерекшеліктері мол бола тұра, тіпті адресат сөйлеушінің өзі болған жағдайда да, үнемі біреуге жолданып айтылатындығын білдіреді.

Диплом жұмысының зерттеу әдістері: Шет тілін үйретуге арналған әдістемелік әдебиеттер мен оқу құралдарын талдау; Диалог сөзді оқыту кезіндегі көрнекіліктер мен коммуникативтік жаттығулардың мүмкіндіктерін тану; танып, зерттепбілген мәліметтерді эксперименттік зерттеу жүргізу мақсатында педагогикалық тәжірибеде қолдану.

Диплом жұмысының жаналығы: Шет тілін үйретуде монолог пен диалогтің жаңа мүмкіндіктерін айқындау. Шет тілін үйретуде монолог пен диалогті үйрету әдістерінің жаңа нұсқауларын жасау.

Диплом жұмысының нысаны: Монолог пен диалогтің ерекшелігі.

Теориялық құндылығы сөйлеуді өнімді процесс ретінде оқыту оқушыдан айтылымды, тілдесудің шартталған жағдаятын құруды қажет ететіндігінде, бұл күрделі әдістемелік міндет болып табылады, өйткені оны меңгеру оқушылар үшін үлкен қиындықтармен тудырады әрі мұғалімнің тарапынан да, оқушылардың тарапынан да көп уақыт пен күш-жігерді талап етеді. Осы жұмсалған уақыт пен күш-жігер, егер оқушылар осы қызметті басқа да тілдік қызметті қалыптастыруға арналған мотивациялық деңгей мен сенімді базаны қамтамасыз етуші, ең шағын материалдан бастап қатаң түрде меңгерілген жағдайда меңгерген жағдайда ақталады.

Жұмыстың практикалық құндылығы диалогтар мен монологтарды оқытудың түрлі кезеңдерінде материалды неғұрлым табысты игеру мен бекіту үшін, сондай-ақ сөйлесу тілінде практикалық тұрғыда қолдану үшін пайдалану болып табылады.

Таңдап алынған тақырып пен алдымызға қойылған міндеттің ерекшелігі жұмыстың таңдалуы мен құрылымының шарты болды.

Зерттеу барысындағы материалдар: Шет тілін үйретуге арналған әдістемелік әдебиеттер мен оқу құралдары, отандық және шетелдік газет-журналдар мен психологиялық – педагогикалық әдебиеттер.

Жұмыстың құрылымы: Аталған жұмыс кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиет тізімінен және қосымша материалдан тұрады


Бөлім: Педагогика

Добавить комментарий