Химия пәні сабағында 8 сынып оқушыларын жаңа буын оқу-әдістемелік кешенімен оқыту әдістемесі



МАЗМҰНЫ
Кіріспе………………………………………………………………………………………………
І Тарау. Жаңа оқыту технологиялары және жаңа буын оқу-әдістемелік кешен ұғымдарын ғылыми жағынан негіздеу ……………………………………….
1.1 Жаңа оқыту технологиялары және олардың зерттелу жайы …
1.2 Жаңа буын оқу-әдістемелік кешені және оның зерттелу жайы…
1.2.1 Қазіргі оқыту үрдісінің басты мақсаты жаңа технологияны қолдану болып отыр………………………………………………………………………

1.2.2 Пәнаралық байланысқа негізделген проблемалық оқыту технологиясы……………………………………………………………………………….. ..

1.2.3 Дамыта оқыту технологиясы………………………………………………….

1.2.4 Ұжымдық оқыту технологиясы……………………………………………..

1.2.5 Үшөлшемді әдістемелік жүйе – бұл нәтижеге бағытталған білім берудің педагогикалық технологиясы…………………………………………. Бірінші тараудың қорытындысы……………………………………………………
ІІ Тарау. Педагогикалық технология талаптары және жаңа буын оқулықтарын ұштастырып білім беру әдістемесі……………………………………
2.1. 8-сынып жаңа буын оқулықтарын педагогикалық технология талаптарымен ұштастырып өткізілген сабақтардың әдістемесі…………………….
2.2. Педагогикалық технология талаптарымен ұштастырып оқытуға байланысты өткізілген педагогикалық эксперимент………………………………….
Екінші тараудың қорытындысы…………………………………………………….
Жалпы қорытынды……………………………………………………………………………
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі……………………………………………………..
Қосымшалар…………………………………………………………………………………….

Кіріспе.
Зерттеу жұмысының көкейкестілігі. Қазіргі кезеңде мектептегі білім берудің жаңа тұжырымды идеялары мен даму жолдарына сай оқытуды саралау, бағдарлы оқыту, білім мазмұнын кірістіру, мектеп өмірін ізгілендіру идеяларын іске асыру мәселелері қарқынды жүргізілуде. Осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстардың бірі-Республикамызда төл оқулықтардың жазыла бастауы. Өйткені қоғамның білім беру саласындағы әлеуметтік тапсырысына оқулық негізгі компоненті болып саналатын оқу-әдістемелік кешен жасап, оны оқу процесіне енгізбей тұрып орындау мүмкін емес. Мектеп оқушысы оқулық мазмұнынан тек ақпарат пен дайын білімді алумен ғана шектелмеуі тиіс, ол оқушының қабілеттерін жан-жақты дамытатындай, өз қызығушылықтарын іске асыруға, шығармашылық ойлауын және өмірлік құзіреттіліктерін қалыптастыруға көмектесетіндей болғаны жөн. Сонымен қатар қазіргі мектеп оқулығы педагогикалық тәжірибенің жинақталған ақпараттық моделі ретінде білім мазмұнын іске асыра отырып, оқушылырдың жалпы ақпарат көздерінен алған мәліметтерін бір жүйеге келтіріп, кірістіруге мүмкіндік жасауы қажет. Осы орайда белгілі қазақ ғалым-ағартушылары Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев еңбектерінде оқытудың ғылыми-педагогикалық мәселелері мен оқу процесіне оқулықтарды пайдалану жөнінде келелі ойлар көрініс тапқан. Оқулық мәселелерімен айналысқан көптеген көрнекті зерттеушілер В.Г.Бейлинсон, Д.Д.Зуев, И.Б.Бекбоев, Э.М.Мамбетакунов мектеп оқулықтарының моделін жасау үшін олардың әрбір құрылымдық элементінің қызметін ғылы ми түрде терең функционалды сараптаудан бастауды ұсынған. Ал И.К.Журавлев, В.П.Беспалько және И.Я.Лернер оқулық түзудің дидактикалық негіздері жөнінде кеңінен қарастырылған. Қазақстанда Ж.Қараев бастаған топ оқу-әдістемелік кешеннің құрамы мен оларды әзірлеуге және сараптауға қойылатын дидактикалық талаптар, А.Құсайынов пен Ұ.Асылов оқулық танудың өзекті мәселелері, А.Әбілқасымова жаңа буын оқулықтары қандай болу керек, қазіргі жағдайы және олардың сапасын кешенді бағалау, Қ.Аймағамбетова бастауыш сыныптарда дүниетануды оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері, И.Нұғымнов химия оқу-әдістемелік кешеніндегі химиялық тілдің маңызы, Ж.Шоқыбаев химиядан жоғары мектепке арналған оқу-құралдарының дидактикалық негіздері жөнінде зерттеу жасаған. Оқулық мәселелерін педагогикалық және психологиялық тұрғыдан жан-жақты талдауға бағытталған осы еңбектердің маңызды міндеттерінің бірі – ғылыми-әдістемелік тәжрибені жинақтап, зерттеу жұмыстарын құралдарын жетілдіру болса, мақсаты –оқулықтардың сапасын арттыру әрі педагогикалық практикада оларды пайдалануды жеілдіріру. Оқулықтың оқу процесіндегі орны, маңызы, оны атқаратын қызметтеріне қойылатын талаптар тақырыбы әлемдік педагогикада жүздеген жылдар бойы талқыланып келе жатқаны баршаға белгілі. Мысалы, З.Е.Гельман, В.И.Дайнеко, Л.М.Кузнецова, Д.А. Эпштейн ғылыми зерттеулерінде химия пәніне арналған алғашқы оқулықтарға тоқталған. Олар алғашқы химия оқулықтарының физика оқулығының құрамында болғандығын айта келіп, олардың мазмұны мен құрылымы, жетістіктері мен кемшіліктері жайында сараптаулар жасаған. Осылайша жалпы білім беретін мектеп оқушыларына арналған оқу-әдістемелік кешен әзірлеу мәселелерінің жекелеген аспектілері бірқатар ғылыми-зерттеу жұмыстарының өзегіне айналды. Мысалы, К.Ш. Арынованың «орта мектепте химиядан оқу-әдістемелік кешенді пайдаланудың әдістемелік негіздері» атты кандидаттық диссертациясы Қазақстандағы алғашқы жаңа буын оқу-әдістемелік кешендерін тиімді пайдалану жолдарын іздестіруге арналған. Ол зерттеу жұмысында кеңестік дәуірдегі алғашқы химия оқулықтарының ерекшеліктерін, И.Нұғманов пен Р. Жұмаділованың (1-оқулық) және Н.Нұрахметов бастаған топтың (2-оқулық) 8-9 сыныптарға арналған оқулықтары мен олардың өзгешіліктерін және осы оқулықтарды пайдаланып, жүргізілген эксперемент нәтижелерін қарастырған. Қазір жалпы білім беретін мектептерде пайдаланылып жүрген оқу-әдістемелік кешен мазмұны бекітілген жаңа бағдарламаға сәйкес күрделі өзгеріске ұшырады. Қазақстан мектептерінде еліміз егемендік алғанға дейін тек аударма оқулықтар ғана пайдаланылғандықтан, әрі химия пәнінен мұғалімдерге арналған жекелеген әдістемелік нұсқаулардан басқа құрал әзірленбегендіктен, химия пәнінен оқу-әдістемелік кешен дайындап, оқу процесіне пайдалану мәселелерін зерттеу толық жүргізілмеген. Осы тұрғыдан алғанда қоғамдық талап пен республикадағы оқулық жазу үрдісіне қатысты маңызды мәселелерді анықтау қажеттілігі туындады. Атап айтқанда, біріншіден, оқулық тек оқушы үшін ғана ұсынылатын құрал емес, ол бүкіл қоғамның айнасы ретінде оның өркениетін қамтамасыз ететін білімнің қайнар көзі. Оқулықта әлемдік тәжірибе мен ұлттық ерекшелік тоғыстырылуы тиіс. Бұл мәселеге Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев жыл сайынғы жолдауында тоқталып, еліміз бәсекеге қабілетті алдыңғы қатардағы 50 елдің қатарына кіру стратегиясын іске асыруы үшін білім беру саласына жүктелетін маңызды міндеттердің бірі – жаңа буын оқу-әдістемелік кешеннің сапасын жақсартып, оны оқу процесінде тиімді пайдалануды жүзеге асыру екндігін атап көрсеткен. Осы орайда Білім және ғылым министрлігінің республикалық «Оқулық» ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен жаңа буын оқулықтарының сапасын арттыру мақсатында кешенді ғылыми-әдістемелік зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Зерттеулер мен сынақтар нәтижесінде кейбір пән оқулықтарының әлі де сын көтермей тұрғаны анықталып отыр. Екіншіден, химиядан төл оқу-әдістемелік кешен түзудің ғылыми неғізделген теоиясы жазылмаған. Осыған дейінгі тәжірибеде тек қазақ тілі мен әдебиеті, тарих пәндерінің ғана оқулықтарын республика ғалымдары жазды да, басқа пән оқулықтары Ресейден шығарылған түпнұсқаның аудармасы түрінде қолданылды. Бұл оқулықтар орталықтың типтік бағдарламасын басшылыққа алып жазылғандықтан, ғылыми жүйесінде, мазмұндық сипатында аймақтық және ұлттық ерекшеліктер ескерілмеген. Мысалы, химия оқулығында жергілікті табиғи шикізаттың кездесетін орны және оны өңдейтін кәсіпорындар жөнінде ешқандай мағлұмат берілмейтін. Тіпті экологиялық мәселе сөз болғанда, мүлде басқа бір елдегі экологиялық апат жөнінде баяндалатын. Ал, еліміздегі қоршаған ортаның химиялық сипаты және берілген химиялық білімді іс жүзінде пайдалану сияқты мәселелер ескерусіз қалып, жәй теориялық білім беріліп келген еді. Үшіншіден, жаңа буын оқу-әдістемелік кешен оқу процесінде кешенді пайдаланылғанда осы пәнді оқытудың бағдарламасында белгіленген білім біру, тәрбиелеу міндеттерін, оқушылардың жеке дамуын неғұрлым толық іске асыруға көмектесетіні белгілі. Бірақ, әртүрлі себептермен оқу-әдістемелік кешеннің толық пайдаланылмауы білім сапасына кері әсерін тигізуде. Осылайша, оқушылардың білім сапасын және химия пәніне қызығушылығын арттырып, өмірлік дағдысын қалыптастыруға қойылатын талаптар мен оқу-әдістемелік кешеннің тиімді қолданылуы арасында қайшылық туындады. Осы жағдайлар химия пәні оқу-әдістемелік кешенінің мазмұнын жетілдіре отырып, оның сабақта пайдаланылуын әдістемелік тұрғыдан қайта қарауды талап етеді. Осы қайшылықты шешу қажеттілігі біздің зерттеу жұмысымыздың өзектілігін анықтайды және оның тақырыбын «Химия пәні сабағында 8-сынып оқушыларын жаңа буын оқу-әдістемелік кешенімен оқыту әдістемесі» деп таңдауымызға негіз болды.
Зерттеудің мақсаты – химия курсы бойынша жаңа буын оқу-әдістемелік кешенінің мазмұнын анықтау және оны қолданудың әдістемесін жасау.
Зерттеу міндеттері:
1. Химия курсы бойынша 8-сыныптың жаңа буын оқу-әдістемелік кешенінің мазмұнын анықтап, оны жүйелеудің ұстанымдары мен критерийлерін саралау. 2. Оқу процесінде оқытудың күтілетін нәтижелеріне жетуге мүмкіндік беретін құрал ретінде химия пәнінің жаңа буын оқу-әдістемелік кешенін дайындау. 3. Химия сабақтарын жаңа буын оқу-әдістемелік кешенімен оқытудың әдістемесін жасау. 4. Жаңа буын оқу-әдістемелік кешенінің оқу процесіндегі тиімділігін педагогикалық эксперимент арқылы тексеру.
Зерттеу нысаны – жалпы білім беретін мектепте химияны 8-сыныпта оқыту процесі.
Зерттеу пәні: химия курсы бойынша 8-сыныптағы жаңа буын оқу-әдістемелік кешенінің мазмұны және оны пайдаланудың әдістемесі.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер химия курсы бойынша жаңа буын оқу-әдістемелік кешенінің мазмұнын анықтаудың ұстанымдары мен критерийлері сараланып, осының негізінде әлеуметтік сұранысқа сай әзірленген, оқу материалдары оқушыларға түсінікті болатын кешен дайындалса, және оны сабақта қолданудың ерекшеліктері анықталып, тиімді әдістемесі жасалса, онда мектепте химиядан білім беру сапасы жетілдіріледі. Нәтижесінде оқушылардың химия пәніне таным қызығушылықтары артып, химияның негізгі мәселелерін меңгеруіне, ғылымның қазіргі даму деңгейіне сай дүниетанымын және соған сәйкес өмірлік дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік жасалады.
Зерттеудің әдіснамалық негізі – әлемнің ғылыми бейнесі және таным процесі жайлы философиялық көзқарастар, педагогика мен психологиядағы жеке тұлғаны дамыту туралы, және зерттеу мәселесіне қатысты әлемдік және отандық ғалым-ағартушылардың іргелі еңбектері, білім беру саласына байланысты маңызды құжаттар.
Зерттеудің жетекші идеясы – химия пәнінен жаңа буын оқу-әдістемелік кешенінің мазмұнын анықтап, жүйелеудің ұстанымдары мен критерийлері ғылыми тұрғыда негізделсе, және оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, жетілдірілген жаңа буын оқу-әдістемелік кешен дайындалса, сондай-ақ, оны сабақта тиімді пайдаланудың әдістемесі жасалса ғана жаңа әлемдегі бәсекелестік жағдайында өмір сүретін жас ұрпаққа сапалы білім беріліп, жеткіншектердің ақыл-ой әрекеті дамып, қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайға сәйкес өмірлік дағды қалыптасады.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы: 1. Химия курсы бойынша жаңа буын оқу-әдістемелік кешенінің мазмұнын анықтаудың ұстанымдары мен жүйелеудің критерийлерінің саралануы. 2. Химияны оқытудың негізгі мақсаттарын іске асыруда осы жастағы оқушылар үшін мазмұны тиімді болатын жаңа буын оқу-әдістемелік кешенінің дайындалуы. 3. Жаңа буын оқу-әдістемелік кешенді сабақта пайдаланудың әдістемесінің жасалуы.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы. Ғылыми зерттеудің негізгі нәтижелері: 1. Химия пәні бойынша оқу-әдістемелік кешенінің мазмұнын анықтап, жүйелеудің басшылыққа алынған ұстанымдары мен критерийларын жаратылыстану тобына кіретін басқа пәндердің оқу-әдістемелік кешенін түзуге қолдануға болады. 2. Дайындалған химия пәнінің жаңа буын оқу-әдістемелік кешенін: химия пәнінен білім беру стандартын, оқу бағдарламасын, оқулықтарды, жұмыс дәптерін, есептер мен жаттығулар жинағын, дидактикалық материалдарды, мұғалімдерге арналған әдістемеліктерді және оларды сабақта пайдаланудың әдістемесін жалпы білім беретін мектептің оқу процесінде қолдануға болады. 3. Химия пәнінің жаңа буын оқу-әдістемелік кешенін және оның негізінде әзірленген әдістемелік нұсқауларды жалпы білім беретін оқу орындары мен мұғалімдерді даярлайтын институттар практикасында қолдануға болады.
Зерттеу нәтижелерінің дұрыстығы мен сенімділігін оның педагогикалық, психологиялық, дидактикалық және әдістемелік ғылымдардың негізгі қағидалары мен ғылыми қорытындыларына қайшы келмейтіндігі және зерттеуде қойылатын міндеттерді шешудің мүмкіндігін растайтын тәжірибелік тексеру жұмыстарының нәтижелері дәлелдейді.
Зерттеу әдістері: 1. Білім беру ісіне қатысты мемлекеттік заңды, арнайы құжаттарды, ел президенті жолдауларын зерделеу. 2. Оқу-тәрбие мәселелері мен оқу-әдістемелік кешен дайындауғақатысты педагогикалық, психологиялық, дидактикалық және әдістемелік әдебиеттерді, сондай-ақ, әр кезеңдегі химия оқулықтарын теориялық, жүйелік және мазмұндық тұрғыдан талдау. 3. Қолданыстағы оқу-әдістемелік кешенді сараптау нәтижелеріне талдау жасау және оны қорытындылау. 4. Мектептегі оқу процесінде тікелей мұғалімдермен және оқушылармен жаңа буын оқу-әдістемелік кешенінің мазмұны және оны пайдалану жөнінде пікірлесіп, сауалнамалар алып, тиімділігін тексеру мақсатында педагогикалық эксперимент жүргізу және оны қорытындылау.
Зерттеу көздері – Қазақстан Республикасының Конституциясы, Білім беру туралы Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің нормативті құжаттары, Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтің «Қазақстан – 2030» атты жолдауы, Қазақстан Республикасының 2005-2010жылдарда білім беруді дамыту бағдарламасы, оқыту процесін, оқулық жасау теориясы мен әдістемесін зерттеген философ, психолог, педагог, социолог, дидакт ғалымдар мен әдіскерлер еңбектері, жалпы білім беретін мектепте химиялық білім беру тұжырымдамасы мен химия пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен және ізденушінің орта мектеп мұғалімі, әдіскер, ғылыми қызметкер, оқу-әдістемелік кешен авторы ретіндегі педагогикалық тәжірибесі.
Қорғауға мыналар ұсынылады: 1. Химия курсы бойынша жаңа буын оқу-әдістемелік кешенінің мазмұнын анықтап, жүйелеудің ұстанымдары мен критерийлері және олардың әдістемелік негіздемесі. 2. Оқушылардың өмірлік дағдыларын қалыптастыратын білім мазмұнына сай әзірленген жаңа буын оқу-әдістемелік кешені. 3. Химия пәніне арналған жаңа буын оқу-әдістемелік кешенін сабақта пайдаланудың әдістемесі.
Зерттеудің сынақтан өткізілуі және тәжірибеге енгізілуі. Зерттеудің негізгі нәтижелері Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ Білім Академиясының жаратылыстану пәндерін оқытудың мазмұны мен әдістемесі лабораториясында (2009-2010), Алматы, Астана қалаларында өткен халықаралық ( «Қазақстан Республикасында жалпы орта білім беруді дамытудың тенденциялары мен мәселелері», 2001, «XXI ғасырдағы білім мен ғылым: болашаққа көзқарас», 2001, «Үшінші мыңжылдықтың оқулығы: жасау, шығару және тарату», 2003. ) және республикалық ( «Қазақ мектебі: бүгінгі жайы және даму болашағы», 2002, «Жаратылыстану ғылымдары әдістемесінің ахуалы және болашағы», 2008. ) ғылыми-практикалық конференцияларда, I-Республикалық педагогикалық оқуларда, Астана қаласы мұғалімдерінің Тамыз кеңестерінде, қалалық және облыстық мұғалімдердің білімі мен біліктілігін жетілдіру курстарында, және педагогикалық кеңестерде баяндалып, талданды. Сондай-ақ, әзірленген жаңа буын оқу-әдістемелік кешені республика көлемінде педагогикалық қауымдастар сраптауынан өткізілді және Қазақстанның мектептеріне пайдаланымға енгізілді.
Зерттеу кезеңдері: I-кезеңде (2008) зерттеу міндеттері мен бағыттарын белгілеу мақсатында қарастырылып отырған мәселенің теория мен практикадағы жағдайы зерделенді, зерттеу тақырыбы анықталды, білім беру тұжырымдамасы, мектеп оқулықтары мен бағдарламаларына талдау жасалып, мазмұны зерттелді, мұғалімдермен және оқушылармен әңгіме жүргізіліп, сауалнама алу арқылы зерттеудің проблемасы, мақсаты, пәні мен міндеттері анықталды. II-кезеңде (2009) зерттеліп отырған мәселе бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық, дидактикалық, әдістемелік еңбектерге және отандық, алыс-жақын шет елдердің оқулық дайындау тәжірибелеріне сүйеніп, сондай-ақ, елімізде пайдаланылып келе жатқан химия оқулықтары мазмұнына талдау жасалып, жалпы білім беретін мектептің химия курсы бойынша жаңа буын оқу-әдістемелік кешенінің мазмұнын анықтаудың ұстанымдары сараланды, байқау оқу-әдістемелік кешені әзірленді. III-кезеңде (2010) зерттеудің тақырыбы мен ғылыми аппараты нақтыланды, жаңа буын оқу-әдістемелік кешенінің мазмұнын анықталып, оны сабақта пайдаланудың әдістемесі жасалды, педагогикалық эксперимент нәтижелеріне байланысты өңдеу, толықтыру жұмыстары жүргізілді, алынған нәтижелер бір жүйеге келтіріліп, қорытындыланды, байқау оқулықтары теориялық және оқу-әдістемелік сараптаулардан, толықтыру-өңдеулерден өткізіліп, оқу процесіне енгізілді, мектеп мұғалімдеріне арналған әдістемелік нұсқаулар әзірленді. Эксперимент жұмыстпарының зерттеу базасы – Астана қаласындағы №37, 48 орта мектептер, Алматы облысы Панфилов ауданындағы орта мектебі және жаңа буын байқау оқулықтары сынақтан өткізілген республикамыздағы 50-ге жуық тірек мектептері. Дипломның құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан және қосымшалардан тұрады. Кіріспеде зерттеу тақырыбының өзектілігі негізделіп, зерттеудің мақсаты, нысаны, пәні, болжамы, міндеттері, әдіснамалық негізі, жетекші идеясы, зерттеу кезеңдері мен әдістері, ғылыми жаңалығы, теориялық және практикалық маңыздылығы, қорғауға ұсынылатын қағидалар мен зерттеу нәтижелері баяндалған. «Оқу-әдістемелік кешенді дайындаудың ғылыми теориялық негіздері» атты бірінші тарауда химиядан оқу-әдістемелік кешен дайындаудың тарихи аспектілері мен дидактикалық шарттары қарастырылып, Қазақстан мектептеріндегі химия пәніне арналған оқу-әдістемелік кешен және оны орта мектепте пайдаланудың жағдайы талданды, және жаңа буын оқу-әдістемелік кешенінің мазмұнын анықтаудың дидактикалық талаптары анықталды. «Химия курсы бойынша жаңа буын оқу-әдістемелік кешенімен оқытудың әдістемесі» атты екінші тарауда химиядан жаңа буын оқу-әдістемелік кешенінің мазмұнын анықтаудың ұстанымдары мен жүйелеудің критерийлері және мәтіндері, мәтіннен тыс бөліктерінің дидактикалық қызметтері сараланып, жаңа буын оқу-әдістемелік кешенінің мақсатына таңдап алынған мазмұнның сәйкестігі нақтыланды, оны тиімді пайдаланудың әдістемесін тексеру мақсатында жүргізілген педагогикалық эксперименттің барысы және оның нәтижелері баяндалды. Қорытындыда зерттеу нәтижелері бойынша жасалған негізгі тұжырымдар берілген. Қосымшада химия пәні мұғалімдері мен оқушыларға арналған сауалнамалар, тест тапсырмалары, дәстүрлі емес сабақ жоспары, 8-сыныпта қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы химия курсы бойынша тақырыптық жоспарлар ұсынылған


Бөлім: Педагогика

Добавить комментарий