Сын есім



МАЗМҰНЫ

Кіріспе………………………………………………………………………………………………..

І-тарау. Сын есім сөздерінің теориялық негіздері…………………………..

1.1. Сын есім сөздерінің ғылыми зерттелуі………………………………………

1.2. Сын есім сөздердің теориялық негіздері……………………………………..

1.3. Сын есім сөздерін оқытудың зерттелуі……………………………………….

1.4. Сын есімді оқытудағы іс-тәжірбиелер………………………………………..

ІІ-тарау. Сын есім сөздерді оқыту әдістері……………………………………….

2.1. Мектеп бағдарламасында сын есім сөздердің берілуі…………………

2.2. Сын есімді оқытуда дидактикалық материалдарды қолдану жолдары …………………………………………………………………………………………..

2.3. Сын есім сөздерін оқыту арқылы тіл дамыту әдістері……………..

2.4. Сын есім сөздерін оқыту барысы………………………………………………

Қорытынды…………………………………………………………………………………….

Пайдаланылған әдебиеттер…………………………………………………………….

К І Р І С П Е

Есімдер деп аталатын сөздердің ішіндегі зат есімнен кейінгі есесі де, еншісі де мол сөз табы – сын есім. Сын есім – заттың сапасын, сипатын, қасиетін, көлемін, салмағын, т.сін және басөа сол сияқты сыр-сипаттарын білдіретін лексика-грамматикалық сөз табы.

Қазақ тілінің жетілдіріліген бағдарламасына сай оқулыққа жаңадан енгізілген тақырыптың бірі – сын есім. Осы бағдарлама талабы бойынша сын есім толығымен 6-сыныпта өтіледі.

Сөз таптарының сыр сипатын ашпастан бұрын, ең алдымен қазақ тілі лексикологиясындағы сөздердің мағыналық, морфологиялық белгілеріне қарай үш топқа бөлінетінен мәлімет беріледі.

Сөз табының лексика-грамматикалық белгілерін дұрыс аңғарту үшін, мұғалім тілдің семантикалық, морфологиялық және синтаксистік үш белгісі бірдей қарастырылады. Осы үш түрлі принципті бірдей қамтып, оларды түгелдей ескеріп отырған жағдайда ғана әр сөз табындағы мағына мен форма нақты ашылып, сөз табының бөліну принципі дұрыс аңғартылады. Осындай үш түрлі принципті басшылыққа алғанмен, бұлар сөздердің бәрінен бірдей табыла бермейді.

Сын есімдер де зат есім сияқты жеке сөз табы болып танылуында сөздерді топтастырудағы үш түрлі принципке толық сәйкес келеді. Сын есімдердің үш принципке сай ерекшеліктерінің болуымен қатар, бұлардың одан д басқа өзіндік сипаты бар екендігі мысалдар талдауда нақтыланады. Сондықтан да сөз таптарының ішінде сын есімдердің алатын орны зор екендігі жұмыстың өзектілігін көрсетеді.

Жұмыстың зерттеу нысаны – мектептердегі сын есімді оқыту болып табылады.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Қазақ тілін оқыту әдістемесіндегі сын есімді оқытуға қатысты зерделенген жайлардың теориялық-әдістемелік ізденістеріне сүйене отырып, сын есімді жан-жақты оқыту жұмыстың негізгі мақсаты болып табылады.

Осы мақсатты жүзеге асыру үшін төмендегідей міндеттер қойылды:

 сын есім сөздердің зерттелуін және теориялық негіздерін ашу;

 сын есімді оқыту жолдары мен оқытудағы іс-тәжірибелерді саралау;

 сын есімнің бағдарламада берілуін ашып көрсету;

 сын есімді оқытуда дидактикалық материалдарды қолдануды ашып көрсету;

 сын есім сөздерін оқыту арқылы тіл дамыту әдістерін айқындау.

Зерттеудің әдістанымдық негізі. Қазақ тіліндегі сын есімді оқытуға қатысты ғылыми-әдістемелік зерттеулер жұмысымызға әдіс-танымдық негіз болды.

Зерттеу әдістері. Зерттеу жұмысының міндеттеріне сәйкес баяндау, жинақтау, қорыту, талдау, іс-тәжірибе әдістері қолданылды.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспе, екі тарау, қорытынды, падаланылған библиографиядан тұрады


Бөлім: Педагогика

Добавить комментарий