Шет тілін үйретудегі ақпараттық технологиялардың жаңа мүмкіндіктерін айқындау



Мазмұны

Кіріспе……………………………………………………………………………………………………. 3

1. Комьютерлік технологияларды қолдану ерекшеліктері…………………………6

1.1 Жаңа ақпараттық технология құралдарын пайдалану ………………………….6

1.2 Оқытуды компьютерлендірудің дидактикалық негіздері…………………….14

1.3 Шет тілін оқытуда компьютерді пайдалану…………………………………………22

2. Жаңа технологиялардың көмегімен диалог және монолог түрінде сөйлеу қабілетін қалыптастыру…………………………………………………………………………….32

2.1 Мультимедиялық презентациялар көмегімен шет тілін тез үйрену қабілетін қалыптастыру…………………………………………………………………………………………….32

2.2 Интерактивті оқыту және интернет мүмкіндіктері ағылшын тіліне оқытуда……………………………………………………………………………………………………37

Қорытынды………………………………………………………………………………………………53

Қолданылған әдебиеттер…………………………………………………………………………..55

Қосымша материалдар………………………………………………………………………………57

Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Адам іс-әрекетінің әртүрлі салаларында, сонымен қатар, білім саласында ақпараттық технологиялардың жаңаша құралдарын қолдану бүгінгі күні үлкен өзектілікке ие болып отыр. Отандық және шетелдік оқулықтарда білім процессін компьютерлендіру ең өзекті факторлардың бірі ретінде қарастырылады.

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының білім туралы тұжырымдамасы ойлы, өнерлі, білімді тұлғаны қалыптастыруға бағытталған және қазіргі білім жүйесі оқушылардың танымдық белсенділігін дамытатын оқытудың дәстүрлі емес, белсенді түрін және әдістерін оқу процессіне енгізу бағытында құрылуы тиіс.

Білімді дамыту үшін білім берудің үйреншікті әдісінен оқыту процессінде оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыратын білім берудің жаңа белсенді әдісіне көшу керек. Бұл тапсырманы оқыту процессінде тек жаңа технологияларды қолдану арқылы жүзеге асыруға болады.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында (3 бап) белгіленгендей, білім беру жүйесін ақпараттандыру, мемлекеттік білім саясатының негізгі қағидаларын жүзеге асырудың маңызды бір механизмі болып табылады. Ақпараттық ортаны құруға негізделген білім берудің жаңа жүйесін қалыптастыру және педагогикалық практикаға жаңа ақпараттық құралдарды, сонымен қатар, басқа да жаңа технологияларды енгізу білім жүйесін дамытудағы стратегиялық тапсырма болып саналады.

Қазіргі кезде жаңа білім жүйесі интернеттің пайда болуының арқасында дамығанын барлығы мойындайды. Көптеген әдіскерлер видеофильм, электрондық пошта (e-mail), мультимедиялық презентация, анимациялық суреттер және т.б. көмегімен шетел тілінде монолог және диалог түрінде сөйлеу қабілетін қалыптастыратын жаттығуларды құрастырумен айналысып жатыр. Ал шетелде болмай-ақ, сол елдің тілінде сөйлей алу қабілетіне ие болу оңай емес. Сондықтан, мұғалімнің маңызды тапсырмасының бірі шет тілі сабағында жаңа технологиялардың түрлі амалдарын қолдана отырып, сөйлеудің шын ситуацияларын құру болып табылады. Шет тілін үйрету процессінде компьютер технологияларын қолдану сабақты қызықты жолмен өткізуге көмектеседі. Мысалы, анимациялық суреттер, видео-көріністер, презентациялар және т.б. әртүрлі дыбыстар арқылы көрсетіледі. Компьютер мониторындағы көріністер оқушының іс-қимылының арқасында өзгеріп отырады. Бұл динамикалық және оқушының бар ойын өзіне бағыттайды, сонымен қатар, оқу процессінде оқушының белсенділігі оянады. Нәтижесінде, оқушы ақпаратты оңай әрі тез қабылдайды және оқушының ынтасы мен қызығушылығы жоғарылайды.

ХХI ғасырды қоғамдық ақпараттандыру ғасыры деп жай атамаған. Компьютер — адам іс-әрекетінің барлық салаларында қолданылады. Дүниежүзілік қоғамдастықта қоғамдық өмірдің барлық саласын глобальді ақпараттандыру процессі дамытылуда. Экономикалық жағдай, адам өмірінің сапасы, ұлттық қауіпсіздік және мемлекеттің дүниежүзілік қоғамдастықтағы рөлі ақпараттық-технологиялық дамудың және оның даму қарқынының даму дәрежесіне байланысты. Барлық экономикалық дамыған елдерде және көптеген дамушы елдерде білім беру жүйесін ақпараттандырудың қарқынды процессі жүріп жатыр. Жалпы білімді жоғарылату жолдары жасалып жатыр және оқыту процессіне жаңа ақпараттық технологияларды енгізуге көп қаражат бөлінуде.

Дегенмен, оқыту процессіне компьютерлік технологиялардың қарқынды енгізілуіне қарамастан, арнайы мультимедиялық оқулықтар және оларды қолдану техникасы туралы әдістеменің болмауы себепті шет тілін үйрету процессінде компьютерлендіру жеткілікті дамымаған. Сонымен, ағылшын тілін оқыту әдістемесінің жеткіліксіз жасалуы, ағылшын тіліне оқытуды компьютер арқылы ұйымдастыру жолдарын жүзеге асыруды және ізденісті қажет ететін, осы зерттеу жұмысының маңызды мәселесі (проблемасы) болып табылады. Бұл мәселе зерттеу жұмысының тақырыбын таңдауға себеп болды: «Шет тілін оқытуда компьютерлік технологияларды қолдану ерекшелігі».

Зерттеу жұмысының мақсаты –Компьютерлік технологияларды қолдану арқылы шет тіліне үйрету әдісінің тиімділігін (эффектілігін) жоғарылату.

Аталған міндетке жету үшін келесідей тапсырмалар қойылды:

Зерттеу жұмысының міндеттері:

1. Ағылшын тілі сабағында жаңа ақпараттық технологияларды қолданудың маңыздылығын суреттеу;

2. Компьютерлік технологиялардың бар бағдарламаларын ағылшын тілінде сөйлеуге, түсінуге үйрету процессінде қолдану мүмкіндіктерін көрсету;

3. Видеофильмдер мен мультимедиялық презентациялар арқылы диалог және монолог түрінде сөйлеуге үйретудің жаңа нұсқаларын ұсыну.

Зерттеу объектісі – ақпараттық технологияларды қолдану ерекшелігі арқылы, шет тілін үйретудің әдісі.

Зерттеу құралы – шет тілін үйрету процессіндегі мультимедия мен видеофильмдер.

Зерттеу процессінде келесідей әдістер қолданылды: шет тілдерін оқытуға арналған психологиялық-педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерді талдау; ақпараттық технологиялар бағдарламасының мүмкіндіктерін тану; танып, білген мәліметтерді эксперименттік зерттеу жүргізу мақсатында педагогикалық практикада қолдану.

Зерттеудегі ғылыми жаңалық:

«Шет тілін үйретудегі ақпараттық технологиялардың жаңа мүмкіндіктерін айқындау»;

«Білім беру процессінің сапасын жоғарылататын және оқу материалын қабылдаудың тиімділігін көтеретін, шет тілін үйренуде компьютерлік технологияларға үйрету әдістерінің жаңа нұсқаларын жасау».

Зерттеу жұмысының теоретикалық маңыздылығы:

Жаңа технологиялардың көмегімен шет тілін үйретудің тиімді жүзеге асырылу мүмкіндіктерін айқындау.

Зерттеу жұмысының практикалық маңыздылығы:

Видеофильмдер мен мультимедиялық презентациялардың көмегімен шет тілін тиімді үйрену үшін жасалған әдіс, сөйлеуге үйрету процессінің тиімділігін арттырады, әрі оқушылардың ынтасы мен қызығушылықтарын оятады және берілген материалды оңай әрі тез арада игеруге мүмкіндік береді;

Зерттеу кезінде алынған нәтижелер, яғни компьютерлік технологияларды қолдану үшін жасалған әдістер орта мектептер мен жоғарғы оқу орындарында, білім беру процессінің сапасын жоғарылату мақсатында қолданылуы мүмкін. Объект: Ағылшын тілін үйретудегі жаңа ақпараттық әдістемелері. Тақырыбы: Шет тілін оқытуда компьютерлік технологияларлы қолдану ерекшелігі.

Зерттеу әдістері: зерттелетін проблемалар жөніндегі ақпараттық әдебиеттерді зерделеу; психологиялық педагогикалық тәжірибелерді зерделеу мәселелерінің қырынан зерделеу; педагогикалық бақылау, әңгімелесу,сауал сұрақ жасау.

Талдау барысындағы материал: шет тілдерін оқытуға арналған психологиялық-педагогикалық және әдістемелік әдебиеттер; отандық және шетелдік журналдар.

Дипломдық жұмыстың құрылысы:

Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымша материалдан тұрады


Бөлім: Педагогика

Добавить комментарий