Сауат ашу



Мазмұны

Кіріспе ……………………………………………………………………3

1. Сауат ашу кезеңінде жүргізілетін тіл дамыту жұмысының ғылыми негіздері.

1.1. Сауат ашу кезеңі ………………………………………………………………………………. 8

1.2. Мәтін бойынша тіл дамыту жұмыстары……………………………………….14

1.3. Жазылым арқылы тіл дамыту жолдары……………………………………………….28

1.4. Тілді дамыта оқыту……………………………………………………………………………34

ІІ. Тіл дамыту және оқыту әдістемесі

2.1. Оқушылардың маңызы мен мақсаты және принциптері……………………….42

2.2. Сауат ашу әдісі туралы ұғым. ……………………………………………………………55

2.3. Сауат ашу кезеңінде пайданылатын көрнекі құралдар………………………..69

2.4. Тәжірибелік бөлімнен сауат ашу кезеңінде баланың тілі мен ойын дамыту…………………………………………………………………………………………….74

Қорытынды …………………………………………………………………………………………….86

Қолданылған әдебиеттер ………………………………………………………………………..89

Қосымша

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан республикасының тәуелсіз елге айналып, әлемдік өркениеттін дәстүрлі мұрасымен қауырт даму жолына түсуі, қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болуы халыққа білім беру жүйесінде, оның ішінде бастауыш және орта мектептегі оқу — тәрбие процесіне қойылатын талаптарды күрделендіре түсті. Қазіргі жалпы білім беретін мектеп жан – жақты дамыған.

Әрбір жеке тұлғаның бойындағы жетістіктің де олқылықтың да негізі бала кезде, оның ішінде бастауыш мектепте берілетін білім мен дағдыға байланысты болатыны белгілі.

Жоғарыда аталған әр кезеңді, аталған әрбір оқиғаны баланың даму, жеке тұлға ретінде қалыптасужолындағы «шағын секірістерге» балайтын ғалым, әсіресе, алғашқы сөйлеу дағдысын меңгеру мен мектеп табалдырығын аттау оқиғаларына ерекше маңыз береді.

«Адам ата – анасынан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе дүниедегі жақсы, жаманды таниды – дағы, Сондайдан білген, көргені көп болған адам білімді болады» — деген ұлы Абай өсиеті мен ұлының алғаш сөйлеген күнін оның рухани туған күні ретінде атап өткісі келген белгілі неміс педагогы И. Г. Фихтенің пікірі де жеке тұлғаның қалыптасуы мәселесін арнайы зерттеген Л. С. Выготскийдің жоғарыдағы ғылыми тұжырымдарымен үндесіп жатыр.

Осы тұрғыдан баланың «мектеп есігін ашқан кезеңінде» оның қолына қалам ұстатып, сауатын ашудың ең күрделі әрі жауапты жұмыс екені белгілі. Ал осы жастағы оқушылардың тілін дамыту мәселесінің одан да маңызды жұмыс екендігі талас туғызбаса керек.

Тіл дамыту жұмысын мектептерде белгілі бір жүйемен жүргізу қажеттілігіне, балалардың ойын ауызша, жазбаша білдіруге үйретудің маңыздылығына ағарту ісінің көптеген қайраткерлері (Ф.И. Буслаев, К. Д. Ушинский, Н.А. Корф. және т.б.) аса мән берген.

Тіл дамыту жұмысының теориялық және практикалық мәселелерін атақты әдіскерлер (К.Б. Бархин, Н.М.Соколев, М.А.Рыбникова, Е.И. Тихеева және т.б.) өз зерттеу еңбектерінің арқауы етті.

Мысалы, оқушылар белгілі бір объектіге экскурсияға барып келгеннен кейін Тіл дамыту проблемасы белгілі психологтар П.П. Блонский, С.А. Рубенштейн, Б.Г.Ананьев, Н.И.Жинкин және т.б. еңбектерінде қарастырды.

Қазақ бастауыш мектептерде оқыту ісінің негізін қалаған ағартушы ғалымдар (Ы. Алтынсарин, А. Байтұрсынұлы және т.б.) әдістемелік еңбектерінде оқушылардың сауат ашу кезеңінде сөздік қоры мен сөйлеу дағдысын қалыптастыруға баса назар аударды. Сауат ашу кезеңіндегі оқушылардың ойлау және сөйлеу қабілеттерін дамыту мәселелері Т. Шонанұлының, Ж. Аймауытовтың, М. Жұмабаевтың еңбектерінде қозғалды.

Кейінірек қазақ тілін оқыту әдістемесін зерттеушілер Қ. Жұманов,

Ғ. Бегалиев, С. Жиенбаев, Ш. Сарыбаев, И. Ұйықбаев т.б. сауат ашу кезеңіндегі тіл дамыту жұмыстары әдістемесін арнайы зерттеу объектісі ретінде талдамаса да, өз еңбектерінде бұл мәселеге тоқталып өтті.

Мектепке дейінгі жастағы балалар мен бастауыш сынып оқушыларының тілін дамыту мәселелері м. Жұбанова, С Рахметова, К. Бозжанова, Б. Баймұратова, Р. Әміров, Т. Әбдікәрімова, Г. Уәйісова т.б. ғылыми — әдістемелік еңбектерде арнайы зерттелінді. Әдіскер ғалым М. Жұбанованың «мектепте сауат ашудың методикасы» тақырыптағы зерттеу жұмысының жүргізілгеніне отыз жылдан аса уақыт өтті. Сол уақыттан бері өмірдің сұранысының да оқу – тәрбие жұмыстарымазмұнының да біршама өзгергенін есептемегеннің өзінде, бұл еңбекте сауат ашу кезеңінде жүргізілетін тіл дамыту әдістемесін арнайы зерттеу мақсаты алға қойылмаған. Ал бастауыш мектепте тіл дамыту әдістемесінің ауқымды мәселелерін зерттеуге арналған профессор С. Рахметованың еңбегінде сауат ашу кезеңіндегі тіл дамыту жұмысына егжей – тегжейлі талдау жасауға мүмкіндік болмааны белгілі.

Сондықтан бүгінгі таңда бастауыш мектеп оқыту жүйесінде мынадай қайшылықтар бар екені анық байқалады:

— Қазақстан Республикасының жаңадан қабылдаған «Бастауыш білім беру тұжырымдамасына» сәйкес бастауыш сыныпта меңгерілген білім, білік, дағдылардың деңгейіне қойылатын мемлекеттік стандарт талабы мен бұрынғы оқу бағдарламаның арасында;

— Сауат ашу кезеңінде оқушының тілін дамыту жұмыстарын тиімді әдістемемен қамтамасыз ету қажеттілігі мен оның іс жүзілік тұрғыда жасалмауы арасында;

Бұл қайшылықтардың шешімін іздестіріп табу біздің зерттеу тақырыбымызды айқындап берсе, жоғарыда айтылған мәселелер дипломдық жұмыс тақырыбы «Қазақ тілі сабақтарында тіл дамыту жұмыстарын ұйымдастыру» деп таңдауыма негіз болды.

Зерттеу объектісі — бастауыш мектеп оқушыларының тіл дамыту процесі.

Зерттеу бұйымы – сауат ашу кезеңіндегі тіл дамыту әдістемесі.

Зерттеу мақсаты – сауат ашу кезеңіндегі тіл дамыту жұмысының әдістемесін ғылыми тұрғыдан негіздеп жасау және оның тиімділігін анықтау.

Зерттеу болжамы – Сауат ашу барысындағы тіл дамыту әдістемесі оңтайлы жасалса, онда оқушының дүниетанымын кеңейтумен бірге оз ойларын жүйелі түрде баяндауға, байланыстырып сөйлеу дағдыларын берік қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Зерттеу міндеттері:

— сауат ашу барысында жүргізілетін тіл дамыту жұмыстық көлемін, мазмұнын, жүйесін анықтау.

— Озат мұғалімдер тәжірибелерін зерттеп, қолданылып жүрген тиімді әдіс – тәсілдерді саралап, жинақтау;

— Сауат ашу кезеңінде тіл дамыту жұмыстары жүргізілудің ғылыми негізделген әдіс – тәсілдер жүйесін жасап, оны тәжірибеде қолдану;

Зерттеудің әдіснамалық негіздері: Ұлы философтар мен психо – лингвист ғалымдардың ойлау мен сөйлеудің өзара тығыз байланыста дамитындығы туралы, сондай –ақ тілдің және қарым-қатынастағы рөлі жайлы қағидалары.

Зерттеу әдістері: теориялық әдіс, баяндау әдісі, статистикалық әдіс, тексеру әдісі, оқушының іс-әрекет нәтижелерін талдау әдісі.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:

— сауат ашу барысында жүргізілетін тіл дамыту жұмыстарының көлемі, мазмұны және жүйесі теориялық түрде негізделді;

— тіл дамыту үшін жаттығу үлгілері мен ойын түрлері сұрыпталып енгізілді;

— тіл дамыту жұмысын жүргізудің тиімді әдістемесі ұсынылды.

Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:

— Сауат ашу кезеңінде жүргізілетін тіл дамыту жұмыстары бастауыш сынып оқушыларының сөздік қоры мен сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға негізделетіндігі;

— Оқушылардың тілін дамытуға бағытталған жұмыстар сауат ашу барысының өн бойында, негізгі үйретілетін материалдармен тығыз байланыстырыла жүргізілгенде ғана нәтижелі болатындығы ;

— Сауат ашу кезеңінің әр сатысында оқушылардың тілін дамыту жұмыстарының басты бағыт – бағдары да, соған сай жүргізілетін жұмыстар мен оның әдіс-тәсілдері де өзгеріп отыратындығы.

Дипломдық жұмысының құрылымы:

Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан әдебиеттер тізімінен тұрады.

Кіріспеде зерттеуінің көкейкестілігі, объектісі, пәні, мақсаты, міндеттері, зерттеу әдістері, болжамы, әдіснамалық, ғылыми жаңалығы негіздері анықталып баяндалады.

«Сауат ашу кезеңінде жүргізілген тіл дамыту жұмысының ғылыми негіздері» атты бірінші тарауда өз тақырыптағы ішінара қатысты бұрын – сонды жарық көрген еңбектегі ғылыми тұжырымдар мен пікірлер және бастауыш сыныптағы озат тәжірибелі мұғалімнің тіл дамыту әдістемесіне талдау жасалды. Тіл дамыту жұмысын жүргізудің педагогикалық және лингвистикалық астарлары сараланды.

«Сауат ашу және тіл дамыту әдістемесі» деп аталатын тарауда сауат ашу кезеңінде жүргізілетін тіл дамыту жұмыстық көлемі, мазмұны, жүйесі, жүргізу әдіс – тәсілдері.

«Педагогикалық тәжірибенің нәтижелері» атты тарауда өзімнің практикалық іс – тәжірибемнен, озат мұғалімнің тәжірибесінен және қолданылған көрнекіліктер.

Қорытынды бөлімді теориялық және тәжірибелік жұмыстардың нәтижесіне негізделген тұжырымдар мен ұсыныстар.

«Қорытынды бөлімде» теориялық және тәжірибелік жұмыстардың нәтижелеріне негізделген тұжырымдар мен ұсыныстар нақтылы түрде көрсетілді


Бөлім: Педагогика

Добавить комментарий