Шетел студенттерінің қытай тілін үйренуде туғызатын мәселелер



М А З М Ұ Н Ы

КІРІСПЕ…………………………………………………………………………………………….4-5

І — ТАРАУ Шетел студенттерінің қытай тілін үйренуде пайда болатын мәселелердің теориялық негіздері…………………………………………………….6-23

1.1Жоғары оқу орындарында шетел тілін үйренудің теориялық негіздері……………………………………………………………………………………………..6-11

1.2 Оқу барысында студент тұлғасының даму ерекшеліктері және

шетел тілін үйренуде пайда болатын қиындықтардың жалпы сипаттамасы……………………………………………………………………………………..12-23

ІІ-ТАРАУ Шетел студенттерінің қытай тілін үйренуде туындайтын мәселелерді алдын-алу және түзету әдістемесі…………………………………………………………………………………………..24-64

2.1 Шетел студенттеріне қытай тілін үйрету технологиясы……….24-33

2.2 Шетел студент тұлғасын зерттеу әдістемелерін оларға

қытай тілін үйретуді көмекші тәсіл ретінде пайдалану…………………..34-64

Қорытынды………………………………………………………………………………………65-66

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі……………………………………………………..67-68

Қосымша……………………………………………………………………………………………69-74

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында «Білім беру мазмұны шетел тілін және информатика негіздерін ертерек оқытумен толықтырылатын болады»- деп қарастырылған. Дарынды, білімді жастар ғана егеменді еліміздің ертеңін баянды етіп, қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қоса алады. Сондықтан студентттер оқытушы берген білімді, іс-әрекет тәсілдері мен бағалау өлшемдерін қамтитын қоғамдық және ұжымдық тәжірибе тағылымдарын игеріп қана қоймай, оны әрі қарай өзінің белсенді, нысаналы, зерделі танымдық іс-әрекетімен сабақтастыруға тиіс. Сондай-ақ ЖОО-да шетел тіліне баулу мәселесі кеңінен қолға алынғанын көрсетеді.

Қоғамымыздың қазіргі даму кезеңіндегі басты мәселелердің бірі – студенттерді шетел тіліне оқыту. Шетел тілдерін оқу пәні ретінде оқыту кеңестік кезеңнен бастап алғанымен негізінен орта мектепте жүзеге асырылған. Осы бағытта көптеген педагог- ғалымдардың еңбектері (Пассов Е.И., Старков А.П., Комков И.В., Гез Н.И., Рогова Г.В., Рахманов И.В., Маркова Т.В. т.б.) жарық көрді [1]. Олардың негізгі мазмұны мектепте шетел тілдерін оқытудың мазмұнын анықтау, оқытудың әдістемесін нақтылау, оқытуды жетілдіру, т.б. бағыттарды жүзеге асырды. Сондықтан, біз зерттеу мәселеміздің өзектілігін анықтауда С.И.Архангельский, О.А.Абдуллина, Ф.Н.Гоноболин, Э.А.Гришин, Т.А.Ильина, Н.В.Кузьмина, И.Т.Огородников, В.А.Сластенин, Н.Д.Хмель, А.И.Щербаков [2] және т.б. ғалымдардың ізденіс нәтижелерінің үлкен маңызы бар. Және бұл мәселесімен көптеген отандық ғалымдар (Г.К.Ахметова, Б.А.Әлмуханбетов, У.Н.Нишаналиев, В.И.Гусев, т.б.) шұғылданған [3].

Жоғары оқу орындарында шет тілін оқытудың жалпы мәселелері және оларды жаңалықты енгізуге сәйкес оқыту үдерісі бойынша зерттеу нәтижелері қазақстандық педагог — ғалымдар Б.А.Әбдікәрімов, А.Е.Әбілқасымова, Қ.Бөлеев, К.Ә.Дүйсенбаев, С.М.Кеңесбаев, Ж.К.Оңалбек, Қ.Ералин, М.А.Құдайқұлов, Б.К.Момынбаев, М.С.Молдабекова, О.Сыздықов, А.А.Калюжный, К.М.Беркімбаев, А.З.Тұрсынбаев [4] және т.б. ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапқан.

Біздің зерттеу жұмысымыз үшін шетел тілі мамандарын даярлау еңбектері қызығушылық танытады. Осы бағытта жүргізілген Л.А.Желтоватых, В.М.Поляков, А.Е.Карецкий, И.Н.Верещагина, В.А.Ким, Н.Н.Дьяков, Г.К.Кулжанбекова, Ұ.Т.Нұрманалиева, Е.К.Нұрланбекова, Д.Н.Асанова [5] және т.б. ғалымдардың еңбектерін айтуға боады.

Соңғы уақыттардағы жүргізілген зерттеу жұмыстарының ішінен Ұ.Т.Нұрманалиеваның «Электронды оқулық негізінде шет тілі сабағын өткізуге болашақ мұғалімдерді оқыту әдістемесі» [6] тақырыбы оқытудың жаңа технологиясына сәйкес мұғалімдерді даярлаудың нақты әдістемелік мәселесін қарастырады.

Болашақ шетел тілі мамандардың дайындығын қамтамасыз ету, соңғы жылдары, ЖОО-да үйренуге деген қажеттілігіне байланысты жақсы қолға алына бастады. Сондықтан, біздің зерттеу мәселеміз «Шетелдік студенттердің қытай тілін ұйренудегі туғызатын мәселелер болып табылады». Бұл мәселе біздің зерттеу жұмысымыздың өзектілігін анықтайды.

Зерттеудің мақсаты: Шетел студенттерінің қытай тілін үйренуде туғызатын мәселелерді талдау және оларды алдын-алу жұмыстарын ұсыну.

Зерттеудің нысаны – ЖОО-да шетел студенттерінің қытай тілін үйренудегі туындайтын мәселелер жүйесі.

Зерттеудің пәні – Шетел студенттерінің қытай тілін үйрену үдерісі.

Зерттеудің міндеттері:

— шетел студенттерінің қытай тілін үйренудегі пайда болатын мәселелердің теориялық негіздерін айқындау және мәнін ашып көрсету;

— студент терминын сипаттау;

— оқу әрекетінде студент тұлғасының даму ерекшеліктері және оларда

пайда болатын қиындықтардың жалпы сипаттамасын беру және оларды анықтау;

— шетел студенттерді қытай тілін үйретудің технологиясын ұсыну;

— студент тұлғасын зерттеу әдістемесін шетел студенттерінің қытай тілін меңгеруге көмек беру тәсіл ретінде қолдану.

Зерттеу жұмысының әдіснамалық және теориялық негіздері — табиғат, қоғам, ой дамуының жалпы заңдылықтары; теория мен практиканың диалектикалық бірлігі, жүйелі-құрылымдық қатынас, философиялық және психологиялық-педагогикалық тұжырымдамалар; жеке тұлғаны іс-әрекет арқылы дамыту теориясы; дамыта оқыту теориясы; кәсіби дайындық теориясы.

Зерттеу көздері. Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қаулы-қарарлары; “Білім туралы” заңы, «Білім» бағдарламасы, философтардың, психологтардың, педагогтардың, тілтанушылардың еңбектері; Қазақстан Республикасы орта білім және кәсіптік жоғары білім мемлекеттік стандарттары; жоғары педагогикалық оқу орындарының оқу жоспарлары, бағдарламалары мен оқу-тәрбие үдерісі.

Зерттеу әдістері: зерттеу тақырыбы бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау; мектептер мен жоғары оқу орындарының тәжірибелерін зерделеу, талдап қорыту; оқу-әдістемелік құжаттарды (шетел тілі пәні мұғалімін даярлаудағы оқу жоспарын, оқу бағдарламаларын, оқу құралдарын) талдау; жоғары оқу орны басшыларымен және осы оқу-тәрбие мекемесінің студенттерімен әңгімелесу, сауалнама жүргізу; бақылау

Зерттеудің жетекші идеясы — егер шетел студенттерінің қытай тілін үйрену барысында пайда болатын мәселелерді теориялық және әдістемелік тұрғыда негізделіп зерттесек, онда олардың білім сапасы артады.


Бөлім: Педагогика

Добавить комментарий