Шетел тілдерін үйренуде ойын элементтер



Мазмұны

Кіріспе ……………………………………………………………………………………………………..3

1. Шетел тілдерін үйренуде ойын элементтерін пайдалануға жалпы сипаттама

1.1. Ойын элементтерін пайдалану тиімділігі. ……………………………………………4

1.2. Шетел тілін үйретуде ойын элементтерін пайдалану. …………………………..9

1.3. Ойын түрлері – оқыту үрдісінде ………………………………………………………..13

2 Рөлдік ойындар туралы мағлұмат және оны сабақта қолдану

2.1. Рөлдік ойынның маңыздылығы …………………………………………………………16

2.2. Рөлдік ойындардың мүмкіндіктері …………………………………………………… 16

2.3. Рөлдік ойындарға қойылатын талаптар ……………………………………………..17

2.4. Сабақта ойындарды қолдануға қойылатын талаптар ………………………….17

Қорытынды ……………………………………………………………………………………………..23

Қолданылған әдебиеттер тізімі ………………………………………………………………..25

Кіріспе

Жұмыстың өзектілігі. Қазақстан – бүгінгі таңда өз алдына дербес мемлекет. Егемен ел ретінде шет елдермен қарым-қатынасы нығайып, беделі артып келеді. Бұл шетел тілін оқытуды, жақсартуды талап етеді. Ал оқытуды жақсарту дегеніміз, меніңше, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ояту.

Шетел тілін менгертуде қиыншылыктар кездесетіні рас. Соның бірі – мәтін мазмұнын баяндап беру. Оқушының тілді толық дәрежеде меңгеруі үшін, оның сол тілге деген қызығушылығын арттыруы қажет.

Сабақ немесе сабақтан тыс жұмыстарда үйретуші ойындарды пайдаланудың әдістемелік маңызы зор. Ойын арқылы баланың есте сақтау және ойлау қабілеттерін дамытуға болады. Ойын оқушыларды сөйлеуге психологиялық жағынан дайындап тіл материалын бірнеше рет қайталауға мүмкіндік береді және керекті сөз біріктелерін таңдауға жаттықтырады.

Қазіргі заманның оқушысының дүниетанымы кең, жан-жақты жетілген, өмірлік белсенді ұстанымы бар азамат болуы тиіс. Сондықтан оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеті мен белсенді ой еңбегін дамытуды ұйымдастыру оқу үрдісіне жаңа құралдар мен әдіс тәсілдерді енгізуді қажет етеді. Ағылшын тілі пәні сабағында оқушының тілді дұрыс меңгеруі үшін әртүрлі ойындарды қолдануға болады. Осы ойынның негізінде оқушылардың ой-өрісін кеңейту, өзіндік пікірін қорғауға, сөйлеу тілінің дамуына ықпал ету мақсаты көзделеді. Шетел тілінде сөйлеуді, қарым қатынас жасауды, коммуникацияға үйретуді ниет еткен әрбір мұғалім өз сабақтарында жаттығулардың бір түрі ретінде ойындарды қолданатыны сөзсіз.

Жұмысты жазуда мерзімдік басылымдар және еліміздің, ресейлік авторладың еңбектері пайдаланды.

Жұмыс кіріспе бөлімінен, екі тараудан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.


Бөлім: Педагогика

Добавить комментарий