Туристік кешендік қызметтерінің негіздері



ЖОСПАР
КІРІСПЕ 3
I бөлім. Туристік қызмет кешенінің сипаттамасы
1.1. Туристік қызметтің мақсаттары 5
1.2 Туристік қызметтің қазіргі кездегі мәселелері 9
ІІ бөлім. Елімізде туристік қызмет даму деңгейлері
2.1. Әлеуметтік туристік қызметтердің нысандарының көрсеткіштері 13
2.2. XXI ғасырдағы туристік қызмет көрсету формалары 16
III бөлім. Туристік қызметті дамыту жолдары
3.1 Туризм саласындағы қызмет көрсету 19
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Зерттеу өзектілігі. Туризм – кешегі жылдары елімізде жанданып келе жатқан салалардың бірі. Бұл сала эволюциялардың әжептәуір пайда әкелетін тармағына айналып келеді. Дегенмен, сыртқы елдерге шығатын туристер елімізде демалушылардан басым болып отыр. Туризм индустриясы мемлекет экономикасында айрықша басты рөлдердің бірін атқарады.
Курстық жұмыстың негізгі тақырыбы туристік кешендік қызметтерінің негіздері. Бұл жұмыс 2 негізгі бөлімнен тұрады.
Бірінші бөлімде туризм кешенінің жалпы сипаттамасына арналған. Екінші бөлімде туристік қызметтің қазіргі кездегі даму деңгейі қамтылған.
XXI ғасырдағы халықаралық туризмнің негізгі тенденцияларын құру Дүниежүзілік туристік ұйымның аналитиктерінің құзіреті болып табылады. Адамның әлем, жер және табиғат туралы көзқарасын, таным көкжиегін кеңейтіп, тұлғаны жан-жақты қалыптастырып XXI ғасырдағы халықаралық туризм туризм көптеген елдердің экономикасының өсіп-өркендеуіне үлес қосып отырғаны белгілі.
Себебі, Дүниежүзілік Туристік Ұйымның есебі бойынша әрбір турист өзінің барған елдерінде кемі мың доллардан астам қаржы жұмсап, көлік пен қонақ үй қызыметінен бастап, тамақ өнеркәісібі мен ауылшаруашылығына дейінгі 32 саланы қосымша жұмыспен қамтамасыз етеді. Сонымен, туризм жаңа орындарын ашып, халықты жұмыспен қамытуға, шағын және орта бизнесті дамытуға, бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайтуға және туристік инфрақұрылымды ұйымдастыруға игі ықпалын тигізеді. Туризм өз кезегінде әлемдік шаруашылықтың ең қарқынды және өз шығынын өзі өтей алатын түрі болып саналады. Франция, Испания, Грекия, Түркия, Венгрия және Египет елдерінде туризм мемлекет бюджетіне өте үлкен кіріс кіргізетін негізгі экономиканың саласы болып табылады.
Дүниежүзілік туристік Ұйымның деректері бойынша XXI ғасырдағы халықаралық туризм әлемдегі жалпы ұлттық өнімнің оннан бір бөлігін, халықаралық инвестицияның 11% астамын, әлемдік өндірістің әрбір 9-шы жұмыс орнын қамтамасыз етеді. Туризм әлемдік экономиканың алдыңғы қатарлы және жедел қарқынмен дамып келе жатқан салаларының бірі. Бүкіл әлемдік туристік ұйымның болжамы бойынша ХХI ғасырда туристік индустрияның өсуі артады және 2020 жылы әлемдегі туристік саяхаттар 1,6 миллион бірлік құрайды.Әлемдік экономикаға ( қызмет көрсетудің жалпы өндірісі ) қосқан үлесі 3,5 трлн долл. 2006ж бағаланады.Көптеген елдерде туризм экономиканың маңызды салаларына (көлік және қатынас, құрылыс, ауылшаруашылық, халық тұтынатын тауарлар өндірісі т.б) зор ықпал етеді. Бұдан туризмның өзіне бірнеше факторлар әсерін тигізеді: демографиялық, табиғи-географиялық, әлеуметті-экономикалық, тарихи, діни және саяси-құқықтық.Мемлекеттердің туризмнан түскен жалпы табысы 455 млрд.долларды құрады, соның ішінде, АҚШ 75 млрд.доллар алды, 2502 доллар-Испания, 31 млрд.доллар-Италия және 24 млрд.доллар-Франция.

Қазіргі туризм еңбекшілердің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына шығуымен байланысты болды, мұның өзі адамның демалуға және бос уақытын өткізуге негізгі құқығын тану болып табылады. Ол жеке тұлғаны және халықтар арасындағы өзара түсіністікті дамытудың факторына айналды. Әлемдегі туризмнің дамуына ғылыми-техникалық прогресс,тұрғындардың өмірлік жағдайын жақсарту, бос уақытты, демалыстарды көбейту, экономикалық және саяси тұрақтылық тағы басқа да факторлар әсерін тигізеді.
Зерттеу жұмысының мақсаты. XXI ғасырдағы халықаралық туризмнің негізгі даму бағыттарын, даму болжамдарын, қоршаған ортаға әсерін, болашақтағы фирмалар қызметін, олардың ұсынатын қызметтерін бағалау.
Зерттеу жұмысының міндеті. XXI ғасырдағы халықаралық туризмді ұйымдастырудың теориялық аспектілерін ашып, даму тенденциясына талдау жасау.
Зерттеудің құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.


Бөлім: Педагогика

Добавить комментарий