Тұлғаның бағдарлары мен қарым-қатынас стратегиялары



Адам индивидуалдылығының көпжақтылығы тек қана кәсіби іс-әрекетте емес, басқа адамдармен қарым-қатынаста көрінеді — реалды, гипотетикалық, күнделікті және конфликтілі. К.Хорнидің ойынша, адам бала кезінен бастап басқа адамдарға деген тұлғалық бағдарлар, 3 негізгі стратегия өндіріп, кейін оларды ұстанады: бұл адамдарға бағытталған қозғалыс, онда басты болып басқалар жағынан махаббат болып табылады, ал қалған мақсаттар оны ақтауға деген қалауға бағыңқы болады; адамдарға қарсы бағытталған қозғалыс, онда “джунгли философиясы” басымдық көрсетеді: өмір бұл тіршілік ету үшін тоқтамайтын күрес, соның ішінде басқа адамдармен; соңғысы, адамдардан қашу,тәуелсіздік пен қол сұғылмаушылық қажеттіліктерімен сипатталады, күрестің әр түрлі көріністерінен бас тартады, бірақ бір сәтте адамның бейімделуіне кедергі келтіреді (19).

Қазіргі кездегі әлеуметтік психологияда өзара әрекеттесу стратегияларын көбінесе қарым-қатынасқа итермелейтін мотивтерге сүйене отырып анықтайды, соның ішінде күнделікті байланыстар ұйымында келесілерді бөліп көрсетеді:

1.Кооперация (жалпы ұтысты максимизациялау мотивы)

2.Индивидуализм (өзіндік ұтысты максимизациялау мотивы)

3.Бәсекелестік (ұтысқа қатысты максимизациялау мотивы)

4.Альтруизм (басқаның ұтысын максимизациялау мотивы)

5.Агрессия (басқаның ұтысын минимизациялау мотивы)

6.Теңдік (ұтыстағы әр түрлілікті минимизациялау мотивы)

Бұл стратегиялар қарым-қатынастың бағытын бағыттайды және жуықтап оның нәтижесін көрсетеді; қарым-қатынас мақсаттары үшін оның қатысушыларының мотивтері бірін-бірі толықтырып тұрса қолайлы болады, ал индивидуализм мен агрессия стратегиялары қолайсыз болады (4).

Конфликт жағдайында оның қатысушыларының мотивтері әр түрлі нәтижелерге әкеп соқтыратын мінез-құлықтың спецификалық стратегияларын анықтайды. Бұл білім аумағында өзіндік және басқалардың (ұжымдық) қызығушылықтарының ара қатынас шамасымен ерекшеленетін,

жарысу, ынтымақтастық,ымыра, қашу және бейімделу сияқты конфликтідегі мінез-құлықтың 5 түрін бөліп көрсеткен К. Томастың классификациясы неғұрлым танымал болып табылады (4).

Конфликтіден қашқалақтау адам өз жоғалтуларының бағасымен басқаның ұтысын минималдылыққа дейін жеткізіп, конфликтіден қашуға ұмтылған жағдайда көрінеді. (“Ешкімнің де қолына түспесін!” — бұл қашқалақтаушы адамның девизі). Қарсыласу-бұл “арқанды тарту” стратегиясы, бұнда әрбір ұтыс жеткіліксіз болып көрінеді, жеңістер көп болса да, қатысушылар жеңіске жетуден құмар болады. Шегінімділік-партнердің мақсатқа жету үшін, кез келген талаптардан бас тарту, бұл құрбандылықтың өз-өзін жоюшы стратегиясы. Ынтымақтастық-бұл бәсекелестіктің мотивын немесе адамдардың әлеуметтік мінез-құлқына сай кооперация мотивын жүзеге асыруға рұқсат ететін стратегия. Ымыра (стратегиялық ұтыс үшін тактикалық шегінім) неғұрлым өнімді стратегия болып табылады, өйткені жоғарыда атап кеткендерден гөрі, конфликтке қатысушылардың жақсы көңіл-күйіне және олардың ары қарайғы қатынастарынының жақсаруына әкеледі. Сонымен қатар жүзеге асыруда ол ең қиыны болып табылады.


Бөлім: Педагогика

Добавить комментарий